Немат Келімбетов Үміт үзгім келмейді


— Ол курортқа кеткен. Емделем деп жүрген. Ақылбектің кризисі өткенше күт деп қанша жалбарынсақ та қарамады. —



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата28.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#88299
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Ол курортқа кеткен. Емделем деп жүрген. Ақылбектің кризисі өткенше
күт деп қанша жалбарынсақ та қарамады.
Раушан бұрын Ақылбекті сандыққа салып сақтағандай-ақ тықпыштап,
бізге жолатпай жүруші еді. Енді күйеуінің басына бұлт айналғанда
жұрттан бұрын Раушанның өзі қашып кетіпті ғой, — деп сөзге
бағанадан бері үндемей отырған ақ құба келген, кең маңдайлы,
көзілдірікті егде əйел араласты.
Ақылбекті ажалдан алып қалған Мейіркүл ғой, — деп көзілдірікті əйел
сөзін жұқалап жона түсті. — Бəрімізден сол мықты боп шықты. Кеше
Ақылбектің жаны иненің ұшына ілініп, өлім аузында жатқанда
қайсымыз қасында болдық? Мейіркүл бір ай бойы күні-түні қасында
күзетіп отырды, береке тапқыр. Ақылбек үш жылдан бері төсекке
байланып, мешел боп жатыр. Соның көрпе-төсегін, киім- кешегін күңде
кім жуып тазалап отыр? Раушан ба? Жоқ. Мейіркүл! Ақылбектің əзір де
ойға медет тұтып, көңіл жұбатары
Мейіркүл. Сол байғұсқа үш жылдан бері бір тыным жоқ. Ал, біздер
оқта-текте барып, бір көрініп кеткенге үлкен іс тындырғандай болып
кеуде қағамыз
Мейіркүлге үйленсең қор болмайсың деп мен оған бұдан ширек ғасыр
бұрын айтқам. Бірақ айтқанымды істемеді. Қазір де мен Ақылбекке:
«Мейіркүлге үйлен дегелі келдім», — деді қауға сақалды семіз кісі
қабағын түкситіп. Бұған отырғандардың бəрі ду күлді.
Кеңесəі сəл кештеу емес пе? — деп қасындағы біреу оны қағытып


қалды.
Жоқ! Дəл уақытында айтып тұрмын, — деді əлгі адам өзі титтей де
күлмей. Тек жаңағы көзілдірікті кексе əйел ғана сабырлы қалпын
бұзбай сөйледі.
«Мысыққа — ойын, тышқанға — өлім» деген осы шығар. Ол
байғұстың қазір бір аяғы жерде, бір аяғы көрде жатыр. Сендер қайдағы
бір қараң қалған өсекті тірілтіп, мəз-мейрам боласыңдар.
Қайдағы өсек?! Өсек емес, Ақылбек бір кезде Мейіркүлге өлердей
ғашық еді, — деп əлгі кісі жеңістік бермей қойды. — Сенбесеңдер,
қазір көргенде Ақылбектің өзінен сұраңдаршы. Егер Раушан
килікпегенде...
Жаңағы кісі сөзін ақырына дейін айтып үлгермеді. Нақ сол сəтте есік
ашылып, қабылдау бөлмесіне біреу кіріп келді. Даудырап əңгіме соғып
отырғандардың бəрі құдды үріккен қойдай дүрлігіп орындарынан тұрып
кетті. Бəрі əлгі адам келген жаққа бұрылды. Арқа жақта отырған Арманға
енді ешкім көрінбей қалды. Ол да лып етіп отырған орнынан тұрды.
Білдей-білдей кісілердің өзі жапа-тармағай тұрып кеткендеріне
қарап, Арман бас дəрігер кеп қалған шығар деп ойлап еді. Сөйтсе
басқа біреу екен. Ə дегенде, Арман өз


көзіне өзі сенбей, кірпіктерін жыпылықтата берді. Өйткені мына кілең
ығай мен сығайдың тік тұрып қошемет көрсетіп жатқан адамы өзі күнде
көретін фельдшер əйел — Мейіркүл еді.
Мейіркүл мына адамдардың кімге келгенін айтқызбай- ақ біліп
тұрған секілді. Соған қарап бұлар əкесіне күнде кеп жүрген адамдар
екенін сезді Арман. Бəрі Мейіркүл не айтар екен дегендей содан көз
алмай телміріп тұр. Демек, осы кісі əкеме күтім жасап, қарап отыр екен
деп түйді іштей Арман.
Кеше ғана жақсы еді, — деп бастады сөзін Мейіркүл. — Тіпті
ауруханадан шығару жөнінде əңгіме ете бастаған едік. Бүгін түнде
ауруы қайта қысып, əлсіретіп тастады. Қазір ғана Ақылбекке консилиум
жасалды. Миына екінші рет қан кеткен деп тапты. Жағдайы өте ауыр.
Кез келген минутта үзіліп кетуі ғажап емес. Бұл айтқаным
профессордың пікірі. Түсініп тұрған шығарсыздар. Əйтеуір бүгін- ертең
хабарсыз болмаңыздар
Аурудың беті бері қарағанша біз, бірімізден кейін біріміз алмасып, күні-
түні Ақылбектің қасында боламыз. Оған не қажет болса да бізге
қысылмай айта бер. Ол бəрімізге де ортақ адам ғой.
Сол сəтте Мейіркүлдің көзі жұрттың арт жағында тұрған Арманға
түсті. Мейіркүл көктен іздегенін жерден тапқандай-ақ қуанып кеткендей
болды. Мүмкін, Арманға солай көрінген шығар. Ол жұртпен асығыс-
үсігіс қоштасты да, Арманды оңаша жерге шақырып алды.
Сен қорықпа. Бірақ білгеніңдұрыс. Əкеңнің жағдайы ауыр. Қазір ес-
түссіз жатыр. Бас дəрігердің өзі де сол палатада отыр. Өзіне-өзі келіп,
есін жиған сайын сендерді
өзіңді, Лəззат пен Мұратты сұрайды. Көргісі келеді. Бұл оның ең соңғы
өтінші болуы да ғажап емес. Мен əкеңе «Балаларды алдырам ауылдан»,
— деп уəде беріп қойдым. Не істейміз, Арман? Сені бас дəрігер арқылы
шақыртқан мен едім.
Арманның табанда тұла бойы түрінігін, арқасы мұздап сала берді.
«Əкем өліп қалуы мүмкін-ау» деген пікір үш ұйықтаса ойына келген
емес еді. Жамандыққа əлі де көңілі сенбейтін сияқты. Мұның бəрі жай
қыңқыл-сыңқыл тəрізді көрінетін оған. Бүгін-ертең əкесі мен шешесі
татуласып, тіршіліктің бəрі өз орнына келетіндей боп тұратын-ды. Сол
күнді іштей асыға күтіп жүретін ол.
Жан шошырлық бір тықырдың тақап қалғанын Арман тап қазір ғана
шындап сезгендей болды. Сол-ақ екен, көңілі мұздап, көздері


қарауытып, бір бейуақ тылсым үрей төбесінен төніп келе жатқандай боп
кетті Арман өмірінде бүйтіп үрейленген емес. Не істеу керек? Жақын
адам осындайда керек екен-ау деген ой да сап ете қалды. Əкесі ес-
түссіз, талықсып жатыр. Ал, шешесі алыста, курортқа кеткен. Кіммен
ақылдасады?
Өмірінде тұңғыш рет туған шешесінің қылығына іштей зығырданы
қайнап, қыжыны келді. Анасы туралы жаңа ғана айтылған ащы сөздер
қайта есіне түсті. «Балаларынан безіп жүрсе, күйеуі ауырғанда қасында
болмаса...» Бөтен біреулер əкем үшін күйіп-пісіп, бəйек боп жүр ғой.
Арман өзі танымаса да жаңа əкесінің халін білуге келіп, енді
«кезектесіп күзетеміз» деп тұрған адамдардың бəріне іштей қатты риза
еді. Əкемнің қандай жақсы достары бар деп ойлады ол. Демек, əкемнің
өзі де жаман адам емес. Өзі нашар кісіде сондай достары бола ма?
Қазір Арманға ең жақын адам Мейіркүл еді. Мұны өзінің балалық
жүрегімен бірден
ұқты.


Ең қиын сəттерде əкесінің қасында болмағанына, оны күні бүгінге
дейін дұрыс түсінбей, əкесінен қашқақтап жүргеніне іштей қатты
налыды. Өзін-өзі табанда түтіп жеп қойғысы келді. Егер əкесі осыдан
тірі қалса, ғұмыр бойы қасында болып, айтқанынан шықпас едім деп
іштей ант суын ішіп жатқандай болды.
Арман ана құшағын, əке мейірімін көрмей өсті. Əйтсе де, көздері
мейірім ұшқынын шашып, адамды жанарымен аймалап тұрған осы жылы
жүзді əйелдің қасында Арман өзін- өзі ана құшағындағы сəбидей сезінді.
Төніп келе жатқан тажалдай үрейден оны тек осы əйел ғана арашалап
алып қалатындай боп тұрды. Арман қазір Мейіркүлді «мама» деп
құшақтап сүюге əзір еді. Мұның бəрі ойда жоқта, əрі соншалықты тез
болғанына бала да, ана да қайран қалып тұрған сияқты. Мүмкін, ажал
қатері бəрін де тездетіп жіберген шығар. Қауіп-қатерде, жауып тұрған оқ
астында адамдар бірін-бірі қас қағымда-ақ түсінеді ғой. Жайшылық кезде
мұндай істерге жылдар да жетпейтін шығар.
Арман үн-түнсіз Мейіркүлге қарады. Бала жігіттің көздері «Мен не
істеуім керек, не айтсаңыз да екі етпеймін» дегенді ұқтырғысы
келгендей-ақ жəудіреп тұр еді
Баланың ойын Мейіркүл жазбай таныды. Қолындағы кішкентай
сөмкесін ашты да, Арманға ақша ұсынды
Міне, жолыңа қажет болады. Екі күнге сабағыңнан сұран да, ауылға
тарт. Бүгін жүріп кет. Бар да Лəззат пен Мұратты алып қайт. Бұл
əкеңнің тілегі. Ағаңа солай айт. Балаларды тура біздің үйге əкеле бер.
Мен сендер келгенше бір бөлмені жөндеп, ыңғайлап қоям. Біздің үйді
білесің ғой?
Білем
Арманның ол үйде бір-екі рет болғаны бар. Бір жолы əкесінің
киімдері үйшіп жуылмай кетті. Одан жаман иіс шығады деп шешесі бір
құшақ кірді сарайға шығарып тастаған еді. Соны осы əйел жуам деп өз
үйіне əкеткен. Арман ертеңіне əкесінің киімдерін əкелуге барған болатын.
Сол жолы Мейіркүл қоярда-қоймай Арманның үстіндегі киімдерін де
сыпырып алып, табанда жуып-шайып, кептіріп, үтіктеп берген. Қазір
Арман мына əйелдің сол бір жақсылығын, сондағы ыстық ықыласын
есіне алып тұр еді
Бірін-бірі жаңа ғана тауып, бірін-бірі енді ғана түсінген екі адам
аурухана қақпасының алдында қоштасып жатты. Бірі — ана, екіншісі —
бала болғысы келіп, бір- біріне іштей иіп, елжіреп тұрғандарын


жүздерінен аңғару қиын емес еді
Арман сол күні поезға отырып, алыстағы аулына
жүріп кетті
20
«Адам көңілі тасыса — көлдей, басылып қалса — шөлдей екен-ау»
деп ойлады.
Ақылбек Кеше ғана оған кең дүние тарылып кеткендей көрініп, жігері
құм боп жатыр еді. Ал, бүгін ғұмырында, сірə, тəшпіш көрмеген жандай-
ақ көңілі тасып, мерейі асып, жанары жайнап шыға келді
Бұдан үш күн бұрын ол өзіне-өзі келіп көзін ашты. Сол өз
палатасында жатыр екен Қасында Мейіркүл отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет