Несие
Кредит
Сredit
|
(лат. creditum — несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз.
|
Капитал
Капитал
Сapital
|
(немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат.
|
Валюта бағамы
Валютный курс
Еxchange rate
|
әр түрлі елдердің ақша бірліктерінің арақатынасы. Бұл арақатынас олардың сатып алу қабілеті арқылы анықталады.
|
Сақтық қор валютасы
Резерв валюты
Reserve currency
|
тауарлардың, ақшалай қаражаттың, шетелдік валютаның, т.б. қажет бола қалған жағдайға арналған қосалқы қоры; пайдалануға аса қажеттілік туған жағдайда жұмсау үшін сақталатын ресурстар алынатын бастау көз, қор.
|
Қаржы нарығы
Финансовый рынок
Financial market
|
ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі.
|
|