Минералдар. Тау жыныстары



бет1/9
Дата06.01.2022
өлшемі2,43 Mb.
#15043
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Қабатқа әсер етіп мұнай кен орнын игеру

Орындаған: Ермуханов Е.Н

Тексерген: Хамзина Б.Е

Орал қаласы

2020 жыл

1.Қысымды Бірқалыпты ұстау


Қабат қысымын ұстау жүйесі негізінен кен орнында 60-жылдардың аяғы, 70 - ші жылдардып, басында құрылған. Бастапкы қабатқа су айдау 1967 ж басталып, кенорының өнімді қабаттарына 1,8 млн м3 альбсеноман суы айдалды. 1971 жылы «Ақтау - Жаңаөзен» су құбыры салынған кейін, қабатқа теңіз суын айдау қолданылды. Бұданда басқа, ығыстыру агентіне ілеспе өндірілетін қабат суын пайдаланады. Өзен кен орнында алғашқы қабат температурасын ұстап тұру үшін жэне қабат мұнайының ерекше қасиеті бар болғандықтан, қабатқа ыссы су айдалынады. Қабат температурасының алғашқы мөлшерінің төмендеуі, мұнайдан парафиннің түзілуіне қолайлы жағдай туғызады. Технологиялық қажетті су айдау көлемі қабатты жағдайдағы сұйық өндіруден 1,2 есе болу керек, бірақ су айдаудың анық көлемі өндірілетін сұйықтан 1,1 есе артық. Қабатқа айдаланатын судың көп шығынға ұшырауының жэне тиімді пайдаланбауының негізгі себебі, қабат қысымын ұстау жүйесінің техникалық жағдайының қанағаттанарлықсызынан, яғни магистралдық құбырдың су айдайтын скважинаға дейін жарамсыз болуынан. Қабатқа айдауға пайдаланатын су өте жоғары агрессивтігімен сипатталады. Бұл біріншіден сапалы су дайындалмағанын, екіншіден теңіз суы мен қабат суының араласпайтындығы, яғни, олардың құрамындағы оттегі мен активтік компонентердің жоғары болуынан.

Қабат қысымын ұстау жүйесіне таза су айдауды бақылау төмендегіні көрсетті: 1.Механикалық қосымшалары жоғары мөлшерлі - 11 - ден 62 г/л орташа мөлшері 29 г/л (жобада мөлшері 0.04 г/л), тазаланбаған суды пайдаланғаннан, құрамында механикалық қосымшалардан басқа оттегі болғандықтан қондырғылар (сораптар, жерасты жабдықтары, құбырлар) қарқынды тозып, коррозиялық бүліну болуда. 2. Судың қабатқа айдайтын құрамында жоғары мұнай өнімдерінің мөлшері 0.038- ден 1.44 г/л құрамды, орташа мөлшері 0.45 г/л. Осы мұнай өнімдері айдалатын су мен бірге БШНС (БКНС) - тен басқа, су айдайтын скважиналарға барады. Бұданда басқа бұралқы су көмірсутегі газымен қаныққан, оның судан бөлінуі, жер асты, үсті қондырғылармен жұмыс жасағанда қауіпті жағдай туғызады. Қабатқа айдайтын судың механикалық қоспалардан тазаланбауынан, су айдайтын скважиналардың түбінде шөгінді пайда болып, қабаттың өтімділігіш азайтады және қабылдауын төмендетеді.Осылардың әсерінен су айдайтын скважиналарды қайта қалпына келтіру жүмыстары жүргізіледі. Су айдау қысымының төмен болуы 8.6 - 9.5 МПа, технологиялык қажет Ђ қысымы 10 - 15 МПа болғандықтан айдайтын скважинаның қабылдауы азайып, негізінен төмен өтімді учаскілерінде, тіпті тұрып қалуға дейін барады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет