«Өнерлі бала» атты шығармашылық байқау ережесі Жалпы ереже



Дата18.01.2023
өлшемі14,83 Kb.
#61765

«Өнерлі бала» атты шығармашылық байқау ережесі


1.Жалпы ереже.
1.1.Осы Ереже «Күйкен»бөбекжайы» жбқ МКҚК педагогтері мен тәрбиеленушілер арасындағы бөбекжайішілік «Өнерлі бала » атты байқауы ұйымдастырудың тәртібі мен өткізу шарттарын белгілейді, мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
1.2.Байқаудың мақсаты:
1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін, қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
2 Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін жетілдіру.
 3) Мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.


2.Байқауды ұйымдастыру тәртібі және өткізу шарттары.
2.1.Байқаудың ұйымдастырушы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Күйкен»бөбекжайы жбқ МКҚК болып табылады.
2.2.Байқауға «Күйкен»бөбекжайы»жбқ МКҚК Ортаңғы, ересек топ тәрбиеленушілер қатыса алады.
2.3.Байқау төмендегідей кезеңдер бойынша, 18.01.2023ж өткізіледі:
І кезең: таныстыру
ІІ кезең: Өнерлі өрге жүзер (Қатысушылар жеке-жеке өз өнерлерін көрсетеді. Би, ән т.б.)
ІІІ кезең: Сымбатыңа сән киім жарасады.( (Бүлдіршіндер реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.


ІV бөлім «Ойлы болсаң озып көр» (Қатысушылар берілген сурет бойынша сөйлем құрайды)
2.4. Байқау комиссиясының құрамына ұйым басшы, әдіскер, жоғары білікті педагогтар кіреді.
2.5 Байқаудың қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы бір жеңімпаз бен үш жүлдегерді анықтайды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады.


3. Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау
Байқаудың жеңімпазы мен жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі дипломдар тапсырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет