Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет13/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   200
Ажырасу. Некенің бұзылуы. Діни әдебиеттерде «талақ» сөзінің синонимі 
ретінде қолданылады. 
«Егер күйеуі өз әйеліне: «Сен ертең ажыратыласың» десе, онда ажырасу келе-
сі күннің таңынан басталады» (Бурхануддин Маринани, Хидоя мұсылман құқығы-
ның түсініктемесі).
Ажуа. ةوجع – қара түсті, ұш жағында сызықтары болатын көлемі үлкен емес 
мәдиналық құрма сұрпының атауы. Мұхаммед пайғамбар бұл құрма сұрпында ден-
саулыққа пайда және шипа мол екендігін айтып кеткен. 
«Аллаһ елшісі: «Кімде-кім әр күні таңертең ажуа құрмасының жетеуін жесе, 
сол күні оған у да, сиқыр да зиян тигізе алмайды», – деген» (Сахих әл-Бұхари). 
Азан. Мұсылмандарды ғибадатқа шақырып, арнайы сөздер арқылы намаз 
уақыты кіргенін жариялайтын үндеу. ناذآ «азан» сөзінің араб тіліндегі лексикалық 
мағынасы: «жариялау», «хабар тарату». Қазақ тілінде «азан айту», «азан шақыру», 
«азан оқу» тіркестері намазға азан шақыру деген мағыналарда қолданылады. 
«Мешіттің артқы кіші күмбезінен төбе құйқаны шымырлатқан азан үні естіл-
ді» (Д.Досжанов, Жібек). 
Қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан діни әдеп-ғұрыптары-
ның бірі – азан шақырып ат қою. Мұхаммед пайғамбар сүннетіне сай, жаңа туылған 
нәрестенің оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсіріп ат қою біздің 
салтымызда берік орын алған. 
«Қатай – Ажардың күйеуі несі. Азан шақырып қойған Бөпіш аты бар емес пе? 
О не сөз» (С.Жүнісов, Өшп. Іздер).
«Үшінші жұрт «Құлия» деп кеткен домбырашы, қара сұр бала. Азан шақы-
рып қойған аты Тарих» (Н.Әбуталиев, Құрдастар).
Сонымен қатар «азан» сөзі ауыспалы мағынада «айқайлау», «жылау», «бай-
балам салу» деген мағыналарда да қолданылады. 
«Дәркембайға да қамшы жауып кетті. Әр үйдің есігінен қарап тұрған қа-
тын-бала азан салды» (М.Әуезов. Абай жолы). 
«Азан» сөзі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер қатарында да жиі кездеседі. 
Мысалы, «азан да қазан», «азан-қазан», яғни у-шу, айқай-ұйқай. 
«Жиырмаға тарта баланы алқа қотан отырғызып, Мәжит қожаның азан-қазан 
қып оқытып жатқаны есімде» (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
«Өзіңе, айнам, ұсына берген кезімде 
Үрей сап шаттық сезімге
Биікте таудан тас құлап
Азан да қазан бар маңай


18
Өзіңе деген сол гүлді 
Бере алмай кеттім арман-ай» (М.Шаханов, Ғасырлар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет