Қош бол, алтын ұя мектебім! Жоспар: Мектепке арналған өлеңдер Ән:/ Ұстазым



Дата08.06.2023
өлшемі20,27 Kb.
#99774

Қош бол, алтын ұя мектебім!
Жоспар:
1.Мектепке арналған өлеңдер
3. Ән:/ Ұстазым/
3.Ән: /Попурри/
4.8-9 сынып флешмоб (ұлдар)
5. Мектеп ұстаздары мен қызметкерлеріне арнау өлең жолдары /ашық хат сыйлау/
6. Вальс
7.Қоштасу тілегі
8.Ән /Қош бол мектебім/



  1. Бөлім

Амир: Қайырлы күн, ата- аналар, ұстаздар!
Кез келді бүгін міне жыр ақтарар,
Сыңғырлаған қоңыраудың үндері
Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.


Нуртас: Болдық қой біз кіп- кішкентай балдырған
Еркелікпен талай есті талдырған
Енді жерді жеті айналып шықсақ та
Балалық шақ қайта келмес алдымнан
/Ұстазым/ әні


Білім кілтін табыстау
Білім кілтін тапсырушы сөзі: (Амир)
Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп , үздік оқу-ізбасарым саған аманат!
Білімннің алтын қазығы, білім кілті саған аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау-саламат!

Білім кілтін қабылдаушының сөзі:( Ерхан)
Біз 8 сынып оқушылары : Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып , бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға , білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға , мемлекетімізді гүлдендіруге , дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебесін биіктетіп , жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз.
Бөлім__/Нұртас_тақпақ/_Амир'>/ Ән / Попурри/
/8-9 сынып флешмоб биі/

  1. Бөлім

/Нұртас тақпақ/
Амир: Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар мен өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Бір алаңсыз балғын шақты балалар
Бүгін міне мектеппен қоштасты



  1. Бөлім

Ашық хаттар сыйлау
/Вальс/

  1. Бөлім

Хор: Қош, ақ Отау, киелі шаңырағым
Қасиетіңе мәңгілік табынамыз
Ұмытпайды қарлығаш өз ұясын,
Сағынамыз сіздерді сағынамыз!


Қоштасу тілегі /Айзат/


Ән / Қош бол мектебім/

Шал ақын ауданы
Жалтыр негізгі мектебі


Қош бол, алтын ұя мектебім!
(Соңғы қоңырау жоспары)

2022 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет