Орындаған: Бақтыбай Нұрайым 6В01709(корей тобы)



Дата02.04.2022
өлшемі49,88 Kb.
#29634

Орындаған: Бақтыбай Нұрайым

6В01709(корей тобы)



№ 7дәріске СОӨЖ

Тіл – ұлттық сана-сезім діңгегі.

«Ұлттық тіл», «мемлекеттік тіл» және «ұлтаралық қатынастар тілі» ұғымдарының өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

7.1 Ана тілін сақтаудың этникалық сәйкестіктік ретіндегі маңызы. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының діни және мәдениет аралық тұтастық институты ретіндегі орны.

7.2 Өзге халықтардың тіліне деген толерантты қатынас. Қазақ халқының рухани мұралары.


1.Ана тілі — белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл.

Этникалық тегі географиялық қоныстану аумағы, шаруашылық жүргізу тәсілдері ортақ адамдар қауымы мен мүшелерінің ана тілі арқылы ортақ дүниетанымы, ұғым-түсінігі, мінез-құлқы, наным-сенімі, сезіну қасиеттері – бір сөзбен айтқанда, ұлттық ділі қалыптасады. «Ана тілі» ұғымы не оған жақын түсінік барлық этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әр түрлі («туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі», «ана тілі», т.б.) атала береді. Қазақ этносының дәстүрі бойынша, шыр етіп дүниеге келген нәрестенің құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі оның ақ сүті арқылы баланың бойы мен барша болмысына дарып, адамға ғана сыйланатын құдіретті күш – тілге ұласады, сондықтан оның тілі ана құрметіне бағышталып, «ана тілі» аталып кеткен. Қазақ тіл білімінде ана тілі терминін алғаш ұсынып, ғылыми айналымға енгізген Ахмет Байтұрсынұлы. Қазіргі уақытта (1998) қазақ халқының үштен бірі, яғни 4 млн-ға жуығы, Қазақстаннан тыс (Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, т.б.) жерлерде диаспора болып отыр. Бұл топтар қандай тілдік ортада (қытай, ұйғыр, моңғол, пүштүн, парсы, түрік, өзбек, орыс, қырғыз, түрікмен, т.б.) өмір сүрсе де, ол тілдердің қанша әсері болса да қазақ тілі олар үшін ана тілі болып саналады. Қазақ диаспорасы үшін ана тілінің сақталу, сақталмауы, қолданыс аясының кең, тарлығы, сайып келгенде, олар тұратын мемлекеттердегі тіл саясатына, тілдік ортаға, диаспораның шоғырланып немесе шашыранды түрде орналасуына, сондай-ақ ана тілін қайткен күнде де сақтап қалуға деген саналы әрекетіне де тікелей байланысты. Әрбір азаматтың ана тілін қастерлеуі оның мемлекеттің биік мәртебесіне қатысты қоғамдық көзқарас пен қамқорлыққа да тікелей байланысты. Сондықтан әркімнің өз ана тілін құрметтеуі тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық абзал парызын ақтау, сол арқылы елдің елдігін сақтау болып саналады.

Әлемнің көптеген елдерінде этносаралық және дінаралық қарым-қатынас мәселелері тағы да күн тәртібіне шықты. Еуропадағы дәстүрлі құндылықтар жүйелері мен Азия және Африка мемлекеттерінен шыққан, тез өсіп келе жатқан этностық қауымдастықтар мәдениеті арасында жанжалдар туындау мүмкіндігі ұлғайып келе жатқаны байқалуда. Ұлттық диаспоралардың өздері тұрып жатқан елдің қоғамына сіңісіп кетуі күн өткен сайын күрделеніп барады. Әлемнің дамуында мәдени полифонияның барған сайын дербес ғаламдық құбылыс ретінде көрініс беретін кезеңі тақап қалды. Әлемнің әр өңіріндегі және жекелеген мемлекеттердегі өмір салтын, дәстүрлерді, мәдениетті, этностық бейнені бірыңғай ету мүмкін емес екендігі айқын бола бастады. Бұл жағдай түсіністік таппаса, ғаламдық әлеуметтік, мәдени, діни қарама-қайшылықтың өршуі ықтимал дүниеге айналады.

Бүгінде бүкіл әлемде қазіргі заманның өткір мәселелері бірлескенде және консенсус негізінде ғана шешілуі мүмкін екендігі жөнінде түсінік қалыптасып келеді.

Полиэтностық және поликонфессиялық құрамы ажырамас сипаты болып табылатын Қазақстан үшін қоғамдық келісім, толеранттылық, полиэтносты қоғамның ұйысуы, мәдениетаралық және өркениетаралық үндесу идеяларына бейілдік - бұл аксиома.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанда ел азаматтарының құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ететін демократиялық тетіктерді дамыту міндеті тұрды. Бүгінде, Қазақстанның 22 жылдық тәуелсіз дамуынан кейін, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі ажырамас бөлігі болып табылатын «қазақстандық даму жолы» бүкіл әлемде мойындалып отыр.

1995 жыл еліміздегі саяси жүйенің түбегейлі реформаланып, Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамашылығымен республиканың этномәдени орталықтары негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған жылы болды. Бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданып, осыған орай этносаралық қатынастар саласындағы саясат дәйекті демократиялық сипат алды. Барлық азаматтардың этностық қатыстылығына және діни сеніміне қарамастан теңдігі қоғамдық келісімнің негізгі қағидатына айналды.

Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін мемлекет, азаматтық қоғам институттарымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, бейбітшілік пен қоғамдық келісім идеяларын қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру бойынша орасан зор жұмыс жүргізді.

Ол жұмыстың маңызды кезеңдері - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сәйкестігін қалыптастыру тұжырымдамасы, Тіл саясатының тұжырымдамасы, Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан - 2030» стратегиясы, «Қоғамды идеялық тұрғыда ұйыстыру - Қазақстан дамуының басты шарты» тұжырымдамасы қоғамдық беріктіктің қажетті қорын қалыптастыруға, толеранттылықтың ресурсын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

2002 жылдан бастап бұл жұмыс Ассамблея стратегиясы негізінде жүргізілді.

Ассамблея стратегиясы ережелерін іске асыру Ассамблеяның жыл сайынғы сессияларында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарлары негізінде жүргізілді.

Ассамблея стратегиясын іске асырудың қорытындысында «Қазақстан-2030» стратегиясы міндеттерін іске асырудағы Ассамблеяның рөлін арттыру бойынша негізгі мақсатқа және төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:

1. Мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мәдениетінің өзекті рөлін арқау ете отырып, азаматтық және рухани-мәдени біртұтастық негізінде, бұқаралық қоғамдық санада ұлттық-мемлекеттік сәйкестік туралы тұжырымның нық қалыптасуына қол жеткізілді;

этносаралық және конфессияаралық толеранттылық қағидаттары мен нормалары бекітілді;

мемлекеттік органдардың этномәдени ұйымдармен өзара іс-қимылы күшейтілді;

жүйелі негізде этносаралық жағдайға мониторинг жүргізу әлеуметтік шиеленіскен ошақтарды уақтылы анықтауға және оларды жою бойынша шараларды қолға алуға мүмкіндік берді;

ғылыми-теориялық және институционалдық-тәжірибелік сипатта этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты және іске асуда.

2. Қазақ халқының бүгінгі мәдениеті мен дүниетанымын тереңі-нен әрі жан-жақты түсіну үшін оның қайнарларын халқымыздың архетиптік санасындағы іздерінен іздеу яғни түріктер мен арғы-қазақ мифологиясынан бастап, ілкі түркілер мен ежелгі қазақ-тардың дәстүрлі мәдениетінен табу керек. Қазақ халқының дүние-танымы мен дәстүрлі мәдениетінің рухани тамырлары мен бастау көздері ежелгі сақ, ғұн және ортағасырлық түркі мәдениетінде екенін отандық зерттеушілер бүгінгі күні дәлелдеп, түйіндей тү-суде. Әсіресе, ортағасырда барлық түркі халықтарының бірігіп, бір суперэтносқа ұйысқан кезеңнің орны бөлек. Елбасы Н. Назар-баев ғасырлар тоғысының Түркі қағанатының 1450 жыл толуы қар-саңында жазылған «Тарих толқынында» еңбегінде былай деп жазды: «Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені ата-бабаларымыз адамзат тарихында өш-пес із қалдырып кеткен, Еуразия құрылығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен»
Өткен тарихымызға құрметпен қарап, оны танып-білуге деген құштарлық, рухани мұраларымыздың негіздерін айқындауға деген, ұрпақтар арасындағы мәдени-тарихи сабақтастықты жаңғыртуға деген ұмтылыс еліміздің тәуелсіздік алуы барысында мүмкін бо¬лып отыр. Ол қазіргі тарихи кезеңдегі қоғамның қажеттілігінен ту¬ындап, өркениетті мемлекет құру міндетімен байланыстырылады. Отаршылдық тұсында сөнуге сәл қалған рухани мұраның ұшқынын қайта тұтату үшін Елбасының бастамасымен көтеріліп, жүзеге асқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тигізген әсері зор болды. «Қазақтың ежелгі даласындағы түркі тілді мәдениеттің терең астарлы тарихына үңілетін болсақ, онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін қосатын талай мәдени мұраның қорына тап бола¬мыз. Тек осы рухани байлықты төкпей-шашпай, келесі ұрпаққа барлық қадірін түсірмей жеткізе білу қазіргі заманның зерделі қоғамының тарихи міндеті екенін атап өте аламыз. Мемлекетіміздің осы руханилыққа толы игілікті істі қолға алып, ғалымдардың, зерттеушілердің көмегімен үлкен бағдарламаны жүзеге асыра¬мыз деген талабы күрделі мәселе және ол болашақты ойлаудан туындаған қадамдардың қатарына жатады», — деп жазады про¬фессор С. Нұрмұратов

Адамдардың әлеуметтік немесе ұлттық бірлестіктерге ұйы-суының негізін ортақ дүниетаным, ортақ сенім құрайтыны анық. Кез-келген елдің немесе халықтың оның өркениеттік дамуы сырт¬тан енгізілген ықпалдардың әсерімен емес, ұлт болмысының терең рухани қыртыстарын қамтитын дүниетанымдық тұрғыда шешіледі. Сондықтан ұлттың өткен тарихы мен дәстүрлі рухани-дүниетанымдық тұғырларын қалпына келтіруде философия ма-ңызды орын алады. Қазақ халқы философияға бейім халық және ол өзінің рухани бастауларын түркілік дәстүрлерден алады.


Академик Ә. Нысанбаевтың қонымды пікірі бойынша, ең ал¬дымен «түркі философиясы» деген ұғымның мәнін ашып алу керек. Жекелеген ғылым салалары табиғат пен қоғамның нақты қырларын зерттеумен айналысса, ал философияның пәндік аймағы адам мен әлемнің арақатынасын қамтиды. Осыған сәйкес ғылым ұлттықтың ауқымынан тыс жатса, ал философия өзінің бастауын мифологиядан, діннен алатындықтан әлемге деген қа-тынастың этникалық сипатымен, мәдени ерекшелігімен тығыз байланыста болады. Философияны Гегель ұлттық мәдениеттің «тірі жаны, квинтэссенциясы» деп анықтағаны белгілі. Демек, әлемде қанша ұлттық жетілген мәдениеттер бар болса, сонша ұлттық философиялық жүйелердің болатындығы белгілі. «Әлем-дік философия», «үнді философиясы», «қытай философиясы», «грек философиясы», «ислам философиясы», «неміс фило¬софиясы», «орыс философиясы» деген сөз тіркестері филосо¬фия тарихында орныққан болса, ал «қазақ философиясы» түгілі, «түркі философиясы» терминін айтудың өзі баршаға белгілі идеологиялық қысымның әсерінен мүмкін болмай келді. Ал қазір-гі саяси тәуелсіздік пен рухани дербестік, мәдени плюрализм мен толеранттылық жағдайында қазақ философиясына, оның алдың-ғы сатысы түркі философиясының типологиясын жасауға, оның архетиптері мен хронотоптарын анықтауға мүмкіндік туды.
Профессор Тұрсын Ғабитов қазақ мәдениеті аясындағы түркілік философияның мынадай типтерін ұсынады: «1. Еуразиялық көш-пенділердің исламға дейінгі философиясы; 2. Орталық Азияның ислам ренессансы тұсындағы философиясы; 3. Қазақ хандығы дәуірінің философиясы; 4. Зар заман және, Ағартушылық дәуірін-дегі қазақ философиясы; 5. Азаттық қозғалысының қазақ филосо¬фиясы; 6. Қазақтың маркстік философиясы; 6. Қазақстан Респуб-ликасының философиясы. Анахарсистен бүгінгі күнге дейін — бұл түркі философиясы болмысының уақыты»

Бұл типологиядан біз ортағасырлық түркілік философияны бөліп алып, хронологиялық шеңбермен шектелеміз, яғни VI ға-сырда түркілердің әлемдік тарихтың сахнасына шыққан кезеңнен бастап, XVI ғасырда түркі тілдес халықтың қазақ, өзбек, ноғай, татар, башқұр, қарақалпақ және т.б. бөлінгеніне дейінгі кезең. Жалпы кез келген кестенің шартты екендігін айтып өту керек. Ортағасырлардан бұрыңғы да, одан кейінгі-де түркілік философия¬да ортақ құндылықтардың, рухани сабақтастықтың болғанын ешкім-де теріске шығара алмайды. Дегенмен қалыптасу мен дамудың белгілі бір сатылардан өтетіні анық. Аталған мыңжылдық уақыт аралығы Орхон-Енесей ескерткіштерінен белгілі түркілік дәстүрлі дүниетанымды, түркі халықтарының ортақ абызына айналған Қорқыт Ата дүниетанымын, «Оғызнаме» мен «Кодекс куманикус» ескерткіштерін, ислам ренессансы тұсындағы түркі философия¬сы мен әдебиетін, әл-Фараби философиясын, Махмұт Қашқари мен Жүсіп Баласағұн мұрасын, түркілік ислам философиясы мен теологиясын, оның ішінде Халлаж Мансұр мен Әбу Мансұр әл-Матуриди, Ахмед Йүгінеки мен Қожа Ахмед Иасауи, Сүлеймен Бақырғани мен Хұсамеддин Сығнақи шығармаларын, Насреддин Рабғұзи мен Хорезмидің, Хұсам Кәтиб пен Сәйф Сараидің, Құтып-тың еңбектеріндегі даналық тағылымдарын қамтиды.

Бұл ойшылдар мен олардың ілімдерінің бағыт-бағдары әр-түрлі болғанымен, оларды түбі бір түркілік дүниетанымның түбірі біріктіріп тұр. Енді осы түркілік философияның қандай ерек-шеліктері болды деген мәселеге келсек. Академик Ә. Нысанбаев пен профессор Н. Аюпов жалпы түркі мәдениетінің, оның ішінде түркі фәлсәфасының мынадай белгілерін атап өтеді:
— Батыс пен Шығыс мәдениеттерін жалғастырып саудамен қатар, рухани құндылықтарды өзара алмасуды жүзеге асырып тұрған Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан орталық азиялық мәдени ареалдың ашықтығы және әмбебаптылығы;

— табиғат философиясымен, өмір философиясымен, дүниета-нымның әлеуметтік-этикалық сипатымен, экзистенциалдық сипа¬тымен ерекшеленетін, батыстық мәдениеттегі линиялық бағытпен салыстырғанда, уақыттың циклдік (айналмалы) сипатымен ерек-шеленетін түркі фәлсәфасының дәстүршілдігі;

— дүниетанымдық идеялар мен философиялық ойлардың сан ғасырлар бойы «қорытпа қазаны» болып келген түркі мәдениетінің қалыптасуы мен дамуының жағымды бір қыры ретіндегі синкретизм;

— ұлттық ерекшелік пен архетипикадан басқа шектеулік пен жабықтыққа төзбейтін, ұжымдық-халықтық санаға терең бойлай¬тын түркі фәлсафасының халықшылдығы; батыстық дәстүрде философтар мен данышпандар қуғындалса, түркі мәдениетінде халық даналығын бойына жинап қорыта білген ойшылдар үлкен құрметке ие болды:

— түркітілдес халықтардың философиялық ойындағы діни син¬кретизм және дүниетанымдық бағдардағы діндарлықтың басым-дылығы. Түркілерде тәңірішілдік алдыңғы орында тұрғанымен, олардың мәдени тарихынан зороастризмнің де, буддизмнің де, манихейліктің де іздерін, аңғаруға болады. Қатаң монотеистік ислам дінінің өзі бұл аймақта таза ортодоксалды күйінде тара¬ла қоймады. Түркі халықтарының діни дүниетанымының дәстүр-шілдігі, оның жоғары синкреттілігі исламның түркілік реңге боя¬луына ықпал етті;

— түркітілдес халықтарда философия Батыстағыдай универ-ситеттік типте емес, эпикалық дастандарда, көркем прозада, даналық және өсиет кітаптарында, поэзия мен фольклорда бой көрсетеді;

— Түркілердің өмірқамындағы табиғатпен үндестік олардың дүниетанымында натурфилософиялық мәселелерді алдыңғы орынға шығарады

Түркілік фәлсәфаның мұндай ерекшелік белгілерін көптеген зерттеушілер мойындайды. Түркілік философияның негізгі дүние-танымдық әмбебаптары халықтың имманентті рухани тәжірибесі мен осы мәдениеттің сұхбаттық өрісі (түркі-қытай, түркі-соғды, түркі-араб, түркі-славян синтездері) арқылы анықталады. Онда болмыс, адам, уақыт, кеңістік, еркіндік пен қажеттілік және т.б. іргелі философиялық категориялармен қатар, «бақыт», «құт», «қанағат», «несібе», «ынсап», «обал», «сауап», «кие», «кесір», «ел», «әлеумет» және т.б. өзіндік дүниетанымдық және филосо-фиялық әмбебаптар молынан кездеседі. Бұлардың арасындағы «көңіл», «хәл», «ғашықтық», «шаттық», «ғапылдық», «уайым», «қайғы» және т.б. экзистенциалдық жағдайға барынша жақын ке-леді. Түркілік төл ұғымдар исламнан енген түсініктермен сіңісіп, өзге тілдерге аударылмайтындай мәнді мағыналарға айналған.

Түркілердің дәстүрлі дүниетанымының да, әлемге деген философиялық қатынасының да экзистенциалдық сипатта болғанын баса айту керек. Кейінірек бұл этикалық сарын мен экзистенциялық көңіл-күй өзінің мазмұнын жоғалтпай қазақ халқының жыраулар поэзиясында, Абай мен Шәкәрімнің ілімдерінде жалғасын тапты. Бүгінгі қазақ философиясының көрнекті өкілдері Ә. Нысанбаев пен Ғ. Есім тәуелсіздіктің таңы атқан тұста-ақ осыған дейін кеңес дә-уірінде кемсітіліп келген «қазақ философиясы» туралы алғаш рет сөз қозғап, оның рухы жағынан өмір сүру философиясына, яғни эк¬зистенциализмге жақын екендігін айтқан болатын . Арғысы түркі, бергісі қазақ халқының дәстүрлі қоғамында әлеуметтік қатынастар «адам күні адаммен» деген ұстынға негізделеді. Бұл ұстынға сәйкес адам тек адамдардың арасында ғана еркін өмір сүре алады. Қауымның көшіне ере алмаған әлеуметтік қауымдарды дәстүрлі қоғамда «сарт», «жатақ" деп кемсітті, қоғамнан бойын аулақ ұстаған адамдарды «кісікиік» деп атады, бұл түсінік әлеуметтік ортада қадірленетін «кісілік» ұғымына қарама-қарсы қолданылды. Бұл бір қарағанда, әлеуметтік белсенділікті қостағандықтан тұйықталуды, оңашалануды дәріптейтін экзистенциализмге жат болып та көрінеді. Осыған орай Гүлжиhан Нұрышева былай дейді: «Экзистенциалды сипаттағы қазақ философиясы адамды өмір сүру туралы, өзінің өмірдегі орны туралы терең ойға, өмірлік мақсатқа негізделген белсенді іс-әрекетке, өзін-өзі рухани жетілдіруге жетелейді, мәнді өмірге жету, өз тағдырын анықтау адамның өз қолында деп тү-сіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ философиясы жалпы экзи¬стенциализм секілді пессимистік емес, адамға пайдалы позитивтік сипатта, экзистенциализмнің үшінші түрі — позитивтік экзистенциа¬лизммен үндес деген ой түйдік»
Адамның бұл өмірдегі бір міндеті үнемі іштей өсу болса, біздің әдеттегі өміріміз — күйбең тіршіліктен ойлау мен өмірдің жаңа тәсілдеріне көшудің қажеттілігі байқалады. Сондықтан да экзи¬стенциализм ілімінен алатын тағылым — сананың тар әлеуметтік және прагматикалық бағдарынан арылу. Экзистенциалды фило¬софия кездейсоқтық па әлде заңдылық па, адамның күйзелісті жағдайында пайда болатын ізденіс сарыны ма немесе адамның бойында орналасқан құдіретті, ақиқатының сыртқа шығу құбылысы ма?! Қалай десек те, әйтеуір, бұл дүние шынайы болмыстағы құндылықтардың құлдырауына қарсылық білдіру түрінде жүректен шығатын ізденіс жолына ұқсайды.

Батыстың өмір сүру философиясының көрнекті өкілдерінің іріктелген шығармалары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдар-ламасы аясында ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану инсти¬тутында даярланған 20 томдық «Әлемдік философиялық мұра» кітаптар сериясының 11-томында қазақ тілінде жарық көрді. Осы томды құрастырушылардың пікірінше, «өмір сүру философиясы өзінің Еуропада зерттелген түрінде бұрыңғы және қазіргі заманғы көптеген қазақ ойшылдарының философиялық толғаныстары мен ұстанымдарына біршама жақын. Себебі, қазақ данышпаны үшін басты маңызға рационалистік тұжырымдар емес, адамның тірі жанына, тірі өмірге, еркіндік пен жауапкершілікке назар ауда¬ру ие. Батыс зерттеушілері мен Қазақ даласының осы үндестігін оқырман қазақ жастары байқайтын болады және қазақ зиялыла¬ры жағымды қабылдайды»

Дүниетаным, ақиқатты рухани-практикалық игерудің танымдық жүйесі болса, дүниетанымның соңғы және жоғарғы формасы философия деп есептеледі. Оның ішіндегі бір ұлтқа ұйысқан адамдардың білім мен сенім жиынтығы, рухани-адамгершілік және моральдық мұраттары, әлеуметтік-саяси бағдарлары мен қоршаған ортаға деген психологиялық және эстетикалық көз-қарастары дүниетаным түсінігінен қуат алады. Олай болса, Қа-зақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастама-сымен елімізде бірнеше жыл бойы жүзеге асып жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының ауқымында ұлттық рухани құндылықтар мен мұрамызды игеруде философия өте үлкен рөл атқармақ.

СОӨЖ 8


8.1 Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Абай, Шәкәрім еңбектерінде діни рухани құндылықтар.

8.2 Қазіргі кезде дінге байланысты қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.


Орта ғасырда қазақ даласынан шыққан ғұламалар Әл-Фараби мұралары, Махмұт Қашқаридің «Диуани лүғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы»), Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» («Құтты білік»), Ахмет Йасауидің «Диуани Хикмет» («Хикметтер жинағы»), Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарих и Рашиди», «Жаһан-наме» еңбектері, Ахмед Йүгінекидің «Хибат-ул Хақаиқ» («Ақиқат сыйы»), Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырған кітабы», Хусам ад-Дин Сығанақи еңбектері ислам мәдениеті аясында жазылған жәдігерлер. Түркі ойшылдары ислам мәдениеті мен ғылымының өркендеп өсуіне елеулі ықпалын тигізді. 960 жылы Қарахан мемлекетінің ресми діні ислам болып жарияланды. Қарахандықтар дәуірінде қала мәдениеті дамып, мұсылмандық сәулет өнерінің ескерткіштері Алаша хан кесенесі, Әулие Ата, Айша Бибі кесенелері, мешіттер мен медреселер, кітапханалар Қарахан мемлекетіндегі рухани-мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары болғанын дәлелдейді.
Орта ғасырларда қазақ елі мұсылмандық мәдениеттің аясында дамып, есімдері әлемге белгілі ойшылдар мен ғалымдарды тарих сахнасына шығарды. Араб халифаты аясындағы сан түрлі тілде сөйлейтін және алуан түрлі мәдени ұстанымдағы халықтарды біріктерген ислам мәдениеті ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің үлгісіне айналды. Орта ғасырлық мұсылман мәдениеті мен философиясы, ғылымы мен өнері түркі, араб, парсы тілдес сан алуан халықтардың жасаған ортақ еңбегінің нәтижесінде әлем мәдениетінің алтын қорына айналды.
Ислам діни сенімі және ислам құндылықтарының қазақ даласына енуі қазақ мәдениеті мен әдебиетіне Құран Кәрім қиссалары мен араб әдебиетінің үлгілері де ене бастады. Ортақ рухани құндылықтар негізінде мұсылмандық шығыс мәдениетінің жәдігерлері қазақ мәдениеті мен әдебиетіне ауызша аңыз-дастандар жолымен, яғни, жыраулар мен термешілердің қызметі арқасында, екіншіден, қолжазбалық түрде тарала бастады.

Махмұт Қашқаридың еңбегінде ислам құндылықтар мен тәлімдері, әдептілік ұстанымдары айқын көрінеді. Исламның жалпыадамзаттық құндылықтары ойшыл дүниетанымының негізі ретінде көрінеді. Қашқаридің мұрасындағы ислами құндылықтар қоғам мен адам арақатындағы және тәлім-тәрбиеге қатысты айқындалады. Сондықтан да Қашқари шығармаларында ислам ілімі мен құндылықтары маңызды орын алады.

Махмұт Қашқари түркі тілдес халықтарға ортақ данышпан ғалым. Махмұт Қашқари шығармашылық мұрасымен мұсылман шығысының рухани және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбегінде тіл мәдениетімен қатар, исламның рухани-имани құндылықтары айшықталады. Ойшылдың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі ежелгі түркі халқының ұлттық сана-сезімімен қатар, олардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, өмірлік құндылықтарын, ділдік ерекшеліктерін көрсететін құнды мұра. М.Қашқари өз шығармасында түркі халықтарының дүниетанымдық көзқарастарын, ахлағын және діни құндылықтарын ашып көрсетеді. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегін дінтанулық тұрғыдан зерттеу бүгінгі ұрпақ үшін рухани түп-тамырын табуға жол сілтейтін құндылықтарды танып білуге мүмкіндік береді.

М.Қашқари өз еңбегінде Құран мен Сүннетке негізделген ислам құндылықтарын адамды тәрбиелеу мұратына қолданады. Қашқаридің діни-этикалық ізденістеріне исламның ахлақтық қағидалары мейірімділік, әділеттілік, бейбітшілік, достық, жомарттық, сабырлылық, шүкірлік, тақуалық және т.б. паш етіледі. Қашқаридің діни-этикалық көзқарастары заманы мен халқы туралы бұқараның иман саулығы және әдебі туралы ойлары оның дүниетанымының негізгі тіректерінің бірі. 

Жүсіп Баласағұн 1020 жылы Баласағын (Баласағұн) қаласы, Қырғызстандағы қазіргі Тоқмоқ өңірінде дүниеге келген. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды.

Ғасырдан ғасырға жалғасқан түркі халқы мәдениетінің классикалық әдеби жәдігерлерінің қатарынан орын алған Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» дастаны халқымыздың тарихы, діні мен ділі үшін үлкен мәнге ие теңдесіз туынды болып табылады. Орта ғасырлық Қарахан әулетінің билігі тұсында жазылған «Құтты білік» шығармасы отбасылық тәртіптен бастап мемлекет құрумен қатар оның алып істерін жүргізуге дейінгі аралықты қамтыған қанатты сөздермен берілген ойлардан тұрады.

Әл-Фарабидің пайымдауынша, «дін – бәрі үшін алғашқы басшы алдын-ала айқындалған көзқарас және іс-қимыл». Отырарлық ойшылдардың пайымдауынша, дін адамзат үшін басшылыққа алатын дүниекөзқарас және іс-әрекет жүйесі. Фараби діни құндылықтарда адамның рухани дүниесі мен әдептерін қалыптастыратын күш-қуат көзі бар екендігін және дін бақыт пен игілікке жетудің бір құралы болатындығын атап көрсетеді. Құранда: «Аллаһтың саған сыйлаған нәрселері арқылы ақырет жұртын құмарт. Сондай-ақ, дүниеден алар үлесіңді де ұмытпа. Аллаһ саған жақсылық қылғандай, сен де жақсылық қыл және жер бетінде бұзықтық тілеме. Өйткені, Аллаһ бұзақыларды жақсы көрмейді» делінген [Әл-Қасас, 77].

Әл-Фараби діннің негізінде ізгі мазмұн мен ибалы мән айшықталғандығы және дін мен бақыттың үйлесімділігі, бұл ізгі дін болатындығын болжайды.

Әл-Фараби философия мен дінді адамның дүниедегі болмыс тәсілдері ретінде анықтайды. Философия (фәлсәфа) деп әл-Фараби тек даналықты (хиқма), «Жалпы туралы» ғылымды ғана түсінбейді, оны өмір сүру тәсілі, адамды өзінің адами мәнін түсінуіне жеткізіп қана қоймай, осы тәсілдің арқасында сол нағыз мәнге айналдыратын тәсіл ретінде түсінеді. Дінді де ол дүниедегі болмыс тәсілі деп, ақиқат жолға бастайтын тәсіл деп түсінді. 

«Әбу Насыр өзінің «Философияның дінге қатысы» атты еңбегін «Мейірімді, мейірман Аллаһ үшін...» деген сөздермен бастауы да кездейсоқ емес. Көп жағдайда оның құран мәтіндеріне назар аударуы, бұл үзінділерді түсіндіруі өзінің тұлғалык позициясы мен өзінің түсінуі тұрғысынан және сонымен бірге құран сөздерін логикалық пайымдау тұрғысынан жүзеге асады. Сол арқылы философ дүниедегінің бәрі түсіндірілуі тиіс екендігін және дүниедегінің бәрін түсіндіруге болатынын көрсетеді. 

Нағыз ислам философы ретінде әл-Фараби Мұхамед пайғамбардың миссиясын, оның Алла жөніндегі танымын мойындайды. Аллаға, Періштелерге, Қасиетті кітаптарға, Пайғамбарларға, Ақыр заман күніне, тағдырға сену сияқты Ислам ілімінің барлық алты белгісі әл-Фараби трактаттарында тура болмаса да өзінше бір ерекше түрде түйінделген.

Әл-Фараби Қайырымды қалада періштелер жөніндегі ислам ілімінің барлық жағын қарастыруға тырысады. Абу Наср трактаттарында Періштенің аян болуы мен елестеуі туралы бөлім бар. Бұл жерде философ әрекет етуші интеллект бейнесін өңдеуге қабілетті қиялдағы күштер әрекетін қарастырады. Исламның негізгі үшінші бөлімі Қасиетті кітаптарға сенімді, әл-Фараби арнайы бөліп алып қарастырмайды, дегенмен осы бағыт төңірегінде жалпылама тұтас түсінік бар.



Пайғамбарларға сенім немесе исламның төртінші бөлімі әл-Фарабидің әділетті әкім туралы тұжырымдамасында жарқын көрініске ие. Сенімнің төртінші тармағы бойынша мұсылман барлық пайғамбарлардың ақиқаттығына сену керек. Құранда Адам, Ыдырыс, Нух, Худ, Салих, Ибраһим, Лут, Ысмаил, Жақып, Жүсіп, Аййюб, Шуэйб, Мұса, Харун, Зуль-Кифль, Дәуід, Сүлеймен, Ілияс, Зәкәрия, Яхья, Иса, Мұхаммед сияқты есімдер айтылады. Құранда дінге сенушілердің атасы Авраам және ол мұсылман деп көрсетіледі. 

Құран сүрелерінде көрсетілген пайғамбарлар жөніндегі ілім монотеистік діндердің сабақтастығын ғана айтып қоймайды, адамзаттың шығу тегінің бір екендігі идеясына алып келеді. Әбу Насыр ханиф, елші деген сөздерді қолданбайды, бірақ имам, пайғамбар түсініктерін жиі пайдаланады. Сонымен бірге Қайырымды қала, Бақытқа қол жеткізу еңбектерінде пайғамбарлық жөніндегі мәселелерді алға тартады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет