Мрнти 14. 01 Doi 10. 48371/peds



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата12.05.2022
өлшемі0,55 Mb.
#34101
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


УДК 378.016 

МРНТИ 14.01 

DOI 10.48371/PEDS.2021.63.4.018 

 

 

МҰҒАЛІМНІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 

ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

Қалиева К.



1

, п.ғ.к., профессор

 

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, 



Алматы, Қазақстане-mail: kalieva.k.m@mail.ru 

Ғабиден Р.

2

, магистрант Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, 



Алматы, Қазақстан, е-mail: rozagabiden8@gmail.com

 

 



Аңдатпа.  Мақалада  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  этнопедагогикалық  даярлау 

тенденциялары 

мен 

ерекшеліктеріне 



талдау 

жасалады; 

болашақ 

мұғалімді 

этнопедагогикалық  даярлау  сапасына  қойылатын  заманауи  талаптар  ашып  көрсетіледі; 

мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне, педагогикалық құзіреттілік құрылымына талдау 

жасалып, болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тиімділігіне әсер ететін басқарушылық 

құзыреттіліктер анықталады. 

Болашақ  мұғалімнің  басқарушылық  құзіреттілігін  қалыптастырудың  тиімділігі 

жөнінде тұжырым жасалады: яғни оның тиімділігі бір жағынан, оқу пәндерінің мазмұнын 

педагогикалық  менеджмент  мәселелерімен  толықтыру,  сондай-ақ  басқару  іс-әрекетінің 

теориясы және тәжірибесімен кеңейту; екінші жағынан, болашақ мұғалімдерді тәжірибелік-

бағдарлы іс-әрекетке мақсатты түрде тартумен анықталады. 

Авторлар  көрсетуінде,  болашақ  мұғалімнің  басқарушылық  құзіреттілігін 

қалыптастыру жоғары оқу орындарындағы маманды кәсіби этнопедагогикалық даярлаудың 

құрамдас бөлігі болып табылады.  



Тірек  сөздер:

 

болашақ  мұғалімнің  кәсіби  этнопедагогикалық  даярлығы,  басқару, 



педагогикалық құзыреттілік, басқарушылық құзыреттілік, басқарушылық іс-әрекет, кәсіби 

іс-әрекет, педагогикалық менеджмент, мұғалім-менеджер. 

 

Кіріспе 

Білім  беру  жүйесінің  сұраныстары,  қоғамдық  даму  логикасы, 

педагогиканың қазіргі заманғы жағдайы педагогтың  кәсіби шеберлігі мен іс-

әрекетінің нәтижелілігін қайта зерделеу қажеттілігін тудырды. Бұл білім беру 

жүйесінің үлгілерін қайта қарастыру,  кәсіби құзыреттілік мәселелерін зерттеу, 

педагог  іс-әрекетіне    қатысты  негізгі  талаптарды  өзгерту  міндеттерін  алға 

тартады. 

Педагогикалық  іс-әрекет  зерттеу  пәні  ретінде  үнемі  қарастырылып 

келеді.  Алдыңғы  кезеңдерде  қалыптасқан  білім  беру  жүйелері  осы  үдеріске 

қатысушыларға  емес,  педагогикалық  үдеріске  бағытталды.  Қазіргі  уақытта 

мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті жетілдіруді

 

және жаңартуды қажет етеді.



 

Педагог  кәсібінің  мәртебесін  көтеру  және  педагогикалық  білім  беруді 

жаңғырту  мәселелері    Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және 

ғылымды  дамытудың  2020-2025  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасында  көтеріліп,  мұғалімнің  мансаптық  өсуінің  жаңа  жүйесін 

(педагог,  педагог-модератор,  педагог-сарапшы,  педагог-зерттеуші,  педагог-

мастер) енгізуге баса назар аударылған болатын[1].

  



Демек,  педагогикалық  іс-әрекет  жаңа  әлеуметтік-экономикалық 

жағдайлардағы  бүкіл  тұлғалық-бағдарлылық  міндеттер  кешенін  шешуге; 

субъект-объект қатынастарын субъект-субъектіге ауыстыра алуға, түлектерді 

еңбек нарығында бәсекеге дайын болуға бағытталуы тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет