Оқытудағы инновациялық бағыттар



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата18.02.2022
өлшемі177,88 Kb.
#25835
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
docsity-o-ytuda-y-innovaciyaly-ba-yttar



Оқытудағы инновациялық

бағыттар

Педагогика

Алтайский государственный университет (АлтГУ)

7 pag.


Document shared on www.docsity.com

Downloaded by: aiganym-zeinurova (zeinurovaaiganym@gmail.com)




Оқытудағы жаңа тәсілдің теориялық негіздері. 

1.Оқытудың ынталандырушы және аффекттік теориялары.

    


Адамның кәсіби іс-әрекетке жағымды қатынасы адамды іс-әрекетке 

ынталандыратын күштердің, оның белсенділігінің себептерін талдаумен 

байланысты. Қатынастар теориясы негізінде қатынастар ерекшеліктерінің 3 

аспектісін қарастыруға болады: (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, А.Ф.Лазурский, 

С.П.Франк, А.Н.Леонтьев, В.И.Чирков): - когнитивтік аспект (пән саласының

сипаттамасы); - аффективтік аспект (нақты белсенділікті қамтамасыз ететін 

мотивтердің сипаттамасы); - мінез-құлық аспектісі (адам белсенділігінің 

қажеттілік аумағы).

Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары. Өткен ғасырдың 70–

80-жылдарында оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер гуманистік 

психологияға негізделген болатын, әрі адамның өсу әлеуетін «мен» 

тұжырымдамасына баса назар аудара отырып қарастырған.

Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезімдердің мәні де зор 

екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып 

танылды. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам 

Маслоу болды (1968). Төменгі деңгейге ол физиологиялық қажеттіліктерді 

орналастырса, жоғары деңгейге – өзін өзі көрсете, таныта білуді қойды

    Маслоу төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана

келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, себебі төмендегі деңгейде ынта

анағұрлым күшті болады. Оның кейбір оппоненттері бұл иерархиямен 

келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды орындамай-ақ, өз ойын іске 

асыра алады дегенді алға тартады. Соған қарамастан Маслоу деңгейлерді 

төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау құралын жасап шығарды:

1-деңгей: Аштық, шөлдеу, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты 

физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып 

қанағаттандырылуы керек.

2-деңгей: Қауіпсіздікке деген қажеттілік болашағы болжанған және 

бірізділікке негізделген өмір болуын көздейді. Егер де олар 

қанағаттандырылмаса, адамдар өз әлемін қорғап, жоғары деңгейлі 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күшін жұмсайды. Ал 

қанағаттандырылса, адамдар үшінші деңгейге ауыса алады.

3-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну 

адамдарды жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді

Document shared on www.docsity.com

Downloaded by: aiganym-zeinurova (zeinurovaaiganym@gmail.com)



4-деңгей: Құрмет көрсетілуін қажетсіну жігер-күшке, жетістіктер мен 

шеберлік, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, 

тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады.

5-деңгей: Өзін өзі таныта білу – дарын, қабілеті мен әлеуетін толық көрсете 

білу.

    Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады 



деп ойлайды. Өзін өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа сатылармен 

байланысты мақсаттар да басымдыққа ие бола алады. Бұған жұмысты 

аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды жатқызуға 

болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет