Монография «Елтаным баспасы»


Көп мағыналықтың жалғаса туындауы



Pdf көрінісі
бет140/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   193
Көп мағыналықтың жалғаса туындауы. 
Көп мағыналық етістік жəне есім мəнді фразеологизмдерде кездеседі. 
Əсіресе етістік фразеологизмдерде мағына байланысы айқын ажырыты-
лып тұрады. 
Қазақ тілінде тұсау кесер деген фразеологизм бар. Фразеологиялық 
сөздікте екі мағынасы тіркелген: 
1.Жас баланың тұсауын кесерде жасалатын жиын-той. 2.Жастарға 
өнер жолында сəт сапар тілеу мағынасында айтылады деп көрсеткен./
526б/. 
Бұл фразеологизмнің жасалуына этнографиялық тұсау кесу ұғымы 
негіз  болған.  Фразеологизмдегі  көпмағыналықтың  бірте-бірте  даму 
нəтижесі өмірдегі əлеуметтік өзгерістерге қатысты. Жиын-тойдағы ай-
тылатын жақсы тілек мағынасы тереңдей келе, қоғамдық ортадағы бо-
лып жатқан ұқсас жағдайға байланысты сəт сапар тілеу мағынасына 
ұласты.  Ал  қазіргі  кезде  осы  тіркестің  үшінші  мағынасы  пайда  бол-
ды. Қоғам дамуында кейін көрініс беріп жүрген бір жаңа ғимараттты 
немесе  жаңа  құрылған  ресми  ұйымдарды  ашу  салтантатты  түрде 
жұртқа таныстырылатын болды. Міне, осы рəсім тұсау кесер деп атал-
ды жəне тілдік қолданыста жиі айтылатындықтан қалыптасып кетті. 
Аталған соңғы мағына жалғаса туатын көпмағыналықтың бір мысалы. 
О бастағы ситуациядағы ұқсастық пен мағынадағы ішкі байланыс көп 
мағыналықтың тууына себепкер болады. 


187
Мысалы: Көзі ашылу    1. Санасы, сезімі ояну 
 
 
 
 
2. Бір нəрсеге қолы жету 
 
 
 
 
  
 
3. Қиындықтан құтылу 
 
 
 
 
  
 
4. Білім алу 
 
Келтірілген  мысалда  ауыспалы  метафоралық  негізгі  мағына  көзі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет