Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы



бет11/11
Дата28.04.2022
өлшемі69,11 Kb.
#32634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Патогендік әсері. Ендi таспа құрт ағзаға ішек қабырғаларын ботрияларымен зақымдап, ішек қуысын бітеп механикалық әсер етеді, әсiресе жүйке және қан жүйелерiне әсерi зор. Жиі науқаста витамин В 12 жетіспеушілігінен (гельминт бүкіл денесімен витаминді сіңіреді) зілді қаназдық дамиды.

Диагностикасы. Микроскоп арқылы нәжiстен жұғынды жасап, оның жұмыртқаларын немесе бунақтарын табу.

Алдын алуы. Жеке алдын алу – шикі, жартылай шикі, шикі жаңамұздатылған, термиялық дұрыс өңделмеген балықты және уылдырықты пайдаланбау. Қоғамдық алдын алу - санитарлық ағарту жұмысын жүргiзу. Суды және топырақты ластанудан қорғау, науқастарды анықтау және дегельминтация жүргізу.

Балықшылар мен өзен транспортында iстейтiн қызметкерлердi және өзен жағалауында тұратын тұрғындарды медициналық тексеруден өткiзу. Аулаған балықтарды дифиллоботриоз личинкасымен залалданбағанын тексеру. Балықтардың тұздалуы мен термиялық өңдеу ережесiн сақтау.



БОӨЖ бақылауы: кеңес беру кезінде кері байланыс түрінде. Moodle платформаларында. Сабақта сұрақтар талқыланбайды, бірақ аралық бақылауда жазбаша сұрақ ішінде болады.
БӨЖ тапсырмалары: « Жалпақ құрттар тудыратын аурулар» атты тақырыпқа 3 ситуациялық есептер дайындау . Moodle платформасында
БӨЖ бақылау: екінші аралық бақылауға дейін қорғау. Баға суммативті (бағалау парағы бойынша бағаланады). Студенттер пән бойынша тек 1 БӨЖ тапсырады.





Құрастырушы: оқыт. Шайхымбекова Р.М.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет