Мінез,мінездің құрылысы,мінез типологиясы. Мінез,мінездің құрылысы,мінез типологиясы



бет1/7
Дата24.05.2022
өлшемі285,59 Kb.
#35451
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
133571 (копия)

Мінез,мінездің құрылысы,мінез типологиясы.

Мінез,мінездің құрылысы,мінез типологиясы.

Жоспар

Мінез туралы жалпы ұғым

  • Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады.Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар,біртіндеп бекей келе,сол адамның,үйреншікті әдетіне,мінез-құлқының мәнеріне айналады.Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады.Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Мінез – әр адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы.Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.

  • Мінез – әр адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы.Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.

Мінездің физиологиялық негізі

  • Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алған жайт – жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс.Осы орайда, И.П.Павлов сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінез типтерінің мынадай үш түрге бөлінеді.
  • 1. Ойшыл тип – бұл негізінен,сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.
  • 2. Көркем тип – бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы.
  • 3. Орташа тип – мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі басымдық көрсете алмайды.

Мінез бен іс-әрекет

  • Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі және олардың өзара ұштастығы адамның психикалық ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әралуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Түрлі іс-әрекеттердің жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені, адам іс-қимыл үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
  • Мінездің ұнамды касиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар мінезіндегі саналы әрекеттер мен белгілі істі орындауға бағытталған мақсатты көрсетеді. Сөйтіп, ол өзінің әрекетінің жемісін сезіп, өз көзімен көреді, оған рахаттанады, бойындағы күш-қуаты мен қабілетіне деген сенімі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет