Оқыту процесінде билингвалды оқыту жүйесін енгізудің тиімділігі



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі26,49 Kb.
#14777
  1   2   3

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БИЛИНГВАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ 
Нұрбаева Әсемгүл Жанұзаққызы


Информатика пәнінің І санатты оқытушысы

Арал индустриалды-техникалық колледжі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесінің алдына қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, әлеуметтік тұрғыда белсенді, ұтқыр, өзгерістерден қорықпайтын, халық үмітін ақтауға даяр болашақ қазақстандықты тәрбиелеу міндетін қойды. Елбасы атап көрсеткен бұл басымдықтар білім беру саласындағы барлық қызмет көрсетулер сапасын арттырудың негізгі бағыттарын айқындайды. 

2017 жылы 31 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жарияланған жолдауында «Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.



Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін. Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сонымен қатар кейбір пәндерді білім беру ұйымдарында оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де, орыс тілінде де, жүргізілуі туралы ойласу керектігін және бұл біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет екендігін айрықша атап өтеді.

Елбасының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыру ұсынылған. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабылетін кеңейтіп отырған. Яғни, бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның көшбасшысына айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Түптеп келгенде, Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Бұл Жолдауында Елбасы «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» екендігін жеткізген.

Адамзат баласының тарихында ұрпақ тәрбиесінің білім берудің маңызы қашанда ерекше. Сондықтан халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп ұстазға үлкен талап артып, жауапты міндет жүктейді. Сол жауапты міндетті арқалаған ұстаз шәкірт жүрегіне жол тауып биік белестерге жетелеудің жолын қарастырады. Өз ісінің шебері болу үшін көп ізденіп, қайта оқып, мол тәжірибе жинайды, әдіс алмастырады. Сондай жаңа бір әдістің түрі «Билингвалды оқыту жүйесі» жаңаша оқыту арқылы біз оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, өз - өзін еркін ұстауға, тілін, ойын еркін жеткізуге, қысылмай сөйлеуге, топпен жұмыс істеуге, бірін-бірі білуге, қазақ тілін өз ана тіліндей меңгеруге үйретеміз. 
Қазіргі кезде Республикамыздың өзге ұлт мектептерінде оқытудың жаңа әдістерінің бірі «Билингвалды оқыту жүйесі» болып табылады. Билингвалды оқытуда -қазақ тілі тек қана пән ретінде емес кейбір пәндерді қазақ тілінде оқыту кұралы ретінде қолданылады, яғни осы әдіс бойынша оқытуда әрі оқу мазмұнын меңгеруде 2 тілді қатар қолдану болып табылады.

Билингвалды оқыту дегеніміз не? 
- билингвалды оқытуда - қазақ тілі тек қана пән ретінде емес, кейбір пәндерді қазақ тілінде оқыту құралы ретінде қолданылады; 
- билингвизм, немесе екі тілділік - екі тілді меңгеру және қолдану; 
- билингвал оқыту - екі тілде оқыту қолданатын мақсатқа бағытталған жүйе; 
- билингвалды оқыту - оқу мазмұнын меңгеруде екі тілді қолдана оқыту; 
- билингвалды оқыту - аудармасыз оқыту
-билингвалды оқыту - бір мақсатқа бағытталған процесс. 
Билингвалды оқытудың мұғалімге қоятын талаптары: 
1. Тұлғаның қасиеттері: 
- өздігінше іздену, сенімділік, әріптестердің жұмысын бағалай білу; 
- өзге ұлт мәдениетіне қызығушылықпен қарап, қарым –қатынас жасау қабілетінің артуы; 
- этникалық дүниетанымы кеңейіп, өзіне сенімділік пайда болу. 
2. Мұғалімнің білімі: 
- өз пәні бойынша академиялық білім алу; 
- әдістемелік технологияларды білу; 
- екі тілді білу (ана тілі мен қазақ тілінде ); 
- әлемдік билингвал оқытудың тарихын, тәжірибесін білу; 
3. Дағды және біліктілік: 
- білімді интеграциялау; 
- ұйымдастырушылық; 
- зерттеушілік; 
- топ болып жұмыс істеу; 
4. Педагогикалық технология: 
- дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту әдістерін біріктіру; 
- шығармашылық жүмыс жасау; 
- көрнекі құралдарды пайдалану; 
- интернет ресурсын тиімді пайдалану.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңін екі тілде немесе ана тілінде бастайды да, үй тапсырмасын екі тілде сұрап пысықтайды. Сонда қандай пән болсын ондағы термин сөздердің қазақша баламасын кез келген оқушы түсініп ұғып отырады. Болашақта ешқандай қиындық тумайды. Күнделікті тамған бір тамшы су сияқты бірнеше сөздерден оқушының сөздік қоры молайып бара береді. Тест тапсырмасын орындауда жаттығу жұмысын жазуда еш нәрсе бөгет бола алмайды. Сөздік кітаптарын іздестіріп ондағы сөздің баламасын табуға уақыт кетпейді, міне осының бәрі оқушы үшін тиімді әрі қолайлы. 

Жаңа тақырып міндетті түрде ана тілінде түсіндіріледі. Бала ана тілінде білім нәрімен сусындауы тиіс. Ал, жаңа тақырып мемлекеттік тілде пысықталуы тиіс. Сонда жаңа тақырыптағы сөздердің мағынасы кең ашылып, оқушының тез ұғынуына қолайлы болады. Қорытынды екі тілде немесе ана тілінде болады. 

Билингвалды оқыту жүйесін мектеп жасынан бастап оқытуға болады. Бастысы бір жүйеде мақсатты түрде болса болғаны. Осы жүйеде оқыған балдардың айтар ерекшелігі қазақ тілін тез үйреніп, тіпті қазақ тілде оқытылатын өз замандастарымен оза шабуға бәсекелестікке де дайын болады. 

Билингвалды және көптілді білім - жан-жақты мәдениетті, креативтік, толеранттық, дүниетанымдық құзіреттілігі қалыптасқан, дамыған түлғаны қалыптастырудың негізі. 
Ана тілін сақтай отырып, мемлекеттік тіл - қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі - орыс тілін білу және шет тілдерінен бірін білу тұлғаның ой - өрісін кеңейтіп, коммуникативтік құзіреттілігі дамыған, ұлтаралық қатынас мәдениеті қалыптасқан тұлға болып дамуына жол ашады.

Оқу-тәрбие процесіне билингвалды және көптілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі: 
- бүгінгі қоғамда көптілді және жан-жақты мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы; 
- ұлттық мектеп бітірушілерін жалпы қазақстандық және әлемдік білім мен ақпарат кеңістігіне интеграциялануындағы проблемаларды шешу қажеттілігі; 
-болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы; 
-ұлттық мектеп бітірушілерінің коммуникативті, толеранттық және ақпараттық құзіреттілігінің жеткілікті деңгейіне қол жеткізу.

Көптілді білім беруде пәндерді билингвальді оқытудағы ерекшеліктермен таныстыру;

  • көптілді және билингвальді білім беру қолданылатын терминдер тұралы түсінік беру;

  • көптілді және билингвальді білім беру қағидалары мен таныстыру;

  • көптілді және билингвальді білім беруде пән мен тілді кіріктіру арқылы пән мазмұнын игеру жолдары мен таныстыру;

  • көптілді және билингвальді білім беруде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдары тұралы түсінік беру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет