Ойлау және сөйлеу



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата19.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#84668
  1   2   3


23-дәріс
Выготский іліміндегі жасөспірімдер 
педалогиясының кейбір мәселелері
ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Ойлау және сөйлеу
Выготский іліміндегі жасөспірімдер педалогиясының кейбір мәселелері
2
Педология (гр. paidos — жасөспірім, бала, logos — ілім) — XX ғасыр соңында қолданбалы психология 
мен эксперименттік педагогиканың шеңберінде эволюциялық идеяның таралуы мен дамуынан туындаған 
ағым. Педология терминін 1893 жылы америкалық психолог О.Хризман ұсынды. Педагогиканың негізін 
қалаушылар — С. Холл, Дж. М. Болдуни, Э. Киркпатрик, Э. Мейман, В. Прейер, П. П. Блонский, Л. С. 
Выготский және тағы да басқалар. Бұл ағымның мазмұнын жасөспірімнің дамуы туралы психологиялық, 
анатомиялық-физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік сияқты көзқарастардың жиынтығы құрады. Бірақ 
бұл кездегі пікірталастарда педологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы тиянақты айқындала 
қоймайды. Тек кешендік әдістемелік негіз бен бағдар үйлескеннен кейінгі кезіндегі баланың психикалық 
дамуы туралы диагностикалық жаңа нәтиже мен табыстарға жетті.
Біз бұл дәрісімізде Лев Семеновичтің осы тақырып аясындағы негізгі ой тұжырымдарымен танысатын 
боламыз. 
Выготский өз еңбегінде педалогия жасөспірімнің ойлауын зерттеу саласында оның ойлауының даму 
мазмұнын құрайтын интеллекттік дағдарыс пен жетілу туралы дұрыс түсініктің даму жолындағы негізгі 
және түпкілікті қателікті жеңуде деген көзқарасты айтады. Бұл қателік, әдетте, жасөспірім мен кішкентай 
баланың ойлауында айтарлықтай ерекшелік жоқ деген пайымдаудан туындайды дейді автор. 
Лев Семеновичтің айтуы бойынша, кейбір авторлар жыныстық жетілу кезеңінде жасөспірімнің ойлау 
жүйесінде тіпті 3 жастағы балаға тән емес ешқандай жаңа интеллектілік операциялар болмайды деген 
пікірді жақтай отырып, шектен тыс қателікке ұрынады. Осы жағынан қарағанда ойлаудың дамуы жетілу 
процестерінде маңызды рөл атқармайды. Авторлардың айтуынша, өтпелі кезеңде жасөспірімнің бүкіл 
организмінде болып жатқан елеулі және түпкілікті өзгерістердің орын алуы, тұлғаның жаңа қырларының 
қалыптасуы, органикалық және мәдени өмірдің жоғары формаларының жетілуі — осылардың барлығы 
оның ойлауына әсер етпейді. Өзгерістердің барлығы жеке тұлғаның басқа жақтарында жүзеге асады. 
Осыдан келе жасөспірімнің жалпы дағдарыс пен жетілу процесінде интеллектілік өзгерістердің рөлі 
айтылмайды немесе жоққа шығарылады.
Егер бұл көзқарасқа сүйенсек дейді автор, осы кезеңдегі интеллектілік өзгеру процесі үш жастағы бала 
ойында қалыптасқан ерекшеліктердің кейінірек таза сапалық өсуге ұласатын, таза сандық жиынтығы ғана 
болады, бұл жерде «даму» туралы сөз қозғауға да болмайды. Ш.Бюлер өзінің өтпелі кезең теориясында осы 
көзқарасты дәйекті турде жақтай отырып, жыныстық жетілу кезеңінде интеллект әрі қарай бір қалыпты 
дами беретіндігін айтады. Жетілуден тұратын жалпы өзгеру жүйесінде, жалпы процестер құрылымында 
Ш.Бюлер жасөспірімнің жеке тұлғасының қайта қалыптасуындағы түбегейлі және игі әсер ететін 
интеллектілік дамудың аса зор ықпалына көңіл аудармай, интеллектінің маңызына өте аз орын береді.
Жалпы айтқанда, жыныстық жетілу кезеңінде диалектикалық және абстрактілі ойлаудың көрнекі 
ойлаудан қарқынды бөлінетіндігі. Өйткені 3—4 жастағы балаға кейінгі ойлаулардың барлығы тән. Ойын 
дәлелдеуде автор К.Бюлердің зерттеулеріне жүгінеді, яғни Ш.Бюлердің айтуынша, интеллектілік дамудың 
маңызды ерекшелігі негізгі интеллектілік процестердің жетілуі баланың жас кезінде қалыптасады. 
Жасөспірім мен баланың ойлауындағы айырмашылықты Ш.Бюлер баланың көрнекі қабылдауы мен 
ойлауының тығыз байланыстылықта болатындығынан анықтайды. Оның ойынша, бала көбінесе таза 
ауызша және таза абстрактілі түрде аз ойланады. Тіпті ең әңгімешіл және аса дарынды балалардың өзі 
белгілі бір әсердің нәтижесінде сөйлейді, ал егер әңгімеге елігіп тұрса, ойланбай-ақ сөйлей береді. Ал 
механизм басқа функциясыз жаттыға береді. Балалар тек өзінің басынан кешкен нақты оқиғалар жөнінде 
өз пікірлерін талқылайды, ой қорытады, олардың мақсаттары көрнекі қабылдауға негізделеді деген 
деректер көпшілікке белгілі және бұл балалар абстрактілі ойлай алмайды деген қате қорытынды жасауға 
негіз болды дейді автор. 
Ш.Бюлер бұл пікір баяғыда жоққа шығарылды деп есептейді, өйткені бала өте ертеден «жақсы», 
«ашулы» деген т.б. сөздерді жалпы түсініксіз мазмұнда абстрактілі қабылдайды және талдайды, сонымен 
қатар абстракция көмегімен басқа да ұғымдарды аңғарады, пікір айтады... Жасөспірімнің ойлауы керісінше 
сезімдік негізде еркін әрі анық болады. Байқап отырғанымыздай, жасөспірімнің интеллектілік дамуында 
болып жатқан маңызды өзгерістерді жоққа шығару интеллектінің жетілу жолдарында шамалы ғана өсуін 
мойындауға мәжбүр етеді және оның сезіну қорына тәуелді болмайтындығын көрсетеді. Ш.Бюлердің 
идеясына қарасақ, жасөспірімнің ойлауы, бөбектің ойлауымен салыстырғанда, бірнеше жаңа қасиеттерге 
ие болады, яғни үш жастағы баланың ойлауымен салыстырғанда анық болып, әрі қарай «үдейді 
және нығаяды», “өседі және үлкейеді». Ешқандай интеллектілік операция пайда болмайтындықтан
жасөспірімнің даму процесінде ойлау қабілеті маңызды және белгілі мазмұнға ие болмайды, ал жалпы 
дағдарыс жүйесі мен жетілуде оның алатын орны тіпті шамалы.


3
Кітап:
Дәріс:
Ойлау және сөйлеу
Выготский іліміндегі жасөспірімдер педалогиясының кейбір мәселелері
Бұл көзқарас қазіргі заманғы жасөспірімнің дамуы жайындағы дәстүрлі, өкінішке орай, кең таралған 
теория және оны көпшілік қарсылықсыз қабылдауда. Қазіргі кезде жасөспірім психологиясы жайындағы 
ғылыми мәліметтер аясында бұл пікірдің жалғандығы анықталып отыр: өйткені оның түп тамырында 
жасөспірімдік кезеңде өтіп жатқан бала бойындағы барлық психикалық өзгерістердің ішіндегі сыртқы, 
үстіртін, көзге бірден байқалатын қасиеттерді ғана, атап айтқанда, эмоциялық қалыптың өзгеруін ғана 
көрсететін ескі ілім жатыр дейді Выготский. 
Осы ретте Лев Семенович өтпелі кезеңнің дәстүрлі психологиясы эмоциялық өзгерістердегі орталық 
ядроны жөне барлық дағдарыстың негізгі мазмұнын көруге және оны жасөспірімнің эмоциялық өмірін 
мектеп оқушысының интеллектілік дамуына қарсы қоюға бейім. Бұл теорияның жұмбағы ашылған тәрізді: 
бала — ең сезімтал тіршілік иесі, оның жалпы құрылымында эмоция бірінші орын алады, ал жасөспірім 
— біз үшін, ең алдымен, ойлау қабілеті жетілген тіршілік иесі. Осы дәстүрлі көзқарас туралы Ф.Гизенің 
толығырақ әрі қысқа пікірі бар. Оның айтуынша, баланың жыныстық жетілу кезеңіне дейінгі психикалық 
дамуы, ең алдымен, қабылдау функциясын, ес қорын, интеллекті және зейінді қамтитын болса, жыныстық 
жетілу дәуірінің репрезентанты эмоциялы өмір болып табылады. Бұл көзқарастың бірізділікпен дамуы 
қарапайым көзқарасқа әкеледі, яғни жасөспірімнің барлық психикалық жетілуі, жоғары қызбалыққа
қиялдаушылыққа, ұмтылысқа және сол сияқты эмоциялық өмірдің дағдылануына әкеледі. Выготский 
бұл теорияда жыныстық жетілу кезеңі дегеніміз интеллектілік даму қуаты көтерілген кезең деген дәлелді 
әлсіретіп қана қоймай, жұмбақ әрі түсініксіз етеді деген пікірде болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет