Алматы
2014
ЕРБОЛ
ШАЙМЕРДЕН°ЛЫ
ШЫ АРМАЛАРЫ
Бесінші том
Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының бесінші томына
автордың мемлекеттік рəміздер туралы жазған жиырма еңбегінің іші-
нен 2001 жылы шыққан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рə-
міздері» кітабы негіз етіп алынып отыр. Ал мемлекеттік рəміздердің
түрлі-түсті суреттері 2005 жылы шыққан «Елтаным», 2008 жылы шыққан
«Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік рəміздері» жəне «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік əнұраны» кітаптарынан пайдаланылды.
Кітап мемлекеттік рəміздер туралы жан-жақты ғылыми-көркем па-
йымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттар-
ға адалдық, елдік аңсарларға сүйіспеншілік жəне отаншылдық сезімде-
рін оятады. Рəмізбаян жүрегі елім деп соққан барша оқырман қауымға
арналған.
© Шаймерденұлы Е., 2014
© «Қазақ энциклопедиясы», 2014
Қазақстан Республикасы
Мəдениет министрлігі
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
ISBN 978-601-7472-67-2 – (Т. 5)
ISBN 978-601-7472-19-1
Ербол Шаймерденұлы. Шығармалары. – Алматы:
«Қазақ энциклопедиясы», 2014.
ISBN 978-601-7472-19-1
Т. 5: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рə-
міздері. – 320 бет. Қазақ, орыс тілдерінде.
ISBN 978-601-7472-67-2
Ш 34
УДК 342
ББК 67.400
Ш 34
УДК 342
ББК 64.400
3
РУХЫ НҰРЛЫ ДАРА ТҰЛҒА
Менің пайымдауымша, қазақ даласындағы ХХ ғасырдың орта-
сында дүниеге келген перзенттері несібесі нəсіпті, өте бақытты
буын өкілдеріне жатады. Олар сталинизмнің шырмауынан кейінгі
еркін тыныс алу кезеңімен тұспа-тұс, «кемелденген» социализм
дəуірінде өмір сүрді. Одақтың білім беру жүйесінде оқып шыңдал-
ды. Ал, ең қызығы ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Кеңес Одағының
күйреуіне де куə болды.
Бұл буын өкілдері Тəуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қалып-
тастыру кезеңінде Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың бастамаларына
да қолдау білдіре, ерік-жігерін аямаған. Сол егемен елдің құрылуы,
нығаюына тікелей үлес қосып еңбек еткен азаматтардың бірі –
Ербол Шаймерденұлы. Біз, Ерекеңмен 90-жылдары таныстық.
Ол кезде М.С. Горбачев бастаған бетбұрыстан кейін елімізде
терең де маңызды өзгерістер болып жатқан-ды.
Қазақстан Республикасы Коммунистік партиясының ішкі ахуа-
лында да терең үдерістер жүрген-ді. Орталық Комитеттің
өзінің екі үлкен ағымы болатын: оның бірі бұрынғы кеңес дəуірін
көксейтін, Мəскеудің шылауында, соны құптайтын күш болса, ал
екіншісі ел тəуелсіздігін аңсайтын реформаторлық күш бола-
тын. Екінші топта ұлтжанды, елдің болашағын ойлайтын жастар
топтасқан еді. Оларға дем беруші ағалар: Өзбекəлі Жəнібеков,
Əбіш Кекілбайұлы, Мырзатай Жолдасбеков, Қуаныш Сұлтанов,
Сауытбек Абдрахманов сияқты азаматтар болатын. Сөз жоқ
Ербол Шаймерденұлы осы саяси ағымды қостайтын күштерге
жататын. Ол білімі мен күш-жігерін қазақ елінің көркеюіне жұм-
сауды ойлады.
Жоғарыдағы аталынған аға буын өкілдері билік жүйесіне, оның
ішінде Орталық Комитетке ойшыл, ұлтжанды, өткір мамандар-
дың қосылуына ықпал етті. Тіпті талай биформалды топтардың
4
мүшелері де партия комитетіне келе бастады, баяғы ескі са-
рынды, қатып қалған толқынды ығыстыра түсті. Ғылыми орта-
дан жаңаша ой-тұжырымдарымен академик Сейіт Қасқабасов,
Ғарифолла Есім, Қойшығара Салғараұлы, кейінірек Алтынбек
Сəрсенбайұлы, Дархан Қамзабекұлы, Марат Тəжин, Мұхтар Құл-
Мұхаммед сияқты азаматтар билікке келе бастады.
Өмір көрсеткендей, азаматтардың тағдыры əрқилы болды.
Əрбір азамат өзінің əлеуеті деңгейінде қолынан келгенше ел
дамуы мен жаңғыруына үлес қоса бастады. Қызылжар өңірінің
Жаңажол ауылынан түлеп ұшқан Ербол Шаймерденұлы еліміздің
маңдай алды оқу орындарының бірі – Қазақтың мемлекеттік
университетін аяқтады. Еңбек жолы облыстық газеттегі бұ-
қарамен байланыс жұмыстарынан басталған болатын. Ол Қа-
зақстандағы тұңғыш мемлекеттік ақпараттық қызметті ұйым-
дастырушылардың қатарында болды.
Ербол Шаймерденов Жоғарғы Кеңес қабылдап, қоғамның тү-
бегейлі өзгеруіне негіз болған заңнамалық құжаттарды қарасты-
ратын, ең жоғарғы заң шығарушы мекемеде қызмет атқарды.
Ерекеңнің саналы өмірі Егемендік туралы Декларация, елдің
жер, су, шекара жөніндегі, экономиканы, саяси жүйені түбегейлі
өзгерту туралы заңдар талқыланып, қабылданған кезеңдерімен
біте қайнасты. Мұндай шешуші сəтті Ерекең жүрегінен өткізді.
Ол тіл, отандық мəдениет, баспа ісі салаларына аса зор мəн
берді. 1992 жылы ҚР Мемлекеттік рəміздерін жасау жөніндегі
Комиссияның хатшысы қызметінде, тың тақырып – Қазақ елі
рəміздерінің тарихына ерекше мəн берді жəне бұл тақырып бұ-
рын-соңды зерделенбегендіктен, жауапкершілігі де зор еді.
1991–1996 жылдар аралығында Ербол Шаймерденұлы ҚР Жо-
ғарғы Кеңесі, ҚР Парламентінің баспасөз хатшысы қызметін жо-
ғары жауапкершілікпен алып шықты. Оның «Егемен Қазақстан»
газетіндегі, Байланыс жəне ақпарат министрлігінің Ақпарат
жəне мұрағат комитетінде төраға орынбасары, «Нұр Отан»
ХДП төрағасынының бірінші орынбасарының кеңесшісі қызмет-
теріндегі еңбегін мемлекет жоғары бағалап, 2006 жылы «Қа-
зақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті
атағы берілсе, 2011 жылы «Құрмет» ордені берілді, ол М. Дулатов
атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.
5
Дегенмен, Ерекеңнің жұлдызды кезеңі, тарихтың өткен дəуі-
рінде ел рəмізі туралы еді. Мұны сезінген азаматтың жасаған
қимылдары батыл болды, əрі елінің тарихының қажеттілігін
өтеді. Мемлекеттік рəміздерді зерттеу үшін терең білім, көп
ізденіс қажет болатын: отандық тəжірибе мен шетелдік рəміз
жасау дəстүрлеріне салыстырмалы талдау жасау, көптеген фо-
тосуреттер, карталар, схемаларды жинастыру, авторлармен
кешенді жұмыс жүргізу керек еді.
Ол Елбасының жаңа мемлекеттік рəміздерді қабылдауға қан-
шалықты зор мəн бергендігін, тəуелсіздікке қатысты мəселенің
қай-қайсысына да туған ел тағдырының ең бір шешуші кезеңінің
жауапкершілігін мойнына алған перзенті ретінде айрықша көңіл
бөлетінін, жанын сала қадағалайтынын мақтанышпен еске тү-
сіреді жəне одан өзіне тағылым алады.
Рəміздер саяси тəуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің біре-
гей белгілері: көтерген туы мен елтаңбасы, аспанда əуелеген
əнұраны. Бұл рəміздер арқылы елдің өмір-салты, болмыс ерек-
шелігі, арманы көрінеді, олар əлеммен байланыс мұратын не-
гіздейді. Ербол Шаймерденұлының есімі тарихи кезеңнің куəгері
ретінде ғана емес, тарихты өз қолымен жасауға қатысқан қай-
раткерлер қатарында мəңгі қалады.
Рəміздерді саралау кезеңіндегі халық арасындағы шығармашы-
лық белсенділіктің артқандығы жөнінде Ерекең: «...танымал
өнер иелері ғана емес, қолына тұңғыш рет қалам, қылқалам ұс-
таған мектеп оқушысынан зейнеткерге дейінгі мыңдаған отан-
дастарымыз ойға ой қосып, өз жүрек дүрсілдерін жеткізуге асық-
ты. Олардың арасында əр түрлі ұлт өкілдері, шетелдегі қан-
дастарымыз бен тілеулестеріміз де бар еді. «Жүзден – жүйрік,
мыңнан – тұлпар» озды», – деп жазады.
Ол өзіндік тұжырымын «Қазақстан Республикасының тəуел-
сіздік рəміздері» (2008) кітабында былайша береді: «Ешқашан
естен шығаруға болмайтын бір ақиқат бар. Ол – мемлекеттік
рəміздердің тек көркем образ ғана емес, тəуелсіз мемлекет құру
идеясының жаршысы екендігі. Олар осынау ізгі сезімді адамдардың
жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойына дарытуға қызмет етеді». Бұл
кітапқа еліміздің мемлекеттік рəміздері туралы зерттеу ең-
бектер енгізілді. Автор өскелең ұрпаққа өсиет ретінде қал-
дыруды, яғни: Ата заңды жəне ұлттық зерденің, ой-сананың
6
бойтұмары – рəміздердің мəн-мағынасын білу парыз екендігін
көрсетті.
Ерекеңнің тағы бір ерекше қасиеті, мемлекеттік қызметті
өзінің сүйікті кəсіби мамандығымен үйлестіре алып жүруінде.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, зерттеуші,
публицист Ербол Шаймерденов көптеген еңбегін жарыққа шы-
ғару арқылы халқының рухани мұрасын байытуға үлес қосты.
Олардың ішінде: «Астана» (1999), «Қазақстан Республикасының
тəуелсіздік рəміздері» (2000), «Адамдар тағдыры» (1989), «Түркі
елдерінің мемлекеттік рəміздері» (1997), «Менің Қазақстаным»
(1998) жəне басқалары бар. Еңбектері бірнеше шетел тілдері-
не аударылды. Ал ол жазған «Арман қала – Астана», «Төгеді
жаңбыр», «Асыл жар», «Көлсай» өлеңдері əн болып шырқалуда.
Ерекеңнің əлемдік философиялық ойшыл классиктер: Ф. Ницше,
Л. Вовенарг, А. Камю, Х. Ортега-и-Гассет, К. Поппер, Ж. Деррида,
М. Хайдеггер жəне басқаларға аударма жасауы, сол сияқты қазақ
тілінен орыс тіліне аударма жасау арқылы оқырмандарының ри-
зашылығына бөленді, өзінің ғылыми ой-өресін халқына таныта
алды. Ерекеңнің еңбегі елеусіз қалған жоқ, қоғам өте жоғары
бағалады. Қысқа мерзім ішінде дайындалған кітаптар мемле-
кеттік мекемелер, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары
студенттерінің өте қажетті оқу құралына айналды.
Мұның барлығы Ерекеңнің талғамының зор, талабының биік
болғандығын көрсетеді.
Ақын, публицист ретінде қалыптасқан ол уақыт талабына
сəйкес Қазақстан рəміздерін қабылдау кезінде терең зерттеу-
шілік еңбекпен айналысып, осы салаға қатысты үлкенді-кішілі
жиырма шақты еңбек жазды. Соның арқасында өзі де тəуелсіз
еліміздің тұңғыш рəмізтанушысы дəрежесіне көтерілді.
Ербол Шаймерденұлының есімі өз тағдырын ел мүддесімен
еселеген, туындыларымен еліміздің бүгіні мен ертеңін нұрлан-
дырған дара тұлға ретінде жадымызда əрдайым сақталады.
Бүркіт АЯҒАН,
Мемлекет тарихы институтының директоры,
профессор
Жалпы рəмізтану тарихынан
●
Қазақтың ұлттық рəміздерінің
бастаулары
●
Қазақ елінің қазіргі мемлекеттік
рəміздері: мағына мен болмыс,
образ жəне стиль
●
Аңсарлармен астасқан асқақ сезімдер
немесе рəміздік үштаған (кие, үміт, сенім)
●
Мемлекеттік егемендік,
ұлттық мақтаныш жəне отаншылдық
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК
РƏМІЗДЕРІ
Біз ұлы жолға шықтық,
арманды сапарға аттандық.
Қолымызда – тəуелсіздіктің көк туы.
Елтаңбамызда – бар халықтың басын
біріктірер киелі шаңырағымыз,
арманымызды алға апарар
қанатты пырақтарымыз бар.
Лайым бетімізден жарылқасын!
Үлкен жолдың үстінде бізді
ата-бабаларымыздың
аруағы желеп-жебеп жүре көрсін!
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рəміздері – Туы, Елтаңбасы жəне Əнұраны бар.
Олардың сипаттамасы жəне ресми пайдалану
тəртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
(9-бап)
Əркім Республиканың Мемлекеттік рəміз-
дерін құрметтеуге міндетті.
(34-бап)
Қазақстан Республикасының Конституциясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙРАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ƏНҰРАНЫ
Музыкасын жазған: Шəмші Қалдаяқов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ƏНҰРАНЫ
Өлеңін жазғандар: Жұмекен Нəжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын күн аспаны,
Алтын дəн даласы.
Ерліктің дастаны
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой.
Қ а й ы р м а с ы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең-байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тəуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты
Мəңгілік досындай
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қ а й ы р м а с ы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОМЫРАУ БЕЛГІСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РƏМІЗДЕРДІҢ
САЯСИ МƏРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
18
19
Ж
аңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсы-
сының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадам-
дарының бірі – елдің туын, елтаңбасын, əнұранын сайлап
алу. Өйткені, бұл рəміздер саяси тəуелсіздік пен мемлекеттік
егемендіктің бірегей белгілері болып саналады.
Өмірге келген əр жаңа мемлекеттің өз «іңгəсі» бар. Ол –
көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата əуелеткен əнұраны.
Еркіндікке ұмтылған елдердің бəрі де өз дауысымен сөйлеу-
ді, өз үнімен жар салуды армандайды. Сол жұлдызды сəт
туған кезде өз болмысымен тіршілік кешу мүмкіндігі пайда
болғанын, саяси бостандық алғанын шын сезінеді.
Тəуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, рухани тылсым.
Бəрінен бұрын адамның жан-дүниесі, рухы мен ар-ожданы
азаттық тілейді. Өз табиғатына тəн тіршілік кешкісі келеді.
Бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартатын ғаламат
күштің бастауы – ол. Тəуелсіз рух дербес мемлекеттік жүйе
мен еркін шаруашылық жүргізу əдісін таңдамай тұра алмай-
ды. Былайша айтқанда, болмыс-бітімі бөлек мағына, бірегей
идея өзіне лайық түр, қалып іздейді.
Мемлекеттік рəміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір сал-
тын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын,
басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тəуелсіздік
деген қасиетті ұғым мəдени нышандар тілінде де сөйлейді.
Құдіретті Феникстей, «мың өліп, мың тірілген» қазақ елінің
жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы
бір жарқ етіп, өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тəуелсіздікке
қол жеткізу тарихында да төл рəміздер дүниеге келген сəттер
ерекше орын алады.
Тəуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш рəміздерін
жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы кез-
дейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажа-
Əлемді нышандар мен рəміздер билейді.
Конфуций
20
йып шығармашылық белсенділік арнасын ашып жібергендей
болды. Танымал өнер иелері ғана емес, қолына тұңғыш рет
қалам, қылқалам ұстаған мектеп оқушысынан зейнеткерге
дейінгі мыңдаған отандастарымыз ойға ой қосып, өз жүрек
дүрсілдерін жеткізуге асықты. Олардың арасында əр түрлі
ұлт өкілдері, шетелдегі қандастарымыз бен тілеулестеріміз
де бар.
Ұсынылған жобалар əр алуан болғанымен, байқауға қа-
тысушылардың бəріне ортақ нəрсе – ел тəуелсіздігінің жария-
лануына деген ризашылық, өз тағдырын ел тағдырымен бірге
сезінген жоғары отаншылдық сезімдер жəне жасандылығы
жоқ, тек адамның өз рухының оянып, желпінуінің нəтижесінде
ғана пайда болатын азаматтық, саяси белсенділік еді. Ұзаққа
созылған байқаулардың өн бойында бір толастамаған бұл
өзгеше белсенділік тарих бұралаңдарында талай рет сағы
сынса да, бағы тайып, еңсесі түспеген елдігіміздің жарқын
көрінісіне айналды десек артық болмас. Озып шығып бəйге
алудан гөрі, ортақ мерейіміз үстем болса деген ақ тілекпен
21
Қазақстан туы БҰҰ Сарайының алдындағы дүние
жүзі елдері тулары қатарына 1992 жылы қосылды.
Президент
Резиденциясы.
Ақорда.
Алматы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік рəміздерінің
эталондарын бұрынғы
астана – Алматыдан
жаңа елорда Астанаға
шығарып салу рəсімі
22
жүрегін жайып ұсыну басым бұл ой мен өнер додасы жаңа
тарихымыздың жақсы бастауы іспеттес еді.
Үміткерлер үшін шығармашылық жарыстан аттай шауып
өтудің үстіне, парламенттегі саяси сынақтан да сүрінбеу
шарт болатын. Ұсынылған жобаларда жас мемлекеттің сая-
си сыр-сипатын, мақсат-мүддесін аңғартатын бедер-бояулар
айқын көрініс табуы қажет-тін.
Қабылданған қыран бейнелі көкшулан туымыз (авторы –
Шəкен Ниязбеков), ешбір елдікіне ұқсамайтын шаңырақ шы-
райлы шын дара елтаңбамыз (авторлары – Жандарбек Мə-
лібеков пен Шот-Аман Уəлихан), əнұранымыздың əсем əуені
(авторлары – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф
Хамиди жəне Шəмші Қалдаяқов) мен əдемі мəтіні (авторла-
ры – Мұзафар Əлімбаев, Қадыр Мырза Əлі, Тұманбай Мол-
дағалиев, Жадыра Дəрібаева жəне Жұмекен Нəжімеденов
пен Нұрсұлтан Назарбаев) сондай күрделі сынақтардан сү-
рінбей өтіп, тəуелсіз еліміздің атынан əлем алдында сөй-
лейтін тарихымыздағы тұңғыш ресми белгілерге айнал-
ды. Ақиық ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз қолма-қол ағынан
жарылып:
«Бəрі де тұр жазылып сенде, байрақ,
Дəл қазір желбіреген желмен ойнап.
Үстінде Ақ орданың жалғыз жалау –
Аспанның елшісіндей келген жайнап.
Шарықта, шырқа көкте, көк байрағым –
Арманым, азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағағыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым», –
деп шалқыды. Жанған жүрек домнасында жасынға айнал-
ған алабұртқан ақ көңілдің нұр сəулесін отша шашып, жан
шуағымен нұрланған жыр-байғазы ұсынды. Барша алашы-
нан сүйінші сұрады. Ақын жаны – ел көңіл күйінің шарайна-
сы іспеттес.
Жаңа рəміздер туралы мамандар пікірі де жоғары. Мыса-
лы, Бонн қаласындағы Дүниежүзілік вексилология ғылыми-
зерттеу институтының директоры Р. Климеш бізге жазған хат-
тарының бірінде (8.08.1992): «Мемлекеттік туларыңыз өте
23
ғажап екен. Мен оны алғаш рет теледидардан, Барселонда-
ғы олимпиадалық ойындарды тамашалау кезінде көрдім», –
деп жазды. Мұндай жақсы лебіз Д. Барр (АҚШ), А. Брожек
(Чехословакия), Дж. Тенора (Германия), М. Ревнивцов (Ре-
сей) жəне басқа осы заманғы айтулы тутанушылардың хат-
тарында да бар. Мамандар, əсіресе, елтаңбамыздың əлем-
дік тəжірибеде бұрын кездеспеген өзгеше болмысына тəнті-
лік білдірді. Р. Климеш мырзаның ықыласымен мемлекеттік
рəміздеріміз əлемдік каталогке енді.
Белгілі мамандардың (Т. Сүлейменов жəне басқалар) ұсы-
нысы бойынша қолға алынған біртұтас осы заманғы мемле-
кеттік стиль қалыптастыру идеясы да, алдымен, мемлекеттік
рəміздерді құрметтеуге негізделген. Ту мен елтаңба бейнеле-
рі ұлттық ақшамыздың бетінде айшықталып, ұлттық əскери
киімдердің оқалы зеріне айналды. Əлемдік əуе кеңістігінде
қанат қаққан ұшақтарымыздың бүйіріндегі таныс белгілер
көзге оттай басылады.
Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат бар. Ол –
мемлекеттік рəміздердің тек көркем образ ғана емес, тəуел-
сіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы-
нау ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойы-
на дарытуға қызмет етеді.
Осы орайда Елбасымыздың жаңа мемлекеттік рəміздерді
қабылдауға қаншалықты зор мəн бергендігі еске түседі. Ға-
сырлар бойы халықтың асыл арманы болып келген тəуел-
сіздігімізге қатысты мəселенің қай-қайсысына да туған елі тағ-
дырының ең бір шешуші кезеңінің жауапкершілігін мойны-
на алған перзенті ретінде айрықша көңіл бөлетін қалпымен
байқау барысын да, талқылау жайын да жанын сала қада-
ғалап отырды. Комиссия мəжілістеріне қатысып, мамандар
пікіріне құлақ салды. Көпшілік назарына іліккен авторлармен
кеңесті. Əр түрлі тарихи-этнографиялық жəне басқа арнаулы
əдебиеттерді қарастырып, өзі болған сан алуан мемлекет-
тердің рəміздерін саралады. Мақсат – көтерген туы мен
елтаңбасының, ақжолтайына айналар əнұранның түрі, таби-
ғаты жағынан төлтума, ал мазмұны жөнінен осы заманғы өр-
кениетті мемлекет идеясына үндес рəміздер болып шығуы еді.
24
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рəміздерінің
тұсаукесері. 1992 жылғы 6 маусым
25
Алғашқы мəжілістердің бірінде-ақ алуан түсті ту жобала-
ры төңірегіндегі пікірталасты тыңдап отырып, қай жағынан
алғанда да шымқай көгілдір түстің ұтып тұрғандығына на-
зар аударғаны тегін емес болатын. Бұл жерде терең табиғи
сабақтастықтың үстіне, жас мемлекетіміздің біртұтас, уни-
тарлық сипаты мен досқа құшағы ашық бейбіт ниетін векси-
лология тілінде сəтті беру ойда болғаны анық. Елбасының
ту мен елтаңбаның эталондық нұсқаларын жетілдіріп, нақ-
тылай түсу жөніндегі нақты ұсыныстары мен ойлары рəміз-
деріміздің нақ бүгінгідей бедерленуіне игі ықпал етті.
Мемлекеттік рəміздеріміздің ресми хатталуының да өз та-
рихы бар. Президент Н. Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым кү-
ні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы»,
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы тура-
лы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік əнұранының
музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
6 маусым күні астанадағы Абай атындағы опера жəне ба-
лет театрының əсем ғимаратында тəуелсіз еліміздің тұңғыш
мемлекеттік рəміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні
Президент сарайы мен Парламент үйінің төбесіне Ту көте-
рілді. Елтаңба орнықты, егемен ел аспанында əнұран əуені
асқақтады. Алты ай өткен соң, 1992 жылы 11 желтоқсанда,
Мемлекеттік əнұранның мəтіні бекітілді.
Мемлекеттік рəміздер туралы ресми шешімдер кейін,
1996 жылдың 24 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы
Президентінің конституциялық күші бар «Қазақстан Респуб-
ликасының Мемлекеттік рəміздері туралы» арнайы Жарлы-
ғында ретке келтіріліп, нақтыланды. Жарлық бес тараудан,
14 баптан тұрады. Жарлықта Мемлекеттік рəміздерді қол-
данудың ресми тəртібі де айқындалған.
Мемлекеттік ту ҚР Президенті резиденциясының, Пар-
ламент пен Үкіметтің, министрліктер мен басқа да орталық
атқару органдарының, сол сияқты Президентке тікелей бағы-
натын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, Консти-
туциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың жəне басқа да соттар-
дың, Бас прокуратураның, Ұлттық Ғылым академиясының,
26
№1 күзет
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік
елтаңбасының эталондары Президент Резиденциясында. Астана
27
дипломатиялық жəне сауда өкілдіктерінің, консулдық меке-
мелердің ғимараттарында ұдайы көтеріліп тұрады.
Мемлекеттік ту Қазақстан Республикасы Президентінің ка-
бинетінде, Парламент Сенаты мен Мəжілісінің сессия оты-
рыстары (біріккен жəне бөлек), Парламент Палаталары Бю-
ролары мен Үкіметтің отырыстары, мəслихат сессиялары
өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің отырыс залында,
Жоғарғы соттың, оның алқалары мен басқа да соттардың сот
мəжілісі залдарында, сондай-ақ дүниеге келген нəрестелер-
ді жəне некені салтанатты түрде тіркейтін орынжайларда,
Президент, Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-
Министр жəне олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен ха-
лықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе орынжай-
ларда (егер халықаралық құқық нормалары мен ҚР қатысқан
халықаралық шарттарда көзделген болса), ресми адам ре-
тінде Президент, Парламент Палаталарының төрағалары мен
Премьер-Министр мінген теңіз кемелерінде жəне басқа да
қатынас құралдарында міндетті түрде ұдайы тұруға тиіс.
Қарулы Күштер жəне Республикалық Ұланның əскери құ-
рамалары мен бөлімшелерінде – ант қабылдау кезінде, мем-
лекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарында – ұлт-
тық мереке жəне басқа мереке күндері Мемлекеттік ту кө-
теріледі. Ол ұлттық азаға байланысты тутұғырдың жарты
деңгейіне дейін аза тұту мерзімі бойына төмен түсіріледі.
Мемлекеттік ту көтеру елдің əскери корабльдері мен ке-
мелерінде – əскери жарғыларға сəйкес, кемелердің бұлқы-
нына байланған ту ретінде – белгіленген тəртіп бойынша ай-
қындалады. Ту бейнесі əуе кемелерінде бедерленеді. Оны
қалауына қарай жеке адамдар да өз жекеменшік үйлерінде
(орынжайларында) іліп қоя алады.
Мемлекеттік ту жасау заң бойынша бекітілген тəртіпке
сəйкес берілетін тиісті рұқсат (лицензия) арқылы ғана жүзеге
асырылады. Мысалы, осындай № 1 лицензия «Алматы –
қалабезендіру» жабық акционерлік қоғамына берілген.
Ту жасауға политекс, атлас жəне жылтыр жібек пайда-
ланылады. Мамандар синтетикалық маталар беріктеу келе-
ді деп есептейді. Қазақстан ГОСТ-ы бойынша Мемлекеттік
28
Президент резиденциясы. Көкорда. Астана
Ант
29
рəміздерде қолданылатын бояулардың стандарты – 810 ф
(алтын түсті, сары), жəне 312 ф (көк) өлшемдеріне тең. Ту
жасаумен айналысып жүрген өндірісшілер көшеге ілген ту-
лардың сапасын жарты жылға дейін сақтауға кепілдік береді.
Тудың өңінің тозбауы ауа райына да байланысты. Мыса-
лы, Алматы көшелерінде бұл мерзім бір жылға да созылуы
мүмкін. Ту жəне оның бейнесін жасаушыларға қойылатын
басты талап – олар түрлі-түсті жəне сызбалық эталондарға
толық сəйкес келуі керек.
Негізгі бөлігін түсті мата құрайтын мемлекеттік тудың бас-
қа атрибуттарының да өз атаулары бар. Олар – тутаяқша
(древок), ұшарбас (навершие), бау (лента), шашақ (бахро-
ма), тутұғыр (флагшток), тужиек (кайма), т.б.
Түсті мата тартылатын тутаяқша ағаштан немесе метал-
дан жасалады. Ұшарбас оған шығырмен бекітіліп, тудың
ажарын аша тусуге қызмет етеді. Ол ұлттық ою-өрнек сти-
лінде жасалған найза тəрізді болып келеді. Оған тартпа жіп
пен бау тағылады.
Шашақ дегеніміз тудың негізгі бөлігін – түсті матаны жиек-
теп көмкерген тоқыма əшекей, ал тутұғыр деп тутаяқша тұр-
ғызылған металл қондырғыны айтады. Ту-жиек (кайма) бол-
са – түсті матаның шетіндегі түсі бөлек жолақша.
Жаңа рəміздер
бейнеленген спорт
наградалары
30
Тудың қасбетіндегі (оң бет – түсті матаның тура қараған
кезде тутаяқшадан оңға қарай жазылған жағы) əр алуан бей-
нелер мен жазулар тоқу, бояу жəне жапсырма (аппликация)
əдістерімен түсіріледі.
Мемлекеттік елтаңба бейнесі ҚР Президенті резиденция-
сының, Парламент пен Үкіметтің, министрліктер мен басқа
да орталық атқару органдарының, сол сияқты Президентке
тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар-
дың, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың жəне басқа
соттардың, Бас прокуратураның, Ұлттық Ғылым академия-
сының, Қарулы Күштер жəне Республикалық Ұланның əске-
ри құрамалары мен бөлімдері штабтарының, дипломатиялық
жəне сауда өкілдіктерінің, консулдық мекемелердің ғимарат-
тарында орналастырылады.
Сол сияқты ол ҚР Президентінің кабинетінде, Парламент
Сенаты мен Мəжілісінің сессия отырыстары (бірлескен жəне
бөлек) мен бюро мəжілістері, Үкіметтің жəне оның төрал-
қасының отырыстары, жергілікті өкілетті органдардың сес-
сиялары өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің отырыс
залында, Жоғарғы Соттың, оның алқалары мен басқа да
соттардың сот отырысы залдарында, орталық жəне жергілік-
ті атқарушы органдардың, Президентке тікелей бағынатын
жəне есеп беретін органдардың алқа мəжілістері өтетін зал-
дарда, мемлекеттік жəне үкімет наградалары тапсырылатын
орынжайларда, шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер мен
консулдық мекемелердің қабылдау залдарында, дүниеге
келген нəрестелерді жəне некені салтанатты түрде тіркеу
орындарында тұрады.
Елтаңба бейнесі Президенттің жəне оның Əкімшілігінің,
Парламенттің жəне оның Палаталары мен олардың Бюро-
лары мен Аппараттарының, Үкімет жəне оның Аппаратының,
министрліктердің, Президентке тікелей бағынатын жəне есеп
беретін органдардың, өзге де атқарушы органдардың, Конс-
титуциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың жəне басқа да сот-
тардың, Бас прокуратураның, Қарулы Күштердің жəне Рес-
публика Ұланының əскер құрамалары мен бөлімдерінің, мəс-
31
Үкімет үйі. Астана
Қазақстан
Республикасының
Парламенті.
Астана
32
лихаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, заң бойынша
мөрлерінде жəне құжаттарының бланкілеріне елтаңбаның
бейнесін орналастыру құқығы берілген мемлекеттік куəлан-
дыру кеңселерінің мөрлерінде жəне құжаттарының бланкіле-
рінде, Президенттің, Парламент пен Үкіметтің, Конституциялық
Кеңес пен Жоғарғы Соттың ресми басылымдарында, банк-
ноттар мен тиын ақшаларда, мемлекеттік құнды қағаздарда
орналастырылады. Төлқұжаттар мен жеке куəліктерде, ше-
кара бағаналарында да болуға тиіс.
Мемлекеттік елтаңба бейнесін мемлекеттік емес орган-
дардың жəне олардың лауазымды адамдарының бланкіле-
рінде, мөрлерінде жəне басқа реквизиттерінде пайдалануға
заңмен тиым салынған.
Мемлекеттік елтаңба жасау тек заң бойынша белгіленген
тəртіпке сəйкес рұқсат (лицензия) алған жағдайда ғана жү-
зеге асырылады. Жасалған бейне эталонға толық сəйкес
келуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мем-
лекеттік елтаңбасының эталондары Президент Резиденция-
сында сақталады. Олар 1997 жылғы 8 қарашада бұрынғы
астанамыз Алматыдан – жаңа елордамыз Астанаға жеткізіл-
ді. Бұл маңызды миссия Қазақстан Республикасы Ұланының
қолбасшысы генерал-майор Сəт Тоқпақбаевқа жүктелді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік əнұраны – ел-
дің ресми музыкалық-поэтикалық эмблемасы, əдеби-сазды
төлқұжаты. Ол қай жағдайда жəне қалай орындалады? Бұл
сұрақтың да жауабы ресми заңдастырылған. Мемлекеттік
əнұран Парламент сессияларында, ҚР Ұлттық мерекесі мен
басқа да мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыс-
тар мен отырыстарды ашу жəне жабу кезінде, сол сияқты
ел өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құр-
метіне ескерткіштер. монументтер, құлпытастар мен өзге де
құрылыстарды ашу кезінде, мемлекеттік органдар, қоғамдық
бірлестіктер мен өзге де ұйымдар өткізетін дəстүрлі рəсім-
дер, салтанатты іс-шаралар кезінде Мемлекеттік ту көтеріл-
ген кезде орындалады.
33
МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ
ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ РЕСМИ ТƏРТІБІ
ШЕТЕЛДІК МЕЙМАНДЫ ƏУЕЖАЙДА (САПАРЖАЙДА)
ҚАРСЫ АЛУ (ШЫҒАРЫП САЛУ) КЕЗІНДЕ
РЕСМИ ШАРАЛАР (ЖИЫНДАР) КЕЗІНДЕ
ТЕАТРДА
Мейман елі туы Ұшу алаңына шығар босаға Қазақстан туы
Мейман елі туы Төралқа Қазақстан туы
Мейман елі туы
Сыйорын (ложа)
Қазақстан туы
34
Əнұран ресми сапармен келген шет мемлекеттердің бас-
шыларын, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларын қар-
сы алу жəне шығарып салу кезінде халықаралық этикет бо-
йынша шет мемлекеттің əнұраны орындалғаннан кейін ой-
налады.
Елдің музыкалық рəмізі жаңа оқу жылының басталуы жəне
аяқталуына арналған рəсімдер кезінде, мектептерде өтетін
басқа да іс-шаралар кезінде пайдаланылады. Мемлекеттік
теледидар мен радио хабарларында: Жаңа жыл түні – 24.00
сағатта, 25 қазанда – Ұлттық мереке күнгі бағдарламасының
басында, мереке күндері (1, 2 қаңтар, 8 наурыз, 22 наурыз,
1 мамыр, 9 мамыр, 30 тамыз, 16 желтоқсан), мемлекеттік ра-
диода күн сайын бағдарлама басталар жəне аяқталар кезін-
де орындалады.
Шет мемлекеттерде іс-шаралар өткізген кезде Мемлекет-
тік əнұран Сыртқы істер министрлігі бекіткен ережеге сəйкес
пайдаланылады. Онда сол елде қалыптасқан ресми тəжіри-
бе мен дəстүрлі əдет-ғұрыптар ескерілуге тиіс.
Əнұран орындаудың екі түрі бар. Біріншісі – ішінара орын-
дау. Бұл жағдайда сазды аспаптарда əнұранның бір шумағы
мен қайырмасының əуендері ойналады, Екінші – толық орын-
дау. Бұл жағдайда əнұран жеке дауыста жəне сазды аспап-
тар сүйемелдеуіндегі жеке дауыста орындалады. Бұл ретте
жазу таспасын пайдалануға болады.
Қарғалы диадемасы.
Фрагмент
Алатау барысы. Есік қорғаны
35
Мемлекеттік əнұран оның ресми бекітілген мəтініне өзге-
ріс енгізілмей жəне музыкалық редакциясына толық сəйкес
орындалуға тиіс. Қалыптасқан халықаралық дəстүр бойын-
ша əдетте əнұран мəтінін басқа тілде орындауға жол беріл-
мейді. Əнұранның орындалу тəртібін қадағалау заң бойынша
мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларына жүктелген.
Мемлекеттік əнұран көпшілік ортасында орындалған кезде
қатысушылар оны тік тұрып тыңдайды.
Мемлекеттік рəміздер интеллектуалдық меншікке жата-
ды. Еліміздің мұндай құқы Бүкіл дүниежүзілік интеллектуал-
дық меншік ұйымында тіркелген. Қалыптасқан халықаралық
нормаларға сəйкес ол Париж конвенциясына қосылған 130
елде заңмен қорғалады.
Мемлекеттік рəміздер ретінде ту мен елтаңба – егемен-
дік жəне тəуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері.
Əнұран – осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы.
Қазақ елінің өз топырағында дүниеге келген, өз аңсарла-
рымыз мүддесіне қызмет ететін тұңғыш ресми мемлекеттік
белгілеріміз – барша қазақстандықтар үшін тəуелсіздік тұма-
рындай. Елдік белгілер ел үмітінің шырағданы іспеттес. Кө-
терген туы жығылмай, асқақтаған əнұраны əрдайым жарқын
шырқала берсе екен деген тілек – қай халық үшін болсын
ерекше көкейкесті, ерекше қасиетті тілек. Ниеті адал барша
қазақстандықтардың ізгі арманы да осы.
1995 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан тарихында алғаш
рет Мемлекет басшысының байрағы дүниеге келді. Ол –
мемлекеттің ең жоғары лауазымды адамының ресми айы-
рым белгісі. Байрақтың сипаттамасы Елбасының «Қазақстан
Республикасы Президентінің байрағы жəне оның айырым
Тарихи болмыс қисыны, жаңа қоғамдық сұраныстар мем-
лекеттік рəміздерде көрініс табатын тың идеяларға де-
ген қажеттілік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |