Аралық Бақылау



бет1/2
Дата17.11.2022
өлшемі46,33 Kb.
#50890
  1   2

«Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті»



Аралық Бақылау
Әбу Насыр Әл-Фараби – дүниежүзілік мәдениет пен білімнің ұстаз атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.

Тескерген: Панзабек Бағила Торебекқызы
Орындағандар: Сержан Аяжан
Жиенесханова Гулнур
Жумагазиева Сымбат
Айтлен Іңкәр
Серік Інжу
Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны. Шын аты – Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан.
Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып-жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға, кейін Бағдатқа кетті. Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды. Өзі діншіл адам еді.
Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін. Ол парсы,араб,латын және грек тілдерін үйренді. Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті. Сондықтан да өзін «Хадже-и-сани»,яғни «Екінші ұстаз» деп аталады. 941 жылы Алеппоға келді. Ол жылдары Алеппо Сейфуддевле Әлидің қол астында еді.
Бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы Фарабиге үлкен сый-құрмет көрсетіп,оны сарайына алды. Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай, күндіз көкөніс өсіріп, түнде шам жарығымен философиялық ойлар жазумен айналысқандығын көрсетеді. Фараби – алғашқы Ислам философы және ислам философиясын қалаушы.
Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Фарабидің «Ат-талисмус-сани» атты ең-бегірек философиясына еліктеушілік. Олай болса бұл өте жемісті елік-теушілік, өйткені ол өзінен кейінгі бүкіл дүние ой-пікіріне құрмет көрсеткен Ибн Сина осы кітаптың арқасында грек философия- сын үйренген. Ибн-Сина былай деген еді: «Бір кітап дүкенінен сатып алған Фарабидің кітабын оқы-ғанда,бұрын еш түсіне алмаған грек метафизикасын толығымен осы кітаптан үйрендім».Фараби музыкамен де айналысқан, тіпті «канун» деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған.Оның «музыка – кітабы» музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу. Фараби Алепподан Шамға (Дамаск), Шамнан Каирге сапар шеккенде жұрт арасына өзінің пікірлерін таратқан,білімге қызмет еткен.
Ол Алеппода 950 жылы январь айында қайтыс болып, Шам қаласының жанындағы Баб-ул-Сағыр деген жерде жерленді. Фарабидің ойы, көзқарастары, өте жемісті еңбектері, түсіндіргісі келген ойын өте жеңіл түсіндіре алатын қасиеті Шығысты да, Батысты да таң қалдырды.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) – қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі.
Ол әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шам, Самарқан, Бұқара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. Ол түркі ойшылдарының ең атақтысы, әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді.
Орта Азия, Парсы, Иран, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейген ол көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген.
Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған.) Адамның өз болмысын өзі танып-білуіне философиялық тұжырымдар жасаған.
Бұл мәселені логика, этика, педагогика тұрғысынан кеңінен саралап, өзара сабақтастықта қарастырады. Ол рухани бастауларды жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бақыттан іздестірді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. еңбектері бар.Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. Астрономияға байланысты еңбектеріне “Алжебрге түсініктеме”, “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабын” жатқызуға болады. Арифметика саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе”, физика саласында “Вакуум туралы”, медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, музыкаға байланысты “Музыканың ұлы кітабы” еңбектері әлемді мойындатқан дүниелер.
Аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, данышпан, энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым. Ол 870-950 жылдары Сырдария бойындағы Отырар қаласында туып-өскен. Шын есімі Мұхаммед Ибн Ұзлағ Тархани. Отырар қаласы сол кездері Фараб деп аталғандықтан, ғұлама ғалым өзінің Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ұзлағ Ибн Тархан есімін туған жеріне байланыстырып, Әл Фараби деп атаған. Яғни, Фарабидің әкесінің есімі Ұзлағ, арғы атасы Тархан болған. Әл Фараби 870 жылы Жібек жолының маңызды орталықтарының бірі болған Отырар қаласының маңында дүниеге келген.

Ол бала кезінен сол дәуірдегі өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұхара, Самарқан, Мерф, Бағдат, Харран, Рей, Каир, Алеппа, Шап қалаларында болып, үнемі білімін жетілдіріп тұрды. Жасөспірім шағында елге келген керуенмен ілесіп, Бағдатқа барады. Әл-Фараби сауатын түркі тілінде ашып, өзін ақын-күйші, әнші ретінде танытқан. Ғұламаның өлеңдерінен үзінділер де сақталған және күйшілігі туралы деректер де кездеседі. Әл Фараби өмір сүрген заманда бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болғандықтан, халық қарым-қатынас жасау үшін араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Солар секілді Фараби де бірнеше тілдерді жетік меңгерген.


Ғылым, білім іздеп, жер жерді аралаған ойшыл парсы, түрік, араб тілдерінен бөлек грек, қытай, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді. Сол заманда дамыған барлық ғылым салалары мен өнер түрлерін жетік меңгеріп, оның дамуына өз үлесін қосады. Осылайша, кейінгі ұрпаққа мол мәдени асыл мұра қалдырды.
Оның заманы Жібек жолы бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне тұспа-тұс келді. Әл Фараби Парсы, Ирак, Араб елдеріне жиһангездік сапарлар жасап, тез есейді. Барған жерінде көптеген ғұламалар мен ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысады. Тарихи деректерде Әл Фараби 70-ке жуық тіл меңгерген деп көрсетіледі.
Әл Фарабидің ғылыми қызметі ортағасырлық араб-мұсылман мәдениетінің гүлдену дәуіріне, яғни біздің дәуіріміздегі 10-ғасырдағы мұсылман реноссансына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта Әл Фараби ойларының өзектілігі қайтадан арта түсуде. Оның көзқарасында саясат, дін және бақыттың өзара терең қатынасы көрсетілген. Бүгінде әлем ислам және батыс өркениетінің текетіресу қаупі алдында тұрғанда, ислам мәдениетімен астасатын экстремистік және лаңкестік көңіл-күй үдеп келе жатқан кезде, ұлы философтың мұрасы адамзаттың күллі көзқарасын шешуге көмек бере алады.
Өздігінен білім алып, көп ізденген ойшылдың бүгінгі күнге дейін «Логика, «Метофизика», «Этика», «Саяси және әлеуметтік философия», музыка мен медицинаға арналған жүзден астам трактаттары сақталған. Ол ең алғаш болып музыканы математикалық негізде жүйелеп, оны ғылымның бір бағыты ретінде көрсеткен данышпан. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады.
Білім-ғылымды үйретумен қатар тәрбиелік мән зор шығармалар жазды. Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзінің абзал қасиеттерін тани алмайды. Ұлы ойшыл ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани сауаттылыққа жол ашылады, мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.
Әл-Фараби «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол кезешекте оның өміріне зиян әкеледі» деп тәрбиеге аса қатты көңіл бөлу керектігін түсіндірді. Ғұламаның ғылыми философиялық еңбектерін байыптап, қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол Шығыс еліндегі тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы. Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері», «Бақытқа жол сілтеу туралы» трактаттарында этикалық- эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, білім дәрежелерін саралап, солардың негізін дәлелдеп берді.
Ол музыка туралы жазған кітабында музыка өнерін әдемілеп жіктеп береді. Ал «Логика» және «Диалектика» атты шығармасында әлемнің ішкі байланысын, дамуы қандай екенін түсіндіріп, әлемге паш етеді.
Әл-Фараби дүниенің мәңгілігін мойындап, танымның болмысқа тәуелділігін растап, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Ол “Ғылымдар тізбегі”, “Бесінші трактат”, “Медицина каноны”, “Қайырымды қала”, “Адам ағзасындағы мүшелер”, “Жануарлар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы”, “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу”, “Вакуум туралы”, “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе”, “Болжамдағы геометрияға кіріспе”, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс”, “Ғылымдардың шығуы”, “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме”, “Фусул ал-мадани”, “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” секілді ғылымның барлық саласына арнап еңбектер жазып, көп мұралар қалдырған кемеңгер философ.
1975 жылы Алматыда тұңғыш рет қазақ жерінің кемеңгер перзенті, отырарлық ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның айтулы мерзімдер календарына кіргізіліп, үлкен салтанатпен аталып өтті. Оның алдында Қазақ КСР Ғылым академиясы Философия және құқық институты жанынан ашылған әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығы Отырар ойшылының араб, ағылшын, неміс, француз, чех және т.б. тілдердегі бірқатар шығармаларын дүние жүзінің түкпір-түкпірінен жинап, Алматыда қазақ, орыс тілдеріне ауда­рып жариялады.
Жалпы, Әбу Насыр әл-Фа­ра­би­ді әлемдік, Кеңес және Ор­та Азия мен Қазақстан ға­лым­да­ры М.Штейн­шнейдер, Г.Зу­тер, Ф.Дитерици, А.Ре­шер, Б.Ға­фу­ров, С.Григорян, А.Са­ға­диев, Ю.За­вадовский, Ә.Мар­ғұ­лан, А.Ма­ша­нов, О.Жәутіков, А.Қа­сым­­жанов, Ә.Нысанбаев, Ә.Дер­бі­сәлиев, А.Кө­бесов, М.Бурабаев, Қ.Жа­рық­баев, М.Хайруллаев, К.Тә­жікова және т.б. зерттеді. Олар кезінде жекеленген монографиялар мен аса құнды мақалалар жазды.
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған дәуір данышпанының еңбектерін зерттеу елімізде де 70-жылдардан бастап қолға алынды, қарқынды жүрді. Доктор­лық, кандидаттық диссерта­ция­лар қорғала бастады. Содан бері де біраз жыл өтті. Еліміз егемен болған соң бұл игілікті іске әсіресе кең жол ашылды. Әбу Насыр әл-Фараби атындағы ұлттық университетте ұлы баба шығармашылығын зерттейтін ғылыми орта­­лық құрылды. Олар бірнеше халықаралық және республикалық тағылыми тео­рия­лық және практикалық конференциялар өткізді. Мен де бұл істің басы-қасында болып келемін.
2020 жылы Әбу На­сырдың туғанына 1150 жыл толды. Оны биік деңгейде өткізу ту­ралы әл-Фараби атындағы Қаз­ҰУ ғалымдары тиісті мекемелерге ұсыныс жасады. Соған байланысты Сыртқы істер ми­нистр­лігі Мәдениет және спорт министр­лігіне хат жолдап, әуелі Әбу Насырдың дәл туған жылын, туған жерін және ата-тегін анықтау мәселесін тапсырды. Мәдениет мекемесіндегілер оларды анықтауды Білім және ғылым министрлігіне тапсырды. Ол ұлы ғалым атын алып отырған жоғары оқу орнына және Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, Философия, саясаттану және дінтану институттарына жүктелді.
Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын зерттеуді жаһан ғалымдары (АҚШ, Еуропа, Азия, Африка) күні бүгінге дейін жалғастырып келеді. Ең әуелі мен Әбу Насыр өз шығармаларын туын­датқан араб тіліндегі қайнар көздерге үңілсек.
1. Әбу Насыр әл-Фарабидің тегі жайлы араб тілді дереккөздер не дейді?
Ортағасырлық шежіреші, тарихшы ғалымдардан:
- Джамал ад-дин Әбу-л Хасан Әли бин Йусуф әл-Қифти (1172-1248) «Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан Әбу Насыр әл-Фараби»;
- Ибн Әби Усайбиға (1203-1270) «Әбу Насыр Мұхаммед бин Мұхаммед Узлаг (Ұзлақ, Ұзақ – түркі есімі, араб қаламгерлері және Еуропа ғалымдары да оны бұрма­лап жазуы мүмкін – Ә.Д.) бин Тархан»;
- Ибн Халликан (1211-1282) «Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Аузалаг» (Узлағ, яки Ұзақ болуы мүмкін)» деп көрсетсе,
- Әбу Насыр әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты 1500 беттен тұратын еңбегінде ғалымның аты-жөні: «Әбу На­сыр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби» деп жазылған.
Ал замандасымыз Фаруқ Саъд Әбу Насырдың өмірі мен шы­ғармашылығына арналған монографиясында оны «Әбу Насыр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби ат-түрки» деп көрсеткен. Ал өзге ел оқымыстылары ше?
Иран. Ирандық ғалымдар «ат-түрки – түркілік» деген сөзді әдетте жазбайды. Өйткені олар Әбу Насыр әл-Фарабиді парсы текті санайды.
Дін қызметінде жүргенде бірде Теһранда өткен халықаралық конференцияға бардым. Арасында әдеттегідей Иранның ұлттық кітап­ха­насында болдым. Кітапхана дирек­торы Иран президентінің мәде­ниет жөніндегі кеңесшісі де екен. Әңгіме арасында Әбу Насыр әл-Фарабиді қазақ жерінің перзенті деп қалып ем, ол:
- «Әл-Фараби Иран ғалымы» деді. Кітапхананың үлкен зал­да­рының бірі де Әбу Насыр әл-Фараби атымен аталады екен.
Мен Әбу Насырдың қазақ жерінің перзенті екенін дәлелдеуге тырысып едім, ол бастырмалатып өз дәлелін келтіріп, көнбеді.
- Отырар перзентін Иран ғалымы дейтіндей сіздің қандай уәжіңіз бар? дедім.
- «Әбу Насыр Орта Азияны са­манидтер билеген кезде өмір сүр­ген, саманидтер парсылар еді» – деді ол.
Қазақ жерінің оңтүстігі саманидтердің билігінде бар-жоғы 180 жыл ғана болды. Оның өзін­де олар тек билік басында ғана тұрды. Ал жергілікті халық түр­кі тектілер еді дедім мен өз уәжім­ді айтып. Ортағасырлық араб ға­лымдары да Әбу Насыр әл-Фа­рабиді Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құяр сағасындағы Отырар шаһарында туған деген. Отырар кейіннен Фараб аталды. Әбу Насырдың өмірбаяны жайлы ортағасырлық шежіреші Ибн Халликан (1211-1282) біраз дерек қалдырған. Оның еңбегі сіздердің кітапханаларыңызда болса керек. Директор-кеңесші мырза көмекшісіне кітапханадан Ибн Халликанның «Ұлы адамдардың қазасы жайлы кітап» атты еңбегін алдыртты. Қосылып оқыдық. Онда Әбу Насыр Иранда туған деген сөз жоқ еді. Ибн Халликан: «Әбу Насыр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Аузлаг [Ұзақ] «ал-Фараби, түрік [текті], көрнекті ой­шыл (ал-Хаким)...» делінсе, тағы бір жерінде «Әбу Насыр түр­кі [текті] еді, ол «өз елінде туып, өз елінде өсті... Ол түркі тілін және өзге де тілдерді білді, бірақ араб тілін емес. Араб тілін оқу­ды бастаған ол, оны кемеліне жеткенше игерді, сонан соң ғана ой­шылдық ғылымдар (улум ал-хикма) жайымен, яғни (филосо­фиямен – Ә.Д.) айналыс­ты» деп жазылған. Сөзден ұтылған ди­рек­тор-кеңесші амалсыз үнсіз қалды.
[Абу-л Аббас Шамс ад-дин Ах­мед бин Мұхаммед бин Әбу Бакр бин Халликан Уафайат әл-ағйан уа абна аз-заман. Бейрут [жылы көрсетілмеген], 5 том, «Әл-Фараби әл-файласуф» - «әл-Фараби философ», 153-157-беттер].
АҚШ. Әбу Насыр әл-Фара­би­дің библиографиясына арнаған еңбегінде АҚШ ғалымы Nicholas Rescher оның тегін: «Әбу Насыр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби»;
Германия. Атақты неміс шығыстанушысы Карл Брокельман (1868-1956) Отырар ғалы­мының аты-жөнін «Әбу На­сыр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Узалаг әл-Фараби;
Түркия. Түрік ғалымдары Ismet Binark, Nejat Sefergioglu Оты­рар ғалымын «Әбу Насыр Мұ­хаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Узлик әл-Фараби ат-түрки»;
- Тағы бір түрік ғалымы Yasar Aydinli «Әбу Насыр Мұхаммед бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби»;
- Түркияның Ислам энциклопедиясында «Әбу Насыр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби ат-түрки, 258/871-872 жылы туған деп саналады» деп жазған.
Сонымен Отырар ғалымының тегін көпшілік деректерге жүгіне келе «Әбу Насыр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби ат-түрки» деп көрсеткенді жөн санауға болады.
2. Әбу На­сыр әл-Фарабидің туған жылы мәселесі:
Өзбекстан. Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жылы туралы мұсыл­ман шығысы және Еуропа ғалымдары арасында шынында да бірізділік жоқ. Олардың зерт­теу­лерін­дегі көрсетілген мерзімде 2-3 жылдық айырым бар. Әбу Насыр әл-Фарабиді арнайы зерттеген өзбек ғалымы, академик Мұзафар Хайруллаев: «Год рождения Фараби в различных исследованиях указывается по разному, в советской литературе чаще всего 870» дейді.
Араб тілді дереккөздер
- Сирия Араб Республикасының астанасы Дамаск шаһарының «Баб ас-сағир қабырстанындағы Әбу Насыр зиратында: «Әбу Насыр әл-Фараби атымен көбірек белгілі Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тар­­хан бин Узлағ, [һижраның] 260 жылы [біздің жыл санауымыз бойынша 873 жылы Фараб шаһарында туған, һижраның 339 жылы [950 жылы] қайтыс болды» деп жазылыпты.

Жоғарыда аталған Фаруқ Саъд Әбу Насырдың туған жылын һиж­раның 259 жылы яғни 870 жыл;


Nicholas Rescher (АҚШ) де Әбу Насырдың туған жылын 870;
Түрік ғалымдары (Түркия) Ismet Binark пен Nejat Sefergioglu Әбу Насырдың туған жылын 870;
Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын ұзақ жыл­дар зерттеген қазақ ғалымы, атақты философ, профессор Х.Қасымжанов (1931-2000) Мәс­кеуде шыққан «әл-Фараби» атты еңбегінде Әбу Насырдың туған жылын 870 деп көрсеткен.
Бұдан шығатын қорытынды. Энциклопедист ғалымның тегін: «Әбу Насыр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби ат-түрки», ал туған жы­лын һижраның 258, яғни 870 жыл деп көрсеткен жөн.
Әбу Насырдың туған жылын анықтау мәселесі өткен ғасырдың 70-жылдары да көтерілген. Онда ғалымдар мен өкімет орындары ақылдаса келіп, Отырар ойшылының туған жылы 870 деп көр­се­туге келіскен. Сөйтіп оның туғанына 1100 жыл болдыға санап, 1975 жылы 1100 жылдығы тойланды. Араб елдері де (Ирак Араб Республикасы және т.б.) осыған келісті.
Өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында жоғарыда айтылғандай, Алматыда әл-Фараби зерттеу орталығы құрылып, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектері Еуропа және араб тілінен де орыс, қазақ тіліне аударылғанда, зерттеу­лер жүргізілгенде Мәскеу және Қазақстан ғалымдары да Отырар ойшылын «Әбу Насыр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Уз­лағ әл-Фараби ат-түрки» және туылған мерзімін 870 жыл деп көрсетіп отырды.
Әбу Насырдың туған жері (Фараб) туралы:
Орта ғасырлық араб тілді деректерде Фараб атты (қыстақтың) Өзбек­станда да бар екені айты­ла­ды. Өзбекстандағы Фараб Бұхара қаласының батыс жағында, Әмударияға жақын жерде. Ал деректердің басым көпшілігінде жоғарыда айтылғандай Әбу Насыр туған Фарабтың Арыс өзені­нің Сырдарияға (Сайхун) құяр сағасында екені айтылады. Ғалымдар да осыны мойындайды.
Ал Ауғанстанда да Фараб деген қыстақ бар дегенге келсек, оның аты Фараб емес, Фарйаб. Ол Хорасан өлкесінде.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін шыққан еңбектерде тәжіктер Әбу Насырды Тәжікстанда, өзбектер Өзбекстанда туған деп келді.
Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қана Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жеріндегі Отырарда (Фарабта) туған, түркі тайпасынан шыққан ғалым деп жазыла бастады. Бұл ретте Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының директоры, КСРО ҒА академигі, тарихшы, ғалым Б.Ғафуров: «Әл-Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысу да жасан­ды әрекет болады. Ол заманда ұлт болып бірігу процесі аяқталудан әлі тіпті алыс еді. Сол сияқты оны өзбек деп кесіп айту да әділет­­тілік бола қояр ма екен? Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының құра­мына қосыл­ған түркі тайпасынан шыққан..., дей аламыз» деп жазды. Бұған ешкімнің де осы күнге дейін алып қосары болған емес. [Б. Ғафуров. Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастары туралы әл-Фараби. Әлеуметтік-эти­калық трактаттар. Алматы 1995, XVIII – бет.].
Алматыдағы Қазақ ұлттық университеті біраз жылдардан бері Әбу Насырдың бірқатар шығармаларын шығарумен қатар, жыл сайын әл-Фараби оқуларын өткізуді дәстүрге айналдырды.
2006 жылы наурыз айының бірінші онкүндігінде менің жетекшілігіммен, құрамында ҚазМУ-дің сол жылдардағы ректоры, академик Төлеген Қожамқұлов, Отырар ауданының әкімі Әлімжан Құртаев, «Білім» баспасының директоры жазушы, журналист Ж.Нұс­қабаев, Шәуілдірдегі әл-Фараби музейінің меңгерушісі Абдулла Жұмашев болып Сирия Араб Республикасына аттандық.
Дамаскінің оңтүстік жағындағы «Баб ас-Сағир» қабырстанындағы Әбу Насыр әл-Фара­бидің және қазақ жерінің тағы бір перзенті Сұлтан Захир ад-дин Бейбарыс (1287-1277) пен кезінде крест тағушы еуропалық басқыншыларды талқандаған Салах ад-дин әл-Аийубидің (1138-1193) зияратта­рын­да да болдық. Елге оралған соң, сапар жайлы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа баяндап бердім. Келесі 2007 жылы 4-7 наурыз аралығында Елбасының Сирияға ресми сапары болды. Онда мен де болдым. Сол жолы Н.Ә.Назарбаев әл-Фараби зиратын ретке келтіру, онда мәдени орталық салу туралы Сирия үкіметімен келісе келе, ол үшін қаражат та бөлдірді. Ол нысанның аяқталғаны туралы мен Сирияның бас мүфтиі доктор Бадр ад-Дин Хассуннан 2012 жылы Уфада Ресей мұсылмандарының құрыл­тайында бірге болып сұх­баттас­қанда естіген едім. Сирияда соғыс тоқтаса, оның ресми түрде ашылатыны сөзсіз.
Сириядағы Әбу Насыр зиратына біз Отырардан арнайы топы­рақ ала барып, баба зияраты­на қойдық. Қайтарда ұлы ғалым зиратынан туған жеріне де топырақ ала келдік. Отырарға жиналған жұрт алдында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев Отырарда Әбу Насыр әл-Фарабиге рәмзи кесене салынатынын айтты. Бірақ ол басқа қызметке ауысқан соң орындалмай қалды.
2018 жылдың желтоқсан айының соңында Әбу Насырдың туған жылы, туған жері мәселесін талқылап бір шешімге келу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, ректор Ғалымқайыр Мұтановтың төраға­лығымен Түркия және ҚазҰУ, сондай-ақ Қазақстанның Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану, Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология, Философия, саясаттану және дінтану институттарының белгі­лі ғалымдары бас қосты. Оған Ас­танадан арнайы келген Мәде­ниет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова да қатысты. Онда ғалымдар Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты ойларымен бөлісті. Ғалымдар ЮНЕСКО-ға Қазақстан атынан хат жазып, 2020 жылы Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуын кеңінен атап өту жайлы ұсынысты қолдады. Мен сол мәжілісте Отырардан өзге де 30-ға жуық ғалым мен ойшыл шыққаны туралы және Әбу Насырға байланысты мәселелерді зерделеп, бас баяндама жасадым. Оны жиналған ғалымдардың бәрі қолдап, менің зерттеулеріме қол­дау білдірді.
Әбу-Насыр әл-Фарабидің шәкірттері
Фараби өз тұсында да, өзінен кейінде халық арасында кеңінен белгілі болған. Фарабиді Шығыс пен Батыстың көп ғалымдары өздеріне ұстаз тұтып, оның еңбектерінен үлкен өнеге, ғибрат, тәлім-тәрбие алған.
Әбу Әли Құсайын Ибн-Абдолла ибн-Сина (Авиценна) — медицина ғылымының атасы, Орта Азия атырабынан шыққан, ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен ірі тұлға.
Омар Ибн-Ибрагим Әл-Хаям (1048-1130) — Фараби мен ибн-Синаның мұраларын игеріп ілгері дамытушы. Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик.
Ұлықпен Ибн Шахрух (1394-1447) — аса ірі мемлекет қайраткері, астроном, математик, ертедегі грек ғалымдары мен Орта Азияның көрнекті оқымыстыларының негізгі еңбектерін жетік білуші ғалым.
Қорытынды: Әбу Насыр тек түркі халқы, оның ішінде қазақ жұрты ғана емес, бүкіл ислам өркениетінің, қала берді бүкіл дүние жүзінің мақтанышы, бүкіл адамзатқа ортақ ірі тұлға. Ал енді кемең­гердің қазақ жерінде туылғандығы біз үшін үлкен мақтаныш, сол үшін де біз өзімізді ұлы ғалымның ұрпақтарымыз деп мақ­тануымыз заңды деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет