ОрындағАН: сатыбалдыева гүлдана тобы: кял 19/1 жалғыз атты жолаушы


Жоламан Айдарбаев “ Өтті өмір осылай ” кітабынан алынды



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі24,12 Kb.
#22986
1   2   3   4
Жоламан Айдарбаев “ Өтті өмір осылай ” кітабынан алынды.

ҚҰЛБАРАҚ ТАБЫЛДЫҰЛЫ

Құлбарақ Табылдыұлы (1790-1832) маңғыстаулық Беріш (қаратоқай) руынан шыққан. Өмір сүрген кезеңі қазақ халқының басына зобалаң мен үлкен қайғы-қасірет әкелген аласапыран жаугершілік заманына тап келеді. Діни оқуы бар Құлбарақтың таным-түйсігі мен сезім-болжамы ерекше болған. Жорыққа аттанар алдында намазға жығылып, соғыстың сәтсіз аяқ-талатынын білсе де жауға қарсы аттанған деседі. Оның батырлығымен қоса әулиелігі әруақтап ұран шақырғанда аспанды қара бұлт торлап, дауыл соғып, жаудың үрейін алған екен. Құлбарақтың атасы Есболай ең алғаш Маңғыстауға келіп, табан тіреген қазақтардың көшбасшыларының бірі бол-ған. Есболай әулеті Арал теңізінің терістік жағасындағы Борсық деген жер-ді мекендейді. Халқына қорған болған Есболайдың қазақтың басқа да рулы елдеріне де көмегі тиген. Есболай тұқымдары ерлік пен жауынгерлікке тәр-биеленген, жаппай батыр болған. Құлбараққа отансүйгіштік қасиет ана сүті-мен, Қаратоқай, Есболай, Итемген секілді жоңғарлар мен қалмақтарды ойсыратқан, қазақ жерін жаудан қорғаған ержүрек ата-бабаларынан дары-ған. Әкесі Табылды да Атырау мен Маңғыстауды Хорезм басқыншылары-нан қорғаған айтулы батыр болған. Ол жоңғар қалмақтарына қарсы жорық-тарға белсене араласып, үлкен ерліктер көрсеткен. XIX ғасырдың 30 жылда-рында болған қазақ пен хиуалық түрікпендер (яғни адай мен жәуміттер) арасында Маңғыстаудың Бозашы-Қабақты деген жерінде отырған Сүйінқа-раның ауылын Хиуа ханы Аллақұлдың Сүйінпұшық деген уәзірі бастап кел-ген қалың қол шауып кетеді. Қазақ батырлары оларды қуып келіп, Қарнау деген жерде үлкен шайқас болады. Қарнау қырғынын Абыл ақын өз жырын-да, яғни Қырғынсай деген жерде болған оқиғаны ерекше сипаттайды. Шайқаста Мәмбетнияз күшбегі басқарған түрікмендердің қолы қазақтардан көп болады. Осы қақтығыста түрікмендер “Сүйінқараның басын алып ке-ліңдер” деген Аллақұл ханның жарлығын орындаймын деп жүріп, түрік-менмен шабысып, алдыртпай, арпалысып  жүрген  Сүйінқара мен Құлба-рақты шатастырып алыпты. Қалың жаудың ішінде жалғыз қалып қойған Құлбарақты сыртынан түрікмен Назар келіп, қылышымен мойнын шауып түсіреді. Домалап жерге түскен басты Назар қоржынына салып алады. Аңыз бойынша басты хан алдына әкеліп көрсеткенде әлгі бас миығынан күліпті делінеді. Аллақұл хан «Бұл Сүйінқараның басы емес, бір мұсылманның әру-ақты асыл батыр азаматының басы екен. Ақ жуып, арулап, қауымға қойың-дар» деген екен. Құлбарақ батырдың басы Хиуа өңіріндегі Махмұт палуан-ның күмбезінде жерленген. Ол жер «Бас әулие» деп аталады. Ал Құлбарақ қорымында денесі жерленген. Майдан даласында бассыз денені батырдың арқасындағы меңі арқылы тапқан делінеді.




АСА ТАЯҚ

Асыра сілтеу, “айда шап !” асқынып тұрған ана бір жылдары Бекет-Атадан тараған аз тайпа елге қауіп төнеді. Шолтан мінез шолақ белсенді-лердің көрсетуімен құрығы ұзын өкіметтің қутақым бірнеше шенеунігі Ата-ның аса таяғы сақтаулы тұрған қара шаңыраққа тіл тигізіп, тінту жүргізеді.



Өкімет адамдары өңмендеп үйге кіре берген сәтте киелі аса өзінен-өзі жоғалып кетеді де, табандарыннан таусылып қанша іздеседе таптырмай қояды. Әбден күдер үзген әлгілер кетіп калган соң, қасиетті мүлік қара шаңырақтың төрінде қайтадан пайда болады.

Рахат Қосбармақ “Бекет ата” кітабынан алынды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет