19-20 ғасырлар аралығында Германия мен Францияда қалыптасқан буржуазиялық философияның субьективтік-идеалистік бағыты.
Өмір философиясы дегеніміз - жаңа философиялық мәдени логикалық бағыт. Басты өкілдері - Шопенгауэр, Ницше, Дильтей, Бергсон, Шпенглер тағы басқалар. Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы, тануға болатын өмір көрінісінің формасы мен әлдеқандай бір алғашқы реалдылық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология, психология сияқты ғылымдардың жедел дамуы түрткі болды.