Орындаған: Гайбулла Гулрух Тобы: фақ-111A Қабылдаған



бет1/3
Дата11.03.2023
өлшемі27,39 Kb.
#73344
  1   2   3
Байланысты:
Гайбулла Гулрух ФАҚ-111А тобы ЯСАУИТАНУ2


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы


БӨЖ
Тақырыбы: Диуани хикметтегі сопылық жайлы хикметтер

Орындаған: Гайбулла Гулрух
Тобы: ФАҚ-111A
Қабылдаған: Айбек Бейсенов
Түркістан, 2022 ж
Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім

  • Сопылық туралы жалпы түсінік

  • Сопылықтағы болмыс мәселесі

  • Сопылықтағы нәпсі тәрбиесі

  • Диуани хикметтегі сопылық жайлы хикметтер

III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе


Орта Азия мен Қазақстандағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз, данышпан, кемеңгер ақын Қожа Ахмет Ясауи түркі тілдерінде жазған. Қожа Ахмет Ясауи бар өмірін Алланың ақ жолына арнаған ғұлама. Ол Құдай сөзі “Құран кәрімнің” мағынасын “Диуани хикмет” атты баға жетпес туындысында жырлап шыққан білімдар жан. VIII ғасыр мұсылман дүниесінде тақуалық көңіл - күй орнығып, бұл ағым кейін ислам философиясын дамытқан қомақты салаға айналды. Жалпы орта ғасырлық мистикалық философия сопылықпен тығыз байланысты болады.
Сопылық туралы жалпы түсінік
Суфизм поэзиясының алдына қойған мақсаты - бір Алланың дидарын көру жолындағы рухани ғашықтық. Бұл мұсылман баласы үшін үлкен мұрат, алайда азабы да, арқалар салмағы да ауыр қиын мәселе. Суфизм Аллаға құлшылық етудің ең жоғары сатысы, ал айналадағы еш бір нәрсеге алаңдамауға, дүние мүлікке қарайламауға, ертең не болады, күнім қалай өтеді деуге, тіпті бала - шаға, қатын қалашты да естен шығаруға мәжбүр етеді. Софылар тек ақиқатқа жетуге, шындықты ғана тануға, бүкіл жан дүнесімен бар болмысымен жалбарынып қызмет жасайды. Өйткені олар үшін бес күндік жарық дүние баянды емес, көзді ашып - жұмғанша өтеді де кетеді. Өзгермейтін, аумайтын, айнымайтын, мәңгі жасайтын жалғыз құдреті ол - шындық, ақиқат дегеніміз Алла. Сопылық - исламның дәл өзі, негізгі шариғаттың ішкі жағы, толыққанды, жетілген мұсылман болудың жолы. Осы мағынада істелген, бастан кешірілген “хал”болып табылады. Ол әдебиет те емес, сөз де емес. Сопылықтың қайнарын, сопылардың халдерін, әдістерін, тәжірибелерін, дүниеге, адамға деген көзқарастарын “Сопылық ілім” зерттейтін болса, іштің сыртқы жағы, сопылықтың сыртқы ілімі болып табылады. Сопылық ілімін білетіндердің көпшілігі оның дәмін біле бермейді, хабарсыз да болулары мүмкін. Бұған қарсы көп сопылар да «жолда» ілгері кеткенімен тура мағынада ғылымнан бейхабар. Олар теңізде жүріп теңіздің не екенін білмейтін балықтар сияқты. Бұлардың алғашқылары балдың құрамын, оның қалай пайда болатындығын, пайдасын біле тұра «бал жемеген» адамдарға ұқсайды. Ал, екіншілері болса, балдың дәмін та тартқан, жеген, пайдаланғандар. Бірақ балдың екендігінен, қалай пайда болғандығынан, қайдан келгендігінен білімсіз қалғандар. Сопылық сапардың мақсаты - ықылас мақамына ұласу ол мақамға жету үшін субъективтік (іштегі) және объективтік (сыртқы) құдіреттерге сыйынудан құтылу керек. Ықылас шариғатын үш белгінің бірі білім, іс және ықылас. Тариқат пен ақиқат шариғаттың бір бөлігін құрайтын, ықыласты қолында ұстауға қабілетті, шариғаттың көмекшілері болып табылады. Сопылықтың бастау алар бұлағы - Құран мен хадис. Сопылықтың алғашқы қадамы - махаббат янни, Аллаға қауышу жолының жолшыларын сүю, бірінші баспалдақ болып табылады. Бұларды «мухиб» дейміз. Бір муршидтің қол астына, қадағалауына өз еркімен келгендерді «мурид», олардың ең алғашқыларын «мубтеди», соңғысын «мунтехи» дейміз. Болмыстың барлық баспалдақтарынан өтіп, «құдайлық затқа» ұласқан және бастаған жеріне қайта оралған мурид, жол көрсете алатын дәрежеге көтерілген мурид мақамына ие болады. Сопылықтың жүзеге асуындағы ең негізгі нәрсе зікір болып табылады. Зікір Алланы еске алу деген сөз. Сопылық - адамға жаратылысындағы мән - мағынаны ұғындырады. Сопылық жолы жеті баспалдақтан тұрады. Хақ әлемінің алғашқы сатысында «бұйрық әлемі» ашылады. Бұйрық әлемінің бірінші сатысында іс- әрекеттеріндегі бейне - тажалли, көрініс табады. Екінші сатыда көрініс - сипат болады. Үшінші сатыда «зат бейнесі» көрініс бастайды. Сопылық жолы адамдарды дүниеге сиынудан бас тартқызып, тәрік ету деген сөз емес. Нағыз сопылар дүние істерінде де ада болып, адамдарға (дүние істерінде) қоғамға пайдалы болғандар. Сопылар жолшылық кезінде табиғи ғылымдарды Исламның ашық өкілдерін негізге ала отырып жоруға, осы тәрізде Исламнан тыс жат объектіге адаспауға көңіл бөлген. Сопы бір жағынан ішкі дүниесінің тереңдіктеріндегі шексіз ақиқаттың дәрежелеріне жетуге ат салысса, екінші жағынан одан алған шабытпен қоғамға пайдалы болуды мақсат еткен адам.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет