Микробиология тарихында Рим профессоры



бет45/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Аспирациялық әдіс (Кротов әдісі)деп аталады – бұл ауаның микробтық өлшемін анықтайтын нақтырақ әдіс. Ауаның дақылдандырылуы құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Кротов құралы қоректендіретін Петри табақшасын жауып тұратын плексигластық пластинаның жіңішке тесігінен белгілі ір жылдамдықпен ауаны өткізіп тұрады. Инкубациядан кейін термостатта микробтық өлшеді мына формуламен бойынша анықтайды:
X = a*1000/V
Мұнда а- табақшада өскен колониялар саны; V- құрадлдан өткізілген ауаның көлемі; 1000 – ауаның болу керек көлемі.
Берілген әдістің ерекшелігі микроорганизмдердің белгілі бір мөлшерін 80-90 % аралығында анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар орындалу процестері де оңай әрі уақыт бойынша тиімді келеді.

Билет 43
1. Инфекцияның түрі бойынша жіктелуін әңгімелеңіз.


Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру):

  1. тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел;

  2. осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы.

Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды.

2. Микроорганизмдер қатысуымен фосфор қосылыстарының өзгерістерін талдаңыз.


Фосфор қосылыстарының өзгерістері. Өсімдіктер тіршілігінде азаттан кейін фосфордың маңызы зор. Ол көбінесе топырақта, өсімдіктерде, микроорганизмдер клеткасында, органикалық және органикалық емес қосылыстарда көп кездеседі. Фосфор – клеткадағы ең қажетті элемент. Ол тіршлікті жалғастырушы және тұқым қуалаушылықты анықтаушы нуклеин қышқылдарының құрамында болады. Тірі организмде ол тотыққан, яғни фосфат күйінде болады. Жалпы топырақта фосфордың ұшырауы екі процестен тұратыны мәлім. Оның біріншісі — органикалық фосфордың минерал қосылысқа айналуы да. Екіншісі фосфор қышқыл тұздарының ерімейтін қосылыстан ерігіш күйге көшуі. Фосфордың органикалық формалары түрлі микроорганизмдер көмегімен ыдырайды. Бұл процеске псевдомонос және бациллус туыстарына кіретін бактериялар мен пенициллум, аспергиллус, ризопус, альтернария туысына жататын саңырауқұлақтар және актиномицеттердің бірқатар өкілдері қатысады. Кейде бұл процеске ашытқылардың да қатысатыны бар. Органикалық фосфордың микроорганизмдер көмегімен ыдырауы мына схема бойынша жүреді. Нуклепротеид ® нуклеин ® нуклеин қышқылы®нуклеотид ® фосфор қышқылы. Органикалық фосфор ыдырағанда олардың біраз мөлшері микроорганизмдер клеткасында қалып қояды. Ал қалған бөліктері топырақта кездесетін басқа элементтермен байланысып, өсімдіктерге сіңімсіз күйге айналуы ықтимал. Фосфордың органикалық емес қосылыстары, топырақта ерімейтін кальций фосфаты күйінде ( апатит, оксиапатит, фосфорит) болады. Олар көбінесе реакциясы бейтарап немесе сілтілі топырақта мол кездеседі. Бұл тұздар әрине өсімдіктерге сіңімсіз күйде болады. Бірқатар микроорганизмдер фосфор қышқылының ерімейтін қосылыстарын еритін күйге айналдыра алады. Бұларға түрлі актиномицеттер, саңырауқұлақтар және бактериялар жатады. Органикалық заттар ыдырағанда немесе тыныс алу барысында болған көмір қышқыл газы су бар жерде көмір қышқылына айналады да, ерімейтін фосфаттардың тез еруіне әсерін тигізеді. Бұл процесті мынадай формуламен көрсетуге болады:
Са3(РО4)2 + 2СО4 + 2Н2О ® 2Са НРО4 + Са (НСО3)2
Кейбір жағдайда фосфаттар топырақтағы нитрификацияланушы бактериялардың әсерінен пайда болған азот қышқылының әрекетінен де ерігіш күйге көшеді. Ал фосфордың сінімсіз қосылыстарын ыдырататын топырақ микроорганизмдері де табылады. Бұларды бірінші Р.А. Мелькина тауып, зерттеді. Оны Бациллус мегатериум деп атады. Олар фосфордың күрделі қосылыстарынан өз бойында кездесетін фосфотаза деп аталатын ферменттің көмегімен фосфор қышқылын босата алады екен. Ал мұндай фосфорды өсімдіктер оңай сіңіре алады. Бациллус мегатериум спора түзеді, пішіндері таяқша тәрізді, ұзындығы 2,5-3,5 микрон шамасында. Бастапқы өсу дәуірінде олардың клеткалары жеке болғанымен кейіннен жалғасып, тізбектеле бастайды.
3. Суреттегі бактерия клеткасының құрылысын анықтап, атауларын жазыңыз.



Біріншісінеклетканыңішкіқабырғасы (мембранасы), рибосома, нуклеоплазмажатса, екіншісінеклетканыңқабықшасы, сыртқы қабығы (капсуласы) , шырышқабаты, талшықтары, қылшыктары және кырпыкшелержатады.
Құрылысыжағынаналғанда бактерия клеткасықарапайымдеугеболады. Бірақ оның құрылысыныңкөптеген сыры әлікүнгедейін толық зерттеліпбіткенжоқ. Бұған бастысебеполардың өте ұсақтығы және қоректену, тіршілікетужағдайларынабайланысты, тезөзгеріпотыратындығында. Сондықтан бактерия клеткаларынзерттегенде, оның тіршілікетужағдайларыныңбіршамабірдей және тұрақты болуынқатаңсақтаған жөн. Барлық бактерия клетка қабықшасынан, цитоплазмалықмембранадан және цитоплазмадантұратыныанықталды. Цитоплазмадануклеотидтер, мезосомдар, рибосомдар және зат алмасупроцесікезіндетүзілетінтүрлішезаттарболады.
Клетка қабығы өте маңыздықызметатқаратынкүрделіқұрылысты органоид. Ол шырыштызаттардын тұрады. Бұл шырышқабықшаклетканыңнегізгібөлігінежатпайды. Кейде клеткаға өте төменгінемесежоғары температура әсер еткендепайдаболады да, клетканы құрғап қалудан және басқа да зияндызаттардыңәрекетіненқорғайды. Қанты мол ортадашырышқабықшаларқалыңдап, клетка сыртында капсула түзеді.
Капсула негізінен полисахарид пенполипептидтен тұрады. Кейдеоларда май заттары да табылыпқалады. Осындайшырышқабықшаныңкөбеюіненбарыпзооглеятүзіледі. Сүт өнеркәсібіндемұндай жағдай пайдаболса, сүт тағамдарытезарадабұзылыпкетеді. Мұндайшырыш қабық азот бактерияларда да түзіледі.Клеткақабықшасынтүрліхимиялықзаттармен, ферментпен және ультрадыбыспенбұзуғаболады. Сондацитоплазмалықмембранаменқоршағанцитоплазманыңпішіні шар тәріздіболыпкөрінеді. Сонымен клетка қабықшасы оның белгілібірпішінін, ұстап тұрады және оны қолайсызжағдайларданамансақтайды.
Клетка қабықшасыжалпы клетка құрақ затының 20 процентіне тең. Бактерия клеткасының әр түрлібояулардысіңіріп, боялуыныңөзі де осы клетка қабықшасынабайланысты. СондабоялғанклеткалардыГрам- оң, ал боялмағандарынГрам- теріс деп атайды. Бұл 1884 жылы Дания оқымыстысыГрам ұсынған тәсіл. Клетка қабықшасындабояудысіңіріп, ұстаптұратын зат — глюкопептид – муреин (ацети-глюкон).
Клетка қабықшасынаіргелесцитоплазмалық мембрана орналасқан. Ол липидтердіңекіқабатынан тұрады. Бұл қабаттыңбеттеріерекшебелокпенқапталған. Мембрана клетка құрғақ затының 8-15 процентіналады. Сөйтіпол клеткаға заттардыңтүсуінбақылайды, осмостыққысымдыреттейді. Мембраның ойысуынанбарыпмезосома деп аталатынерекше дене сондаклетканың құрғақ заты мен ферменттерорналасады. Бактерия клеткаларыныңқабықшасыполисахаридтер мен май тектес — липоидтардан тұрады. Кейбірбактерияларқабықшасында хитин деп аталатыназотты зат кездеседі.
Цитоплазма — химиялық құрамы күрделі, түссіз, қоймалжын зат. Оның құрамында белок, май, су, түрлі минерал заттар және ферменттерболады. Жасбактерияларклеткасында цитоплазма бүкілклетканыалыпжатады. Ал өскенклеткалардақуыстар – вакуоляларкөбіректүзіледі. Бактерияларцитоплазмасында басқа да заттар бар : оларгранулиза, гликоген, волшин, күкірт т.б. Бұлардыңішіндегранулиза мен гликоген азотсыззаттар. Оларыдырағанкездетүрліқанттарғаайналады. Ал волшиназотты зат. Егерқоректікортадаорганикалық азот көзі (аспарагин, пептон) мен фосфор қышқылытұздары мол болса, онда бактерия клеткасындавалшинбіразмөлшердежиналады. Бактерияларклеткасында май да біразмөлшердекездеседі, ол клетка құрғақ затының 35-50 % алады.
Билет 44
1. Инфекцияның пайда болып даму факторларын сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет