Оқыту мен оқудың белсенді әдістері



бет4/72
Дата03.08.2023
өлшемі268,06 Kb.
#105009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
КАРТОЧКАЛАР ИЕРАРХИЯСЫ


Қалыптастырылатын дағдылар:

  • бірлескен жұмыс;

  • ойлау, шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама
Бұл тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.
Жұмыс алгоритмі
1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.
2. Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады.
3. Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.
4. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.
5. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға болады.


ӘТКЕНШЕК (карусель)


Қалыптастырылатын дағдылар:

  • бірлескен жұмыс;

  • ойлау, шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама
Бұл белгілі бір сұраққа қатысты оқушылардың ойлары мен жауаптарының жиынтық тізімін жасауға көмектесетін, құрылымдалған, ақпараттық немесе ойлау қабілетін арттыру әдісі. Өздерінің ойларын айту немесе қаралып отырған сұрақ бойынша ұсыныс енгізу үшін оқушылар шағын топтарда жұмыс істейді. Сондай-ақ олар басқа топтардың идеяларын бірлесіп бағалап, сұрақтарға өздерінің жауаптарын қалыптастыру үшін осы идеяларды әлеуетті негіз ретінде пайдалана алады. Шағын топтардан ақпарат жинақтауға арналған тәжірибелік тапсырма үшін «Идея іздеуші» немесе «Стикерлер жинағын» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар сыныптағы бір тақтадан екінші тақтаға кезектесіп топтасып ауысып отырады. Немесе оқушылар сынып ішінде топ болып көшіп жүрмеу үшін белгілі бір уақыт өткеннен кейін оқу плакаттарын өздерінен кейін отырған топқа бере алады.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушылар шағын топтарға бөлінеді.
2. Әрбір топқа белгілі бір тақырыпқа қатысты жазылған сұрағы бар оқу плакаты немесе А3 форматтағы қағаз беріледі. Әрбір плакатта әртүрлі сұрақтар болуға тиіс.
3. Оқушылар топтарында жұмыс істейді, бұл ретте оларға бастапқы сұраққа негізделген өздерінің жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазуға берілген регламент сақталуы керек.
4. Бұдан кейін өздерінің жауаптарын оңай тануы үшін әрбір топқа түрлі-түсті қалам беріледі.
5. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі плакатқа көшеді.
6. Олар алдыңғы топтың жауаптарын оқиды және олармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін талқылайды. Егер олар келіскен жағдайда, құстұмсық қояды. Келіспесе, түсініктеме жазып, өз шешімдерін негіздей алады.
7. Осыдан кейін оқушылар қойылған сұрақ бойынша өз ойларын жазады. Егер олардың идеялары бұрынғы топтың жазбаша жауаптарынан туындаса, сызықшамен идеяларды қосуға болады.
8. Әткеншек, егер уақыт болса, әрбір топ әрбір сұрақты қарап, оған жауап бергенге дейін жалғасуы мүмкін.
9. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болады.
10. Әткеншек бағалаудың жақсы құралы болып табылады. Төмендегідей сұрақтар қойылуы мүмкін:
Бүгін Сіз не білдіңіз?
Бүгін Сіз үшін не ең керемет/таң қаларлық/қызықты/пайдалы болды?
Сіз нені басқаша істер едіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет