Наурыз – Ұлттық мейрам наурыз- бүкіл шығыстың жаңа жылы, жыл басы. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама»



бет1/4
Дата28.04.2023
өлшемі80,98 Kb.
#87632
  1   2   3   4

НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ МЕЙРАМ
Наурыз- бүкіл шығыстың жаңа жылы, жыл басы. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама» - деген.
«Наурыз тілегі» деген өлеңінде:
Жаз исі бүгін келді, жан жайланды,
Кешегі көрген бейнет артта қалды.
Өмірге жаңа жолдар ашатұғын,
Жаңа жыл - бүгінгі күн - жазды алды - дейді.
Ақынның шығармалар жинағынан теріп алынған мысалдарға көңіл аударсақ: Наурыз деген кісі аты да болған.Наурыз қашып құтылып, он алты бала ат арқасында соңынан шұбырып жүрген соң...; Үйсін Төле билердің заманында наурыздаманың қадыр-құны астан, тойдан ілгері болады екен-деп бүкіл шығыс еліне ортақ жаңа жыл мерекесін дәріптей сөйледі; Парат саледе наурызнама той тамаша, Ғажап-жай Бұқараның рүкістаны, т.б. «Қобыланды батыр» жырынан: Қаз жайлайтын саздаймын, Наурыздан соңғы жаздаймын; Наурыз - март айы. Хорезми жырынан: Йүзүң - наурыз уа қашың - байрам айы, т.б.
Наурыз туралы айтылған пікірлерге ден қойсақ: Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып, наурыздама қыламыз деп, той, тамаша қылады екен. Сол күні «ұлыстың ұлы күні» дейді екен.Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады... (А.Құнанбаев). Абайдың сөзіне қарағанда, наурыз мұсылман дініне дейін болған мейрамның бір түрі. Бұл мейрам - дін мейрамы емес, ұлт мейрамы (С. Дөнентаев). Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза (М.Жұмабаев). Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы - дейді (М.Дулат).


Жаңару айы
*Наурыз сөзінің шығу этимологиясы да әртүрлі. Оның негізгі түбірі парсы тілінен алынған. «Нау» парсы тілінен аударғанда жаңа деген мағына береді.
*Л.Будагов: «Парсы тілінде ноу (көне түрік. нэвъ деп айтылады), нау (ноу) түбір тұлғасынан жаңа, жаңалау, бүгінгі, балауса, алғашқы жеміс, жаңару дегенді білдіреді. Ал “наурыз” жаңа күн немесе жаңа жыл. Парсыларда 9 наурызда тойланатын жаңа жыл басы. Бұл күннің қой белгісіне түсуі, көктемгі тепе-теңдік, күзгі тепе-теңдік» – дейді. 
*В.Радлов: «Наурыз. - 1) жаңа жылдың бірінші күні (наурыз айы);
2) қырғыз есімі. Науруз – бай, Кені - Сары ақылдасты» - деп жазады.
*Л.Рүстемов: «Жаңа күн. Наурыз: парсының күн тізбесі бойынша жаңа жыл күні, күннің торпақ белгісіне түсуі – 21 наурыз» - дейді. Л.Будагов пен Л.Рүстемовтың жазбасында алшақтық бар. Бірі - күннің қой белгісіне түсуімен, екіншісі - күннің торпақ белгісіне түсуімен түсіндіреді.
*М.Ысқақов: «Наурыз атауы қазақ тіліне Соғда мен Хорезм арқылы ежелгі парсы тілінен келген. Бұл айды соғдалықтар наусарыз, хорезмдіктер наусарджи... - деген. Парсы аңызы бойынша, адам бұдан сегіз мыңдай жыл бұрын, фервердин айының бірі күні (хұрмұз күні) жаралған. Ол уақытта күн жазғытұрғы күн мен түннің теңелу нүктесінде болған. Осы аңыз бойынша, ежелгі парсылар бірінші фервердинді жыл басы деп есептеп, оны жаңа жыл күн-наурыз (нау-жаңа, руз-күн деген сөз) деп атаған. Сондықтан Иранда бірінші айдың бірінші күні наурыз - деп аталады да, қалған 11 айдың бірінші күндері хұрмұз» - деп жазған. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет