Сөж тақырыбы: Тауартанудың жіктелуі. Азық-түлік өнімдерінде қолдану маңыздылығы Тексерген: Смольникова. Ф. Х орындаған: Бахты Еркежан 2021-2022 Тауартанудың жіктелуі. Азық-түлік өнімдерінде қолдану маңыздылығы



Дата14.02.2022
өлшемі171,17 Kb.
#25519

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
НАО «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті»
Инженерлік-технологиялық факультет
Кафедра «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және биотехнология»
6В07202- «Тамақ өнімдерінің технологиясы»

СӨЖ

Тақырыбы:Тауартанудың жіктелуі.Азық-түлік өнімдерінде қолдану маңыздылығы

Тексерген:Смольникова.Ф.Х

Орындаған:Бахты Еркежан

2021-2022



Тауартанудың жіктелуі.Азық-түлік өнімдерінде қолдану маңыздылығы

Тауар-дегеніміз сыртқы бұйым,зат өзінің қасиеттері арқылы адамның қажеттіліктерін қанағаттандырады.Тауартану тауарлардың пайдалы қасиеттерін,оның тұтыну бағасын қарастырады.Тауартану ,сондықтан тауарларды тұтыну бағасын зерттейтін техникалық пән болып табылады.Ол шығарылған заттардың сапа,тұтыну қасиеттері жөнінде тұтынушыларға керекті екенін анықтауға көмектеседі.

Тауартану көптеген химия,биоллогия,физика,экономикамен,ұйымдастырумен,техникамен, технологиямен байланысты.



Тауартану – тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін зерттейтін ғылыми пән

Тауартану ғылым ретінде XVІ ғ. ортасында қалыптасты. Бұл кезде шығарылатын тауарлардың көлемі мен түрлері ұлғайды, олар туралы жүйеленген мәлімет пен білім, яғни тауартану қажеттілігі пайда болды. Өнеркәсіптік өндірістің өсуімен тауартану алдында әртүрлі мақсаттар туындады.



Тауартану дамуында үш маңызды кезеңді атап көрсетуге болады: біріншісі тауартану-сипаттау кезеңі, бұл кезде негізгі көңіл әртүрлі тауарлардың қасиеттері мен қолдану әдістерін сипаттауы бар нұсқауға бөлінді (XVІ ғ. ортасынан бастап XVІІғ. басына дейін); екіншісітауартану-технологиялық кезең, негізгі мәселе технологиялық факторлардың (шикізат, материал, технология қасиеті) тауар сапасына әсерін зерттеу болды (XVІІІғ. бастап XX ғ. басына дейін); үшіншісі тауартану-қалыптасу кезеңі, оның негізгі мәселесі қалыптастырудың ғылыми негіздерін жасау, тауарлардың тұтынушылық құнын, сапасын, ассортиментін бағалау мен басқару болды (ХХ ғ. бастап қазіргі уақытқа дейін).

Тауартанудың негізін салушы профессор М.Я.Киттары (1825-1880) саналады, ол тауартанудың ғылыми негізін салды: курс мазмұны мен пән анықтамасын берді, классификацияны жасап, тауар қасиеттерін сипаттады. Технология мен тауартануды зерттеу химия, физика және басқа табиғи ғылымдарға негізделу керек деп есептеді.

Тауартану ғылымының алдында тұрған негізгі мақсаттар:


  • Тұтыну құны ретінде тауарлар туралы теориялық негіздерді дамыту және нарықзаманында тауар қозғалысы және халық қажеттіліктерін тауармен қанағаттандыруға байланысты заңдылықтарды айқындау;

  • Тауар сапасы мен ассортиментін басқару процессіне компьютерлендіруді енгізу және информациялық қамсыздандыруды жетілдіруге жағдай жасайтын тауарларды кодтау мен жіктеудің ғылыми принциптері мен ережелерін жасау;

  • Өнімнің нормативтік-техникалық құжаттарына енгізілетін тауар сапасының критерийлерін жасау;

  • Зерттеу нәтижелерінің объективтілігін, ресурстар мен уақыттың аз шығынын қамтамасыз ететін тауар сапасын бағалаудың жаңа әдістерін және жаңа аспаптарды құрастыру;

  • Жаңа тауарлардың қасиетін, ең алдымен қауіпсіздігін зерттеу және сапаны комплексті бағалау үшін қажетті және жеткілікті болатын тауар сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын жасау;

  • Халықаралық стандарт негізінде тауар сапасының жүйесін сауда кәсіпорындарында жасау;

  • Сақтау және тасымалдау процессінде тауарларды сақтау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау;

  • Өнімдерді рационалды тұтыну әдістері мен мөлшерін зерттеу.

Азық-түлік тауарлардың жіктеу – оларды жалпы немесе сипатты белгілері, тауарлардың шығу тегі, олардың химиялық құрамы, пайдалануы және т.б. көрсеткіштері бойынша топтарға немесе класстарға бөлу. Осыларға байланысты азық-түлік тауарларының әртүрлі жіктеу түрлері бар, бірақ олардың ешқайсысы жалпы қабылданбаған.

Қазіргі жіктеу бойынша барлық азық-түлік тауарлары келесі топтарға жіктеледі:

дән-ұн тауарлары;



  • жеміс-көкөніс тауарлары және саңырауқұлақтар;

  • крахмал өнімдері; қант, бал,

  • кондитер өнімдері;

  • дәмдік;

  • тағамдық майлар;

  • сүт тауарлары;

  • жұмыртқа;

  • ет;

  • балық тауарлары;

  • тағамдық концентраттар.

Азық-түлік тауарларының негізгі тұтыну қасиеттері оның керектігін анықтайды:

  • тамақтық бағалығы

  • биологиялық

  • қуаттылық

  • физиологиялық

Тамақтық бағалығы барлық пайдалы қасиеттерін көрсетеді,мысалы,тазалығы,зиянзыздығы,жұғымдылығы,тамақтық және биологиялық активті заттардың мөлшері.

Биологиялық бағалығы-биологиялық активті заттардың мөлшеріне байланысты болады,олар:витаминдер,макро,микро элементтер аминқышқылдары,толықпаған май қышқылдары,бұл заттар организмде өндірілмейді басқа заттармен ауыстырылмайды.

Физиологиялық бағалығы-адамның жүйке,жүрек тамыр,ас қорту жүйелеріне әсері бойынша анықталады(шәй,кофе,арақ-шарап).

Қуаттылығы-майлар,белоктар,углеводтардың мөлшерімен және жұғымдылығымен анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет