Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Азықазотсыз экстрактивтік заттарын анықтау



бет14/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
1.3.6. Азықазотсыз экстрактивтік заттарын анықтау

Азотсыз экстрактивтік заттар (АЭЗ) тобын тез еріп, жеңіл қорытылатын көмірсулар (қант, крахмал, инсулин, пентозандар, геллицеллюлозалар мен пектинді заттар бөлігі, т.б.) құрайды. Олар мал қорегіндегі тез қорытылып, сіңірілетін энергия көзі болыптабылады. Азық азотсыз экстрактивті заттарының көлемін (АЭЗ, %) көмірсулардан "шикі" жасұнықпайызын алып немесе келесі жолмен есептейді:


АЭЗ = 100 - ( гидроылғал + "шикі" протеин +"шикі" май +
"шикі" жасұнық + "шикі" күл ), %


1.3.7. Азық қант минимумын анықтау

Қант минимумы деп сүрленетін азықтағы сүт қышқылының жиналуын рН көрсеткіші бойынша 4,2-ге жеткізуді қамтамасыз ететін ең аз қант мөлшерін айтады. Егер сүрлем қышқылдығы рН бойынша 4,2-ге жетпесе, ондағы микробиологиялық үрдіс тежелмей, қоректік заттары ыдырап, азық сапасы кемиді, ұзақ сақталмайды.


Азық сүрлемделуіне қажет қант минимумын оның үлгісін децинормалды сүт қышқылының ерітіндісімен қышқылдығы рН бойынша 4,2-4,3 болғанша титрлеп анықтайды.
Реактивтер мен жабдықтар: 0,1 н. сүт қышқылының қалыпты ерітіндісі, стакандар, фарфор келі, бюреткалар, әмбебап индикатор қағаз, шыны таяқша, техникалық таразы.
Анықтау барысы. 1. Азық күлін келіде жақсылап ұнтақтап, стақанға салып, сумен дымқылдайды да, сүт кышқылының децинормалды ерітіндісінің бірнеше тамшысын тамызып, шыны таяқшамен араластырады; сұйықтың рН-ын әмбебап индикаторлық кағазбен өлшейді;
2. Сынаманың рН-ы 4,2-ге төмендегенше титрлеп, 20-30 мин. кейін қайта тексереді; егер рН бейтараптанса, стақанғасүт қышқылының ерітіндісін рН-ы қайтадан 4,2 жеткенше қосады; осымен титрлеуді аяктайды;
Жемшөпті сүрлемдеу барысында қажетті сүт қышқылды ашытумен қатар пропионқышқылды, сіркеқышқылды (ашытулар қатар жүріп, біршама қант мөлшері торша тыныстануы мен спирттік ашытуға жұмсалатындықтан, тікелей сүт қышқылды ашытуға азық қантының 60%-дай қанты жұмсалады деп есептелінеді. Сол себепті қанттың 1 бөліксүт қышқылын түзеуге шығындалу коэффициенты 1,7 (100 : 60 = 1,7) алып, қант минимумын (ҚМ, %) 1 см3ерітіндегі сүт қышқылы (Қ = 0,009), титрлеуге жұмсалған сүт қышқылы (Н, куб. см) мен азық сынамасыныңсалмағы (М, г) бойынша келесі жолмен есептейді: ҚМ = (ҚН. 100) х 1,7,: М, %.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет