Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет530/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   526   527   528   529   530   531   532   533   ...   832
Ересектер рахит (остеомаляция)
болғанда остеоидтық тін тым көбейіп
жаңа қалыптасқан сүйектік тін ізбестенбейді. 
Асқыну зардаптары
. Рахитпен сырқат балаларда пневмония, іріңді инфекция 
дамиды, асқорыту үдерісі бұзылады. 
Цинга 
Цинга
(синонимдері

скорбут, Барлоу ауруы; қазақша: құрқұлақ) — С-
авитаминоз. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Бұл ауру тағамда С витамині (аскорбин 
қышқылы) болмағанда немесе ол жеткілікті мөлшерде сіңірілмегенде дамиды. 
Ауру әсіресе тағамның құрамында С витамині мен Р витамині болмағанда 
айқындау, С витамині жеткіліксіз болса, тотықтыру-тотықсыздандыру 
ферменттері зақымдалып, көмірсулар мен белоктардың алмасуы біраз өзгереді. 
Хош иісті амин қышқылдарының (тирозин мен фенилаланиннің) тотығуы 
бұзылса, меланин көп түзіліп, теріде пигмент көбейеді. С витаминінің 
жеткіліксіздігінен дәнекер тіннің негізгі заты мен коллагеннің синтезі және 
фибриллогенез бұзылып, дәнекер тін дұрыс жетілмейді, сондықтан тін-


Нуржігіт Алтынбеков 
430
тамыраралық өткізгіштік артады. Әсіресе, ол C витаминімен қоса Р витамині 
жеткіліксіз болса, ол күрт артып кетеді де, геморрагиялы синдром өте айқын 
болады. Цинга ауруымен сырқаттарда коллагеннің синтезі бәсеңдейтіндіктен
сүйек тіні қарқынды өсіп, құрылымын өзгертуге тиісті аймақтарында 
пролиферациялық үдеріс тежеледі. 
Патологиялық анатомиясы
. Цингамен сырқаттарда геморрагиялы синдром 
дамып, сүйектер зақымдалып, инфекциялық үдерістер байқалады. 
Геморрагиялы диатез
балалар мен ересектерде бірдей көрініс береді. Тері, 
кілегейлі қабықшалар, ішкі мүшелер, сүйек кемігі, сүйек қабығының асты, 
буындардың қуыстары қанталайды (гемартроз). Тері мен кілегейлі 
қабықшаларда қанды дақтармен қоса ойық жаралар да пайда болады. 
Балалар мен ересектердің 
сүйектері
әртүрлі өзгереді. 
Балалардың
сүйегі 
ауырлау зақымдалып, баяу өседі. Жіліктердің өскелең аймағындағы шеміршекті 
сүйектік тін баяу ығыстыратын болады, сондықтан диафиздердің тығыз қабаты 
жұқарып, сүйектер сынғыш келеді. Өскелең аймақ қанталап, эпифиз бен 
диафиздің арасы ажырайды (эпифизеолиз). Сүйектің кемігін фиброзды-
талшықты тін жайлайды. Ал, 
ересектер
сырқаттанса, сүйектердің шеміршекпен 
түйіскен жерлері басымырақ зақымдалады. Өйткені, ол жерлердегі шеміршек 
40—45 жасқа дейін сүйектене береді. Сүйек кемігін фиброзды тінді 
ығыстырып, табақшалары жұқарады, фибрин жиналып, қан құйылады, кейде 
қабырғаның сүйегі шеміршегінен ажырап, төссүйегі ішке қарай ойысады. 
Құрамында меланин көбейіп, тері қоңырқай тартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   526   527   528   529   530   531   532   533   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет