Мұғалім тәжірибесіндегі рефлексиялық практика



Дата17.06.2023
өлшемі15,46 Kb.
#102016

Мұғалім тәжірибесіндегі рефлексиялық практика.

Рефлексиялық практик ретінде Сіз барлық оқушылардың оқуда барынша жоғары жетістікке жететініне көз жеткізу үшін оқу процесін тұрақты түрде бақылайтын боласыз. 


Мұғалімнің өз тәжірибесін дамыту бойынша рефлексиялық іс-әрекеті келесі тақырыптарды қамтуы мүмкін.


Өзіне сұрақ қою
Өзіңізге сұрақ қоя отырып, Сіз оқытудың әсері мен тиімділігін түсіне аласыз.


Жаңа идеялармен эксперимент жасау
Сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып көру жақсы оқу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынуы мүмкін. Бұл өзгерістер шағын іс-әрекетті өзгерту сияқты қарапайым болуы немесе өзіңіздің бүкіл көзқарасыңызды немесе жоспарыңызды өзгерту сияқты аса маңызды болуы мүмкін.


Әріптестермен бірлесе талқылау
Өз әріптестеріңіздің қолдауына сүйене отырып, Сіз өз ойыңызды бекіте аласыз және әріптестеріңіздің идеялары мен озық тәжірибелерін талқылауға қатыса аласыз.


Оқушылармен талқылау
Оқушылардың кері байланысы мен пікірлерін пайдалану Сізге өз ойларыңыздың оқушыларға бағытталғанына көз жеткізуге көмектеседі. Оқушылармен бірлесе талқылай отырып, Сіз олардың оқуда белсенді болуына мүмкіндік бересіз және оқушылардың дамуын қолдау үшін нені жақсарту керек екендігін түсіне аласыз.


Бақылау және кері байланыс
Әріптестеріңізді бақылау Сізге өз тәжірибеңіз туралы басқалардың пікірін білуге және тәжірибеңізді жақсарту туралы пікірлер мен кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әріптестеріңізді бақылау Сізге өз тәжірибеңізде сынап көруге болатын жаңа идеялар мен тәсілдерді ұсына алады.

Пайдаланылған материалдарға сілтеме:


https://www.cambridge-community.org.uk/professional-development/gswrp/index.html

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет