Моөж пән атауы: «Сапаны басқарудың халықаралық стандарттары» Тақырыбы



бет1/6
Дата02.10.2023
өлшемі101,8 Kb.
#112654
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ә
л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Физика-техникалық факультеті


Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы
МОӨЖ
Пән атауы: «Сапаны басқарудың халықаралық стандарттары»
Тақырыбы: «ИСО 9000 сериялы сапа жүйесінің халықаралық стандарттары. ИСО 9001:2000 Сапа менеджмент жүйесі – Талаптар.»

Орындаған: Ауғанбай С.Қ
Қабылдаған: Әмір.Б.Т

Алматы 2023

Мазмұны:


  1. ИСО 9000 СЕРИЯЛЫ САПА ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ

  2. ИСО 9000 халықаралық стандарттарының ерекшелігі

  3. ИСО стандарттары

  4. ISO 9001:2000 стандарты

  5. ISO 9001:2000 моделі процеске және қызмет көрсетуге


ИСО 9000 СЕРИЯЛЫ САПА ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ
Сапаны басқарудың халықаралық тәжірибесі 1987 жылдың наурызында Стандарттау бойынша Халықаралық ұйым қабылдаған ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар жиынтығында белгіленген. 1994 жылы стандарттардың осы сериясының екінші басылымы шықты, 2000 жылы үшінші стандарттар, 2008 жылы төртінші стандарттар сериясының басылымы қабылданды.
Стандарттау бойынша халықаралық ұйымы стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылады. Халықаралық стандарттарды дайындау ең алдымен, халықаралық сауданы дамытуға, саудадағы техникалық кедергілерді жоюға бағытталады. Сондай-ақ кәсіпорынның сапа жүйесінің стандарттары (9000 сериялы) өндірушілерге деген сенімділікті орнатады, кәсіпорынның іс-әрекеттерін реттеуге, бизнесті әсерлі дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл стандарттың негізгі мәні неде? ИСО-9000 сериялы стандарттары кез келген кәсіпорында қандай да бір деңгейде міндетті орындалатын әрекеттерге бағытталуын қамтитын (келісімшартты талдау, құжаттамаларды енгізу, шығарылатын өнімді бақылау) талаптар жиынтығы болып табылады. Бірақ бұл шаралар жүйесіз, эпизодты түрде жүргізіледі. Ал стандарттар осы әрекеттердің жүйелік негізде, құжатталған процедуралар негізінде орындалуын, нәтижені тіркеуді талап етеді.
Бұл стандарттардың ерекшелігі сәйкестікке ерікті қабылдануы болып табылады, яғни өндіруші ИСО-9000 стандарттарына сәйкес немесе сәйкес емес түрде сапа жүйесін құру туралы шешімді өзі қабылдайды. Мұндай шешімнен кейін сол стандарттардың талаптарын орындау міндетті болып табылады. Көбінесе, кәсіпорын басшысы сапа жүйесін тапсырушы талабына қарай енгізеді, яғни, тапсырыс перспективасы тиімді болып, бірақ келісімшарт жасау шарты сертификатталған сапа жүйесі болып табылса, кәсіпорын стандарттың талаптарын қолданбайды. Ерікті сертификаттау тек қандай да бір талапқа сәйкестікті анықтау үшін қолданылады. Осы мақсаттар үшін ИСО-9000 стандарттары енгізіледі. ИСО-9000 сериялы стандарттарын әрекет ету саласына, жеке меншік формасына, кәсіпорынның көлеміне тәуелсіз кез келген кәсіпорындарға қолдануға болады.
ИСО-9000 талаптары нақты жасалуы керек жұмыстарға негізделеді. Кәсіпорын жұмыстың қалай жасалып, бекітілетінін өзі анықтайды. Сапа бойынша құжатталған процедуралар мен жазбалардың болуы туралы талаптар көбінесе, жұмысты қайтадан жасау керектігін қажет етеді. Стандарттарда тәжірибені, кәсіпорын дәстүрлерін ескеру мүмкіндіктері бойынша жалпы талаптар мен ұсыныстар ғана бар. Мысалы, 6.2.2-п е) ИСО-9001:2000 «мекеме персоналға білім беру, дайындау, оның тәжірибелері мен дағдылары туралы сәйкес жазбаларды жұмыс күйінде ұстауы керек». Кәсіпорын мұндай жазбаларды қызметкерлерінің жеке ісі түрінде, журнал түрінде, кадрлар бөліміндегі карточкалар түрінде пайдалана алады.
Бұл стандарттың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның әмбебаптылығы, яғни барлық іс-әрекет түріне принципті пайдаланылуы болып табылады. ИСО 9000 стандарттары кәсіпорын қандай өнім шығаратынына немесе қандай қызмет көрсететініне тәуелсіз сапа кепілдігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы сәйкес болатын минималды талаптардан тұрады. Егер сапаны басқару жүйесі көрсетілген стандарттар талаптарына сәйкес келсе, онда қазіргі кезде бұл өнімді шығару немесе талап етілген сапада қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге кәсіпорынның қабілеттілігінің дәлелі ретінде қабылданады.
ИСО 9000 халықаралық стандарттарының тағы бір ерекшелігі оның мекеме басшысының сапа үшін жауапкершілік деңгейін бекітуі болып табылады. Кәсіпорын басшылығы сапа аумағындағы саясатты жасауға, сапаны басқару жүйесін дайындау, енгізу және функциялау жұмыстарына жауап береді. Ол нақты анықталып, құжат түрінде рәсімделуі қажет. Басшылықтың міндеттеріне өндірістік, бақылау-өлшеу және сынау құрылғыларына арналған, сондай-ақ компьютерлік техниканы программалық қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарды бөлу және мамандарды іріктеп алу жатады. Басшылық компетенцияның талап етілген деңгейін орнатуы керек және персоналдың біліктілігін көтерудің уақыттылығын қадағалауы қажет. Ұйым басшыларына тауардың нарықтық тұрақтылығына әсер ететін сапа көрсеткіштерін шығару міндеті жүктеледі. Сонымен бірге ұйым басшылары жаңа тауарлар өндірісі немесе тұтынушыларға жаңа қызмет түрін көрсету туралы шешімдерді алдын-ала анықтайтын мақсаттарға жауапты болады. Жаңа тауарларды шығару және жаңа қызмет түрлерін көрсету сапаның жаңа бағдарламасын дайындаумен байланысты, оған ұйым басшылығы жауапты.
ИСО 9000 Халықаралық стандарттары Қазақстанда ҚР СТ ИСО 9000-2001 жеке стандарттар түрінде енгізіледі.
Стандарттардың үшінші басылымында олардың саны айтарлықтай қысқартылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет