Қола дәуіріндегі Қазақстан



бет1/8
Дата03.12.2023
өлшемі2,55 Mb.
#133713
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ерте темір дәуірі.


6В01601-Тарих, 6В02201-Тарих, 6В01602-Тарих-Дінтану

ЖОСПАР:

1. Темір және ерте темір дәуіріне сипаттама

2. Ерте темір дәуірінің шаруашылығы, қоғамы

3. Қазақстандағы қазба жұмыстар

4. Солтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірі ескерткіштері

  •  Қоладан жасалған құрал-жабдықтар өз кезінде үлкен жаңалық болғанмен, дамудың жаңа кезеңінде адам қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыра алмады. Адамзат қоғамының дамуы өндіргіш күштердің ұштала түсуіне тікелей тәуелді. Сондықтан да адам өндіріс құрал-жабдықтарының неғұрлым сапалана түсуіне мүдделі болды. Осының нәтижесі – темірдің игерілуі болды.
  • Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.
  • Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металлмен байланысты болды.
  • Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады.
  • Темір ерекше металл. Темір табиғатта алтын немесе мыс сияқты таза күйінде кездеспейді. Егер мысты қорыту үшін 1100 градус жылу керек болса, темірді қорыту үшін 1530 градус жылу қажет. Ал мұндай жоғары температура алу ол кезде мұмкін болмаған. Сондықтан да темір алу, оны пайдалану оңайлыққа соқпаған. Археологиялық зерттеулер адамдардың темір қорытуда “шикізат үрлеу” тәсілін қолданғанын дәлелдеп отыр.
  • Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ.

К. Томсен


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет