Өскемен, 2016 Әож 94(574) (063)



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата02.01.2017
өлшемі29,08 Mb.
#985
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

РАМАЗАНҰЛЫ  Ж.Р.,  Жәңгірхан  атындағы  БҚАТУ,  Орал  қ.

Қазақстан 
Республикасы
 
 
АЛТАЙ: ЖЕР ЖҰМАҒЫ ҺӘМ АДАМЗАТ ЖҰМБАҒЫ
 
 
Көп  адамдар  ойлайды  жаратылған  нәрселер  жойылады,  жаңа  дүние 
алмасады,  ескі  тозып  жарамсыз  болады.  Бұл  пікір  біздің  санамызда 
шиыршықталып  жатқан  сансыз  ғарыштың  энергияларды  һәм  болмыс  әлемі 
мен  күллі  жаратылысты  бірмезгілдік  құбылыс  ретінде  елестететіндей. 
Расында  біздің  әлем  ой  майданы,  жеңілістер  мен  жеңістердің  мекені.  Бірақ 
бұл  ескі  мен  жаңаның  бәсекесі  дегенді  білдірмейді.  Ескі  бұл  тәжірибенің 
алтын  кені,  идеяның  қайнар  бұлағы!  Көп  адамдар  жаңашылдықты  сүйеді, 
ескі дүниеден толығымен арылғысы келеді. Шын мәнінде жаңа идеяның көзі 
ол өткен уақыт, өткен кезең.
 
Адамзат  жұмбағы  ішінде  мыңдаған  оқиғалар,  соғыстар,  өркениеттер 
тасқыны  мен дәуірлердің  алмасуы,  ғылымдағы  төңкерістер орын  алады.  Ал 
тарих жұмбағы дүниенің төрт бұрышы болған төрт қазыққа байланған. Көне 
Рим  тағылымы,  Үнді  –  Мұсылман  өркениеті,  Қытай  өнертабысы,  Түрік 
халықтарының билігі.
 
Бабаларымыз  сан  ғасырлық  жолында  осы  өркениет  бесіктеріне  әмірін 
жүргізгені бәрімізге белгілі. Аттила бастаған ғұн сарбасдары күллі Еуропаны 
тізе  бүктіріп  Римде  той  тойлады,  Түркі  халықтарынан  шыққан  талай 
әскербасы Парсы, Үнді, Мысыр, Шамның бүкіл аймағына билік етті. Қытай 
жерін  еркін  жайлап,  шөбін  шабындық  етті.  Ал  сол  бабаларымыз  қалай 
өркендеп еді? Қалай шынықты? Қалай даналыққа жетті? Әлемге қалай үкім 
етті? Ең маңыздысы қай жерден шықты?
 
Әл – Фараби бабамыз арман еткен “Қайырымды қала тұрғындарының 
көзқарастары”  еңбегінде  ешбір  дұшпан  бара  алмайтын  биік  таулармен 
қоршалған, сылдырап аққан кең жазиралы алқап, күннің сәулесіне малынған 
жеміс  ағаштары  жерге  иіліп  тағзым  етіп  тұрғандай  жер  Өтіккен  жұрты 
мекендеген. Бұл жерді алдағы сөзіммен дәлелдеп көрейік.
 
«Ат – ердің серігі». «Ат – ердің қанаты». Ат – Адтардың «авторлық» 
құқы.  Ат  қазақ  даласының  адамнан  кейінгі  екінші  есімі.  Ад  пен  Ат  қазақ 
ұғымында  бірінен-бірі  ажырамайтын  егіз  ұғым.  Мысалы,  «Атың  кім?»  деп 
сұраймыз.  «Атым  пәленше»  деп  жауап  береміз.  Олар  үнемі  біріне  –  бірі 
балама ретінде қолданыла береді. Ад – Ат, Ада – Ата, Адам – Атам, Адай – 
Атай,  Дай  –  Тай,  Мадай  –  Матай,  Дай  жұрты  (Дайжуыт)  –  Тай  жұрты 
(Тайжуыт)  болып  айтыла  да,  жазыла  да  береді.  «Адтың  орнын  Дай  басар» 
делінбей «Аттың орнын тай басар» делінетінінің де сыры осы. Батырлардың 
жан 
серігі 
астындағы 
атымен, 
яғни 
Аталарының 
аруағымен 
сырласатындарының  және  оларды  үнемі  қорғап  жүретіндерінің  сыры 
осы.Алтай  деген  атаудың  өзі  қайдан  шықты  деген  сұраққа  жауап  іздер 
болсақ, Алтай біріккен сөз. Толық мағынасы Алдыңғы (алғы, алғашқы) Дай 
болып оқылады. Тарих та Дайлар (Дай-дахи, Массагеттер, бұл баяғы Кирдің 
басын  торсыққа  салып,  қақпаға  іліп  қоятын  Тұмар  ханымның  елі)  деп 
143 
 

аталған,  Ұлы  халықтың  болғанын  тарихтан  шамалы  да  болса  хабары  бар 
жандардың  бәрі  білсе  керек.  Сол  Дай  ешқайда  жоғалып  кеткен  жоқ.  Бар-
жоғы  Дай  деген  сөзіміздегі  "Д"  дыбысы  "Т"  деп  оқылады.  Алтай  сөзінің 
шығу тегі осы. Мұны Маңғыстауда білмейтін адам жоқтың қасы. Бұл бізде 
екі  сөздің  бірінде  қолданылады.  Мысалы,  жоғарыда  айтқанымдай  Ад  -  Ат, 
Адай - Атай, Адам - Атам, Дай – Тай, Мад – Мат, Мадай - Матай т.т. болып 
кете  береді.  Бұл  қағида  қазақ  та  тек  қана  "Д"  мен  "Т"  дыбысына  қатысты 
емес,  қазақ  та  мұндай  мысалдар  өте  көп:  Ауа-Әуе,  Аз  –  Әз,  Тәз-Таз,  Асан-
Есен, Ад - Әд, МАД – МӘД (Мадина, Мәдине, Медине), Асыл - Әсіл, Асем - 
Әсем,  Ажа  -  Әже,  Ас  -  Әс,  Ары  -  Әрі,  Ақ  -  Әк,  Баз  –  Бәз,  Қазір  –  Кәзір, 
Манқыстау-Маңғыстау, Жанбыр-Жаңбыр, Ан-Аң, Ман-Маң, Қас би-Каспий, 
Ош - Ос, Қосай - Қошай, Құс - Күш, Ғұн - Күн, Қосай Нұқ - Қос нүкте, Дін-
Дин, Бір-Пір, Қаз-Қас, Қаз би-Қас би, Қазсақ-Қассақ т.т. болып кете береді. 
Жалпы мұндай мысалдарды ондап, жүздеп, мыңдап келтіруге болады.   [113 
– 
117 б.]
 
Тағы  бір нұсқа  да әлем  мәдениетінің бастауы  Үнді  Арийлер  делінеді. 
Оларда Алтай сияқты алғашқы бола алмайды. Үндінің сөз түбірі - үн. Иә, иә 
кәдімгі  дауыс.  Себебі,  үн  өз-өзінен  шықпайды.  Оның  алдында  үнді 
шығаратын тіл бар. Ең бірінші болып Адам атамыз бен Ауа анамыздың тілі 
шыққаны ешқандай дауға жатпаса керек. Ал, тіл болса Қаз Адайлардың бас 
таңбасы.  Бүкіл  әлем  елдерінің  оларды  «Тіл  таңбалы  Адайлар»,  Қас  билер 
(Каспий  теңізі  атауының  тегі  осы)  дейтіндері  осыдан.  Бұлар  бүгінгі  Қаз 
Адайлардың  Ман  (Адам)  атамыздың  қарашаңырағы  екендігін  айғақтайтын 
басты дәлелдердің бірі.
 
Бұл  тұжырымымыздың  Маңғыстаудағы  топономикалық  айғақтамасы 
«Дауысты» атты бірнеше топономикалық атаулардың болуы.
 
Атам  Қазақтың  рулық  шежіре  дерегі  бойынша  үш  анадан  туған 
қазақтың үлкен баласының аттары айтып тұрғандай Ұлы жүз – Аға арыс (45 
таңбалы), орта жүз – Жанарыс (35 таңбалы, кенжесі кіші жүз – Бекарыс (25 
таңбалы) делінеді. Кіші жүздің үлкені алты ата Әлім (6 таңбалы), ортаншысы 
жеті ата «Жетіру» (7 таңбалы), кенжесі он екі ата Байұлы (12 таңбалы). Он 
екі Ата Байұлдарының үлкені Алаша, кенжесі Адай.
 
Шежіре  дерегі  Кіші  Жүзді  Алшын  және  Кеншін  деп  екіге  де  бөледі. 
Кеншінге «Жетіруды» жатқызады.
 
Жетіру  демекші,  Рим  (Италия)  империясының  негізін  қалағандар 
Алшынның (Алаштың) осы Жеті руы. Бұл олардың тарихында да тайға таңба 
басқандай  болып,  «Етрурилер»  деп  жазулы  тұр.   Рим  қаласының  қақ 
ортасында   Рем  мен  Ромулға  және  қаншық  қасқырға  арнап  ескерткіш 
қойылған. [97 – 98 б.]
 
Түсініктеме: Бөрі (қасқыр) Алшынның лақап аты. Рем мен Ромулдың – 
Жеменей  және  оның  ұрпағы  Жомартпен  түбірлес  болатыны  да  осыдан. 
Жеменей  мен  Жомарт  Адайдың  алтыншы  немересі  Бұзаудан  тарайды. 
Еврейлер мен арабтар (семиттер) Бұзаудың  Жеменейінен бөлінеді.
 
144 
 

Адай  шежіресі  қазақтың  көптеген  қарапайым  руларының  шежіресі 
емес, Адам атаның шежіресі. Шежіре дерегіндегі, Адайдың Қазақтың рулық 
жүйесінің  ең  соңында  тұрған  себебі  де  осы.  Бұл  Қаз  Адайлардың  Адам 
атаның қарашаңырағының иесі екендігін білдіреді.
 
Ад  (Ат),  Ада  (Ата),  Адай  (Атай),  Адам  (Атам),  МАД  (Мәд,  Мат, 
араптың Меке, Мәдинесі мен орыстардың анасын «Мат» дейтіндері осыдан), 
Маадай,  Мадай  (Матай),  Дай  (Тай)  деген  атауларды  (ел  есімдерді)  дүниеге 
әкелген  бүгінгі  Қаз  Адайлардың  ата-бабалары,  яғни  олар  осы  ұғымдардың 
бәрінің «авторы». Бүгінгі Қаз Адайлар Адам атаның қарашаңырағының иесі 
болып  табылады.  Сондықтан  да,  Адам  ата  ұрпақтарының  70  000  жылғы 
шежіре-тарихы Адай ата ұрпақтарының арасында сақталып отыр.
 
Алтайдың  тағы  бір  мағынасы  алты  Ай.  Алты  санының  Балықшы 
атамыздың  лақап  аты,  яғни  сандық  атауы  екендігін  ескерсек,  бұл  ұғымның 
негізгі  мағынасының  Балықшы  Адай  екендігін  көреміз.  Балықшы  Адайда 
бірінші  бола  алмайды.  Себебі,  Балықшы  атамыздың  алдында  Адай  атамыз, 
оның  екі баласы  және  төрт немересі бар.  Ежелде қаланы балық деп  атаған. 
Мысалы, қазіргі Пекинді (қытайдың астанасы) біздің аталарымыз Ханбалық 
деп  атаған.  Енді  осының  қасына  Баласағұнды  да  (Балықшы  Сақ  Күн)  және 
Балықшы  атауы  түбірінің  «Бал  (бала)»  екенін  қосып  қойсаңыз  тіпті  де 
жаңылыспайсыз.
 
Алты, алпыс, алты жүз, алты мың, алты мың алты жүз алпыс алты т.т. 
бәрі осы Алашқа жатқан алты елдің сандық атаулары. Ол замандарда бүкіл 
әлем елдері бір мемлекеттің құрамында, бәрі бір атаның ұрпағы екендіктерін 
айқын сезіне отырып тату-тәтті ғұмыр кешкен.
 
Сіздердің  менен  мұның  айғағы  қайда  деп  сұрайтындарыңыз  айқын. 
Бұның  да  жауабын  бере  кетейін.  Бүткіл  жер  шарының  түпкір-түпкірінде 
қаптата  салынған  алып  пирамидалар  бар.  Сол  пирамидаларды  да  салған 
біздің  аталарымыз.  Оған  Египет  пирамидасының  ішіндегі  бөлменің 
қабырғасынан  табылған  «домбыра  мен  Адайдың  «тіл  таңбасы»  толықтай 
куәлік ете алады. Енді осының үстіне Каир (Египет) мұражайына қойылған 
Тутанхамонның (Египет перғауыны, мүрдесі пирамида ішіне жерленген) бала 
кезінде  ойнаған  ойыншығы  қойдың  асығы  және  пирамидалардың  ең  биік 
шыңының  Адайдың  таңбасы  «жебемен»  сәйкес  келетіндігін   және  Құран 
Кәрімде Перғауын әскерінің «қазық» деп аталғанын қосыңыз.
 
Жер  бетінде  әлемге  әйгілі  пирамидалар  көп.  Олардың  санатына 
Қытайдың Сиан жазығындағы пирамида, Мексиканың Юкатан жазығындағы 
Кукулкан  пирамидасы,  Андадағы  Норте-Чико  мәдениеті  пирамидалары 
жатады.  Осы  пирамидалардың  ішіндегі  ең  әйгілісі  жоғарыда  айтылған 
Египеттегі  Газе  (Қаз)  пирамидалары.  Ғалымдардың  дәлелдеуінше  осы 
пирамидалардың бәрі бір мезгілде салынған. Осы пирамидалар соңғы кезде 
«ұйқыдан»  оянып,  бәрі  де  аспанға  сәуле  (жарық)  шаша  бастаған.  Бұған 
түсінік 
беруге 
ғалымдардың 
білімдері 
жетпеуде.Жақында 
осы 
пирамидаларды зерттеп жүрген ғалымдар  пирамидалар шоғыры орналасқан 
ара қашықтықтың аралары 6666 км. екендіктерін жариялады.[35 – 37 б.]
 
145 
 

Демек,  он  сегіз  мың  ғаламның  да,  соның  ішіндегі  саналы  тіршілік 
иелері адамзаттың да  бастауы бір, бәрін бір Алла жаратты. Ұлы Жаратушы – 
Алла есімінің түбірі «Ал» болатыны да осыдан. Осы «Ал» деген түбірді  кері 
жалғау арқылы Алла деген ұғымымыздың да дүниеге келгенін айқын аңғара 
аламыз. Біз бұл жерден Құдайдың бір аты халық дегендей, Алланың да бір 
аты халық екенін көреміз.Адайдың рулық шежіресі Балықшыларды былайша 
таратады:
 
Адайдан екі бала – үлкені Құдайке, кішісі Келімберді (бірінші буын),  
Құдайкеден  екі  бала  –  үлкені  Тәзіке  (екінші  буын),  кенжесі  Қосай  (үшінші 
буын). Келімбердіден алты бала: үлкені Құнанорыс (Рысқұл, төртінші буын), 
Ақпан  (Ақ  Ман,  бесінші  буын),  Балықшы  (Шыбынтай,  Қыпшақ,  алтыншы 
буын),  Жеменей  (Бұзау,  жетінші  буын),  Семит  (Арап  пен  ебрейдің  атасы, 
сегізінші  буын),  Тобыш  (тоғызыншы  буын)  және  кенжесі  Мұңал  (Монғол, 
оныншы  буын).  Мұңалдар  Қаз  Адай  атаның  кенже  немересі,  яғни  олардың 
қарашаңырағының  иесі.  Адай  (Адам)  атамыздың  жаққан  оты  Мұңалдарда, 
сондықтан олар «Мұңал ошақ» деп аталады. Мұңалдардың монғол (сөз түбірі 
«он») атанып жүргендері де осыдан. Он саны Мұңалдардың сандық атауы.
 
Балықшы – біріккен сөз.  Ал (сөз түбірі), бал (бала), ық (су), лық (лықа 
толу),  балық (қала, баламасы судағы балық) деген сөздер  мен «шы» (сушы, 
теңізші,  малшы,  егінші,  сауыншы  т.т.)  жалғаулығынан  тұрады.  Алтайдағы 
«Ал»  деген  түбірден  басталатын  барлық  ұғымдар  мен  «Балықшы»  атты 
топоним мен елді мекеннің болуы осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. 
[63 – 
74 б.]
 
Алтай,  кенді Алтай, Өр Алтай, Асқар Алтай, Моңғол Алтай жайында 
толғансаң, “Алтай, Алтай болғалы не көрмеген, Кімдер келіп бұл жерге кім 
кетпеген”  деп  толғанатын  “Ағажай  Алтай”  әні  еске  түседі.  Көшпенді 
түріктердің атамекені, иісі түркіге ортақ Алтай өлкесі кімдердің көз құртына 
айналмады.  Кімдер  сұғын  қадамады.  Іргесінде  отырған  орыс  пен  қытайдың 
Құдайы берді. Алтайды шамаларынша бөлшектеді. Түркінің Алтын бесігі  4-
ке бөлінді. Өр Алтай – Оспан бабамыздың 15 жыл аттан түспей, жан алып, 
жан берісіп, қорғамақ болған Алтайы қызыл көз Қытайға, Алтай түркілерінің 
мекені  –  орысқа,  Моңғол  Алтай  –  геосаяси  ойындардың  арқасында 
тәуелсіздікке қол жеткізген Моңғолияға, кенді Алтай – Алтай өлкесінің бір 
тұтамы ғана Қазаққа бұйырды. Бізге қарасты қолымыздағы алтынымыз кенді 
Алтайдың  астанасы  – Өскемен.   Бүгінде  орысы  басым,  Солженицын  мен 
Горбачевтің,  Жириновскийдің  орыстың  мекені  деп  байбалам  салатын 
Өскемені  –  ресми  қазақтың  ата  мекені  болса,  Алтайдың  өзге  өңірлері  де 
ежелгі қазақтың атамекені болып табылады.
 
Өскеменнің  тегі  Жеменейден  (Бұзаудан)  тарайды.  Өскемен  сөзінің 
құрамындағы ем (сөз түбірі), мен, емен, кеме деген сөздердің болуы тек қана 
осыны білдіреді. Бұл атаудың тағы бір құпиясы бар. Бұл «менің өскен жерім» 
деген сөз. Өздеріңіз көріп тұрғандай «Өскен» сөзі сыртында, ал «мен» деген 
сөз ортасы мен соңында тұр. Тағы бір мағынасы «мен бұл жерде алғаш рет 
еменнен  (қатты  ағаштан)  кеме  жасадым»  дегенді  білдіреді.  Бұл  дауға 
146 
 

жатпайды. Сөз жасасаң осылай жаса. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұл тарихты 
жою, Алладан ғана болмаса, адам баласының қолынан келмейді. Бүткіл жер 
бетіндегі  ежелгі  атаулардың  бәрі  осылай,  менің  атамның  (қазақтың)  ана 
тілінде  қойылған.  Бұны  кез-келген  білімді,  яғни  қазақтың  Ана  тілін 
меңгерген  жан  әрқашанда  оқи  алады.  Олар  үшін  уақыттың  шекарасы 
болмайды.  Олар  ешқашан  тарих  сахнасынан  кетпейді.   «Қазір  (Қаз  бір,  Қаз 
пір)»,  «дәл  қазір»  және  «бүгін»  деген  уақыт  өлшемдерінің  Қазақтың  және 
Нұқ  пайғамбар  атамыздың  және  оның  қауымының  лақап  аттары  болатыны 
осыдан. Бүгінгі күн (Нұқтың алдындағы қауымдар сияқты, Нұқ қауымы да) 
өтеді, ал қазіргі уақыт (қазақ) ешқашан өтпейді.  Сол үшінде Аталарымыздың 
таңбасы  «Тіл»  болып,  оларды  бүкіл  әлем  Тау  би,  Көп  би,  Қас  би  (Каспий) 
деп,  ал  мына  батыстықтар  (орыстар)  дәлдеп  тұрып  ең  алғашқы  тілі 
шыққандар (тілділер, язычники) деп атаған.
 
Фараби бабамыз арман еткен мекен күллі адамзатты бақытқа жеткізеді 
деп  сенген  киелі  жер  ол  көне  Алтай  болатын.  Сан  жылдар  сағымға  ораған, 
бәз біреулер қиясына көз тастаймын деп басынан бөркі түскен, бабаларымыз 
Тәңірдің  сыйы  деп  білген  көне  Алтай.  Адамзат  жаралғалы  бері  небір 
жақсылық  пен  жамандықты  басынан  өткерсе  де  мәрт  кейпін  бұзбаған 
Алтайдың өр тұлғасы бабаларымыз һәм ұрпақтарымыздың адалдық символы 
болып қала беретіні ақиқат.
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Гумилев Л.Н. «Ежелгі түркілер». 1993. [113 – 117 б.]
 
2.М.Жолдасбеков,Қ.Сартқожаұлы. Орхон ескерткіштерінің толық 
Атласы.Астана,Күл- тегін.2007. [97 – 98 б.]
 
3. Ма Шаңшу. Түрік және түрік қағандығы, Пекин. 1946. [35 – 37 б.]
 
4. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері.Алматы,2005. [63 – 74 
б.]
 
 
 
САПАРОВ  Қ.Т.,  ЖЕНСИКБАЕВА  Н.Ж.,  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ, 
 
Астана қ., 
Қазақстан Республикасы
 
 
ҚАЗАҚСТАН АЛТАЙЫНЫҢ ТАБИҒАТЫН  ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ 
ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРДА 
БЕЙНЕЛЕНУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ  
 
Зерттеу  аймағында  табиғат  қорғау  шараларын  ұйымдастыру 
идеяларының  қазақ  қоғамында  ертеден  болғандығы  жер  –  су  атауларында   
(Хан  қорық,  Кеңқорық,  т.б)  сақталғанын  аңғаруға  болады.  А.Н  Бернштам 
қола дәуірінің андронов мәдениеті кезеңінде Орта Азия мен Қазақстанда өмір 
сүрген  көшпелі  тайпаларда  алғашқы  тыйым  салынған  өңірлер  «қорықтар 
пайдаланатын  жер»  деген  ұғым  пайда  болды  деп    жазады  [1]  М.Қашқари 
«қорық»  сөзін  кез-келген  қоршалған  аумақ  жеке  пайдаланушы  адамның 
147 
 

«тыйым  салынған  жайылымы»  ретінде  қарастырады  [2].  Орта  Азия  мен 
Қазақстан  өңірінде  арнаулы  қорыққа  айналдырылған  орындар  көне 
дәуірлерден бастап болғандығына дәлел боларлық дәйекті мәліметтерді аңыз 

әнгімелерден,  жер  –  су  аттарынан  және  тарихи  жазба  деректерден 
кездестіруге  болады.  Е.М.Массонның  зерттеулеріне  қарағанда  оныншы 
ғасырда  Бұхара  жерінде  Шамсабад  қорығы  болғандығын,  оның  айналасы 
топырақ    дуал  мен  қоршалып,  ішінде  көптеген  жабайы  жануарлардың 
ұсталғандығын  Орта  азиялық  тарихшы  Мұхаммед  Наршахи  баяндайды.  [3]. 
В.В.Бартольд: VI-VII ғасырларда Жетісу жерін мекендеген үйсін тайпалары 
шұрайлы, көп шалғынды салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал 
жайылмайтындығын,  мезгілсіз  аң  ауламайтындығын  жазды.  VII  ғасырда 
Талас өңірінде болып, Бинюй «Мыңбұлақ» деген жердің табиғат әсемдігі мен 
хан  қорығындағы  мүйізді  бұғыларды  көргендігін  жазып  кетті.  Осы  өңірде 
«Құлан қамалған», «Құлан қорық» деген жерлер бар [4]. Жер ұйығын іздеген 
Асан Қайғы (15 ғасыр)  жол үстінде келе жатып  «Хан қорығы» деп  аталатын  
көлемді  жайылымды  кездестіріп,  оны  күзететін  жендеттерін    көргенін 
жазады  [5].  1897  жылы  археолог  В.Каллаур  «Құлан  қорық»  деген  жерде 
болып,  қорықтан  қалған  дуал  іздерін,  төңірегіндегі  қоныс  орындарын 
аңғарған. Атап айтсақ Арқарлы, Арыстанды, Бөріойнақ, Құлан тау, Құлан су, 
Құлан  асу,  Бала  Құлан,  Құланды,  Қасқа  Құлан  т.б.    топонимдер  қорықтар 
жөнінде мол ақпарат береді. Сонымен көшпенді және отырықшы халықтың 
екінші  шаруашылығы  аң  аулау  болды.  Мұндай  жерлерді,  әсіресе  
құсбегілікпен    айналысатын,    қақпан      құрушы      аңшылар      ерекше   
бақылауға   алып жүрді [6].  Мұндай аңшыларды Алтайда, Сауыр, Тарбағатай 
Баянаулада,  Шыңғыстау  Қалба  жатасында,  Семейдің  таспалы  қарағай 
ормандарында (реликт) осы күндері кездестіруге болады. Бұл өңірде жабайы 
аңдардан  –  бұлан,  марал,  бұғы,  қарақүйрық,  құлан,  арқар,  аю,  қасқыр, 
сілеусін,  ілбіс,  терісі  бағалы  құндыз,  бұлғын,  орман  сусары,  түлкі,  қоян, 
дуадақ, ұлар, қырғауыл, құр т.б. кезінде қыран бүркіт, ителгі салып байлар, 
хандар, сұлтандар аңшылық құрған және олар сол жерлерге аңшылық құруға 
басқаларға рұқсат бермеген. Ландшафтарды қорғаудың ең жоғарғы формасы 
– 
қорықтар  ұйымдастыру  болып  табылады.  Мәселен,  Еліміз  тәуелсіздік 
алғаннан  кейін  Батыс  Алтай  мен  Алакөл  қорығының  ұйымдастырылуы, 
сонымен қатар Алтынемел, Ордабасы, Қарқаралы, Іле Алатау, Қатонқарағай 
мемлекеттік  ұлттық  табиғи  парктерінің  құрылуы  осының  айғағы  екенін 
аңғартады.  Қазақстан  жеріндегі  экожүйелердің  антропогендік  өзгерістері 
байырғы  табиғатты  пайдалану  үрдістер  мен  тәжірибесін  кеңінен  ғылыми 
ізденістерді  және  арнайы  жобалар  енгізу  ісін  жеделдетуді  талап  етеді. 
Аумақтағы  ертеде  қорғалатын  аймақтардың  болғандығын  қазіргі  кездесетін 
топонимдерден  байқауға  болады.  Қорық  -  қоныс  (6),  тау  атауы  ҚХР  –  мен 
шекарада  (Тарб.  ауд.),  елді  мекен,  өзен  атауы  (Аягөз  ауд.)  Қалыбай  және 
Ақтомар  өзендерінің  қиылысқан  жерінде  орналасқан  және  Сандықтас 
тауының онтүстік батыс бөлігіне жетпей құрғап қалады. Қорықшар - атауын 
(Жарма ауд.) Шар өзенінің маңында қорғауға алынған аумақ деп топшылауға 
148 
 

болады.  Шыңғыстауда  Қорықбол  өз.,  жайлау  атауын  кездестірсек, 
Қорымжайлау  өзені  өзінің  жайылым  ерекшелігі  жөнінде  мол  экологиялық 
ақпар береді [6]. Сондықтан табиғат қорғаудың халықтық түрі қазақ жерінде 
әлдеқайда  ертеде  қалыптасқанын  аңғаруға  болады.  Аңшылық  кұрудың 
кезеңдері,  уақыты,  орманда  аң  аулаудың  ережелері  болған  [7].  Қазақ 
халқында  табиғат  оның  нысандарын  қорғау  идеялары  ертеден  қалыптасып, 
ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  болып  беріліп,  экологиялық  мәдениеттің 
қалыптасуына біршама ықпал етті. 
Геоэкология ғылымы адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы қарым-
қатынас  туындайтын  зандылықтарды  зерттейді  десек,  осы  әрекеттердің 
нәтижесі – табиғи ортаның антропогендік әрекеттерге жауабы (экологиялық 
дағдарыс, апат т.б) болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Шығыс 
Қазақстан  облысы  аумағында  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  жүйесін 
құрудың  маңыздын  геоэкологиялық  тұрғыдан  қарастыру  қажеттілігі 
туындайды.  Бүгінде  ШҚО  аумағында  2  қорық,    1  ұлттық  табиғи  парк,  1 
табиғат  ескерткіші  және  1  табиғи  резерват,  8  қорықша  (қорыққор),  атап 
айтсақ:  Құлыджы,  Тарбағатай  Қаратал  құмы,  Төменгі  Тұрғысын,  Рахман 
бұлағы,Әділет,  Әскер сайы, Ұржар (Ұрыжар)  т.б. орналасқан (1-кесте) [8].   
Шығыс  Қазақстан  облысында  ең  алғаш  ашылған  Марқакөл  қорығына 
биыл 40 жыл толып отыр. 1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл 
мемлекеттік  қорығы  -  Күршім  мен  Азу  (Азутас)  жоталарының  аралығында 
жатыр.  Осы  екі  қыратпен  көмкеріліп,  айдыны  күн  бетіне  шағылысқан 
Алтайдың ару көлі – Марқа адам қамқорлығына алынды. Қорықтың аумағы - 
75  мың  га.  Шалқып  жатқан  Марқаның  жағасы  жасыл  желек  жамылған  ну 
орманға  тұнып  тұр.  Ақ  қайың  тал,  көктерек,  үйеңкі,  долана,  мойыл  тау 
етегінде өссе, оның баурайында көкке тік шаншылған балқарағай бой түзеді  
[8].  Қорықта  өсімдіктің  721  түрі,  дәрілік  өсімдіктерден  аралий  мен  «алтын 
тамыр»  кездеседі.  Көлде  балықтың  бірнеше  түрі  бар.  Атап  айтқанда, 
жергілікті тұрғындар «қызыл қашаған» деп атап кеткен майқан, мөңке немесе 
қаяз балығы, хариус, талма, теңге балық (пескарь) ойнақ салады. Қорықтың 
хайуанаттар дүниесі де сан алуан сүткоректілердің 58 түрі мекендейді, оның 
ішінде  аю,  сілеусін,  бұғы,  архар,  қасқыр  құстың  260  жуық  түрі  бар,  оның 
ішінде  қарақұтан,  аққу,  суқұзғындары  кездеседі.  Сондықтан  қорықтың 
құстары облыстағы құс фаунасының 66 пайызын құрайды  [9]. Биологиялық 
өнімділігі жағынан біздегі тау көлдерінің бірден-бірі альпілік Марқакөлге тең 
келе  алмайды.  Өсімдіктер  мен  хайуанаттар  дүниесінің  ерекшелігімен  қатар 
ол  жергілікті  ауа  райын  реттеп  (микроклимат)  отырады  деуге  болады. 
Сондықтан  Алтайдың  таулы  тайгалық  зонасының  ландшафттысын  қорғау 
үшін құрылған қорықтың келешегіне мол үміт артуға болады.  
Батыс Алтай қорығы - Риддер және Зырьян аудандарының аймақтарын 
қамтиды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған қорықтың (1992 
ж.)  жер  көлемі  56,7  мын  га,  Қазақстандық  Алтайдың  Линей,  Қалзың 
(Холзун), Көксу тау сілемдерін алып жатыр. Қорық аймағында Ақ және Қара 
Уба  (Үбі)  өзендері  мен  Кедрово  және  Щербакова  көлдері,  т.б.  кішігірім  су 
149 
 

жүйелері  бар.  Қорық  негізінен  табиғат  белдемдерінің  тау  етегінен  бастап 
орманды  дала,  субальпі,  альпі  биіктігіндегі  табиғаттың  сан  алуан  тайгалы 
аралас  ландшафттарын  қорғауға  бағытталған.  Қорықта  дәрілік  (марал  оты, 
алтын  тамыр)  өсімдіктермен  қатар,  орманның  яғни  қылқан  жапырақты 
ағаштардың, көп түрі шоғырланған [8]. Сонымен зерттеу нысанына айналған 
Батыс  Алтай  қорығының  ғылыми,  экскурсиялық,  танымдық  мәні  зор. 
Болашақта  қорық  экологиялық  мониторингтік  және  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының ошағына айналатынына мол сенім артуға болады. 
2001  жылы  Қатонқарағай  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  парк  (МҰТП) 
құрылды.  2014  жылы  Халықаралық  үйлестіру  кеңесінің  шешімімен 
ЮНЕСКО  «Адам  және  биосфера»  бағдарламасы  бойынша  ұлттық  парк 
халықаралық  биосфералық  қорықтар  жүйесінің  құрамына  қосылды.Ұлттық 
парктің  басты  мақсаттарының бірі  экологиялық  туризмді ұйымдастыру  мен 
оны дамыту болып саналады. Жыл сайын ұлттық паркке келушілердің саны 
артып  келеді.  Атап  айтсақ,  2014  жылы  Катонқарағай  мемлекеттік  ұлттық 
табиғи  парк  аумағына  туристтік  және  рекреациялық  мақсатта  3410  адам 
келді.  
Шығыс Қазақстан жерінде кездесетін 55 түрлі өсімдіктер дүниесінің 50 
түрі,  20  түрлі  емдік  шөп,  250  түрлі  құс  (оның  30-ға  жуығы  Қызыл  кітапқа 
енген) бар, аумағы - 643,7 мың.га болатын, ұлттық саябақта сүтқоректілердің 
66  түрі,  олардың  ішінде:  қоңыр  аю,  марал,  бұлғын,  тоқал  бұғы,  таутеке, 
сілеусін, елік, құну, қар ілбісі т.б мекендейді. Ұлттық парк орманының алып 
жатқан көлемі 219,9 мың га, оның 60 пайызын самырсын ағашы алып жатыр 
[10]. Туристерді ерекше қызықтыратын таза ауа, таулы ландшафт, көл, бұлақ, 
сарқырамалар, орман ландшафтары Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи 
саябағының  келбетін  қалыптастырады.  Аумақта  Бұқтырма  Ақ  және  Қара 
Берел өзендері, Язовое Рахман көлі, бұлағы, Көккөл құламасы, Өрел, Берел, 
Ақмарал  (Парк)  елді  мекен  атауларымен  бірге  көптеген  микротопонимдер 
жүйесі бар.  
2016 жылы  шілде, тамыз айларында ұйымдастырылған экспедициялық 
зерттеулер  барысында  Катонқарағай  ауданында  орналасқан  табиғат 
мұражайында  болдық.  Табиғат  мұражайында  Катонқарағай  МҰТП 
аумағынан  табылған  тау  жыныстарының  үлгілері,  сүтқоректілерінің 
қаңқалары, жәндіктер класы, мамонттың және мүйізтұмсықтың сүйектерінің 
үлгілері, паркте кездесетін жануарлардың үлгілері көрсетілген. Катонқарағай 
МҰТП  экологиялық  ағарту  және  туризм  бөлімінің  бастығы  Кобзев  А.А. 
табиғат мұражайында көрсетілген ерекше табиғи нысандарды атап көрсетті.  
 
150 
 

 
 
Сурет 1 - Катонқарағай ауданында орналасқан табиғат мұражайы 
 
Ең  көрнекті  туристерді  қызықтыратын  жері  -  Рахман  бұлағы    емдік 
қасиеті мол ыстық су шығып жатқан табиғат сыйы. Антропомикрогидроним  
атауының  өзіндік  тарихы  бар.  Осыдан  215  жылдай  бұрын  Рахманов  атты 
аңшы биік тауда маралды атып жаралайды. Ол екі күн жаралы аңның ізімен 
жүріп оның осы бұлақ басында екінші жұбымен аман-сау тұрғанын көріп таң 
қалады.  Маралды  атып  өлтіріп,  оның  бірінші  атқан  оғы  тиген  аяғының 
жараланған  терісі  жіңішкеріп,  жұқа  қабықша  болып  жазылып  жатқанының 
куәсі  болады.  Бұлақ  суының  емдік  қасиеті  бар  екенін  жобалап,  оны  сынап, 
зерттеп  көргісі  келеді.  Бұлақ  суына  күніне  үш  рет  шомылып,  бір  жұмада 
бірнеше жыл зардап шеккен құяң ауруынан құлан таза жазылады. Кейінірек 
бұлақ  суы  зерттеліп,  оның  басына  емдік  орындар  салынып,  рекреациялық 
аймақтарға айналады. Су құрамында радон, күкірт, күкіртті сутегі, сульфат, 
сульфит,  карбонат,  нитрат  тұзбасы  бар  екені  анықталды  [10].  Бұлақ  суы 
жүйке ауруларын емдеуге таптырмайтын емдік қасиеті бар киелі жер.  
Үкіметтің  2015-2017  жылдарға  арналған  туризмді  дамытудың  жол 
картасы аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Жол картасын жүзеге 
асырудың  өзі  туристік  қызмет  көрсетудің  көлемін  2017  жылы  1,5  есе,  2020 
жылы 4,5 есе көбейтуге жол бермек. Қазірдің өзінде «Рахман қайнар көздері» 
мен  «Нұр-бұлақ»  емдеу  сауықтыру  мекемелерімен  пантымен  емдеу 
орындары  демалушыларды  қабылдайды.  Жыл  сайын  санаторилер  мен 
туристік  демалыс  орындарының  саны  артып,  көрсетілетін  қызмет  түрлері 
көбеюде.   
Сондықтан  табиғи  ландшафтысын  қорғау,  ғылыми  тәжірибелер  және  
экологиялық  мониторинг  жүргізуде  мол  мүмкіндіктер  бар  деуге  болады. 
Болашақта  мәдени  ағарту  жұмыстарын  ұйымдастыратын  қорыққа 
айналатыны сөзсіз. 
151 
 

1-
кесте –  Шығыс Қазақстан облысындағы  қорғалатын  табиғи аумақтардың 
(ҚТА) табиғат (ландшафт) зоналары бойынша орналасуы 
 
Түрі 
Атауы 
Әкімшілі
к аудан 
Ландшаф
ттық зона 
Ауданы 
га/есебімен 
Қорғалатын нысандар 
Дала 
зонасы 






Мемлеке
ттік 
табиғи 
қорықша 
Әдлет 
(
ботаникалық
Жарма 
ауд. 
 
Шөлейт  
112 га 
«Семей 
орманы» 
МТР-на 
жатады 
Сиверс алмасы, 
мойыл, марал, оты, 
шәнгіш, аю дәрі, 
аңдыз, жалбызтікен 
қылша т.б. 
 
«Әскер сайы» 
(
ботаникалық
Үржар 
ауд. 
Шөлейт 
156 га 
«Семей 
орманы» 
МТР-на 
жатады 
Сиверс алмасы, 
мойыл, итмұрын, 
Ледебур миндалы, 
долана, 
жануарлардан; қоңыр 
аю, марал, елік, сұр 
суыр сілеусін т.б 
 
Үржар 
(
ботаникалық) 
Үржар 
ауд. 
Шөлейт 
120 га 
«Семей 
орманы» 
МТР-на 
жатады 
Мойыл, шәңгіш, 
долана, итмұрын, 
Сиверс алмасы, 
Ледебур миндалы 
жануарлардан: 
Жидков тышқаны, 
бүркіт, қабан актөс 
сусар. 
 
Қаратал құмы 
(ботаникалық
Зайсан 
ауд. 
Шөлді 
тауаралы
қ аңғар  
1300 
Шырқанақ өсімдіктері 
(реликт) 
Тарбағатай 
(зоологиялық) 
Зайсан 
ауд. 
Сауыр-
Тарбағата
й 
белдеуліл
ік типі 
240000 
Алтай арқары, 
ілбіс,қалқанқұлақ, 
ителгі, бүркіт, 
қарақұс, лашын, дала 
бүркіті, құр, үкі, 
дуадақ, жорға дуадақ, 
ақбас тырна, 
қарабауыр бұлдырық 
өсімдіктерден: 
қайынды – теректі 
шоқтар 
Құлыджы 
(зоологиялық) 
 
Көкпекті 
ауд. 
Алтай 
тауы 
белдеуліл
ік типі 
46000 
 
Марал, елік, бұлғын, 
бұлан, Роборский 
атжалманы, бүркіт 
үшбақайлы ергежейлі 
қосаяқ өсімдіктерден: 
жүзген, қазақ аршасы
ақтерек, қаратерек, 
152 
 

Құлыджы өзені 
аңғарындағы қалдық 
қарағай орманы  
Рахман бұлағы 
(
ботаникалық-
геологиялық
Қатонқа 
рағай ауд. 
Алтай 
тауы 
белдеуліл
ік типі 
109100 
Қатонқарағ
ай МҰТП 
аумағына 
қарайды 
Рахман минералды 
суы, геологиялық 
құрылым Сібір 
балқарағайы 
қарабүлдірген, марал 
оты, қызғылт 
семізоты, алтай 
көртышқаны, марал 
т.б 
Төменгі 
Тұрғысын 
(ботаникалық) 
Зырьян 
ауд. 
Алтай 
таулы 
белдеуліл
ік типі 
2200 
Сібір шыршасы, 
балқарағай, Сібір 
самырсыны, итмұрын, 
долана, 
жануарлардан: елік, 
тиін борша тышқан, 
түйеқұлақ 
Мемлеке
т 
тік 
табиғат 
ескерткі
ш 
тері 
Синегор 
самырсын бауы 
(ботаникалық) 
Ұлан ауд. 
Алтай 
тауы 
белдеуліл
ік типі 
197 
Сібір самырсыны 
(реликт) 
Мемлеке
т 
тік 
табиғи 
резерват 
«Ертіс 
орманы» 
Бесқара 
ғай ауд. 
Бородули
ха ауд.  
Құрғақ 
дала 
658882 
Ертіс өзені бойындағы 
реликті Таспалы 
қарағай ормандары 
      
Ертіс  өзенінің  оң  жағалауында  реликті  таспалы  қарағай  ормандары 
«Ертіс орманы» (Павлодар обл.) «Семей орманы» (ШҚО) орналасқан. Ертіс 
өңірінің  жасыл  белдеуіндегі  созылған  мұндай  қарағайларды  Қазақстанның 
басқа  жерлерінен  кездестіре  алмаймыз.  Бұл  ормандардың  топырақ  пен  су 
қорғағыштық  маңызы  бар.  Сондықтан  резерваттарда  орманды  дала 
фаунасымен  қоса,  онда  өсетін  ағаш  қоры  қорғауға  алынған.  Қарағай 
ормандары бұл өңірлерде орынсыз кесу, өртеу әрекетінен жойылып барады. 
Қазіргі  таңда  Семей  өңірі  мен  Павлодар  облысындағы  болған  өрттері 
салдарынан  Ертіс  жағасындағы  қарағайлы  ормандардың  300  мыңға  жуық 
гектары жанып кетті деуге болады. Ғарыштық және жер беті зерттеулерінің 
нәтижелеріне  жүгінсек,  бұл  ормандардың  50  пайызы  өрттен,  орман 
зиянкестері мен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шекті [11]. 
Қорғалатын табиғи аумақтарды өз ерекшеліктеріне қарай мәселесі КТА 
жүйесіне  құрылымын  сипаттайтына  және  ол  өзінше  қиын  әрі  қарама  – 
қайшылы  немесе  даулы  ғылыми  -  әдістемелік  мәселе  екендігі  де  шындық. 
Бұл мәселені жан-жақты қарастырып, тиімді шешу өз мезгіліндегі  және дәл 
153 
 

бағытталған  жұмыс  болары  сөзсіз,  әрі  қорғалатын  аумақтар  жүйесін 
дамытуға мүмкіндік береді.  
КТА  жүйелерін  құру  қажеттілігі  алғаш  рет  Н.Ф.Реймерс 
Ф.Р.Штильмарк (1978), Ю.Б.Родоман (1981) және Ю.А.Исаковтардың (1983), 
Еуропа  мен  Балтық  елдерінің  ғалымдарының  еңбектерінде  мысалы,  Латвия 
тәжірибесінде  А.Ж.Меллуманы  (1982),  П.П.Каваляускас  (Литва),  ал 
Қазақстанда  қорғалатын  аумақтар  жүйесі  қандай  ұстанымдарға  сай  келу 
қажеттілігі  О.Т.Айдаровтың  еңбектерінде  алғаш  рет  (2006)  қарастырылды 
[12].  Сондықтан  бұл  жұмыстардың  шешімін  табу  үшін  арнайы  далалық 
кешенді  зерттеу  жүргізу  қажеттілігі  туындайды.  КТА  жүйесін  құру  үшін 
алдын-ала жерлерді таңдау негізінен әртүрлі тақырыптағы, әсіресе ландшафт 
картасын  пайдаланып  талдау  арқылы  жүзеге  асады.  ШҚО  -  аумағында 
болашағы бар табиғат ескерткіштер көптеп кездеседі. Оларды болашақ ұрпақ 
үшін  сақтау  мен  қорғау  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Оларды  сақтау  мен 
қорғау  (КТА)  жүйесінің  қарамағына  енгізу  арқылы  ғана  іске  асырылады. 
Геоакпараттық  жүйе  (ГАЖ)  арқылы  модельдеу  табиғи  (ландшафтық), 
геоэкологиялық  аудандау,  әлеуметтік  экономикалық  т.б  карталарды 
салыстыра  талдау,  аумақққа  жан-жақты  сапалы  баға  беру  және  КТА-ға 
қажетті  аумақтарды  таңдаудағы  оның  ғылыми,  мәдени-тарихи  негіз  болуы 
болашақтағы қорғалатын аумақтар жүйесін құрудың мәліметтік базасы бола 
алады. Олардың қатарында Зайсан, Сауыр қорықтары, Сібе ұлттық саябағы 
басқада табиғат ескерткіштері мен ландшафтық қорықшалар жатады [9]. 
Зайсан шөлді қорығы – Зайсан ауданында орналасқан (Қара Ертіс өзені 
аңғарының  сол  жақ  жағалауы,  Майқапшағай,  Боран  және  Қаратау  елді 
мекендер  аралығындағы  аймақ)  «Бөкенқұмдары»  филиалы  (Көкпекті  ауд.) 
болады.  120  мың  гектар  аймақты  бұл  қорықта  Зайсан  қазаншұнқырының 
шөлді  аймағының  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі  қорғауға  алынады. 
Қазіргі  кезде  сақталып  қалған  табиғат  көріністері  өткен  табиғат 
жағдайларынан,  мол  геоэкологиялық  ақпарлар  береді.  Олардың  көпшілігі 
адамдардың шаруашылық әрекетінен жойылып барады (2-кесте). 
 
2-
кесте  –  Шығыс  Қазақстан  облысының  келешегі  мол  табиғи  нысандарын 
табиғат зоналары бойынша орналастыру 
 
Табиғи 
нысан түрі 
Атауы  
Әкімшілі
к аудан  
Ландшафттық 
зона  
Ауданы 
га/есебі
мен 
Жалпы 
саны 






 
Мемлекеттік 
қорық 
«Зайсан»  
Зайсан 
ауд. 
Шөлейт 
120 мың 
га 

«Сауыр» 
Тарбағата
й ауд. 
Сауыр – 
Тарбағатай таулы 
белдеулілік типі 


 
Ұлттық 
табиғи парк 
Сібе  
Ұлан ауд.  Құрғақ дала және 
Алтай таулы 
белдеулілік типі 


154 
 

Мемлекеттік 
қорықша 
«Асубұлақ» 
(геологиялық-
минерологиялық) 
Ұлан ауд. 
Алтай таулы 
белдеулілік типі 


Мемлекеттік 
табиғат 
ескерткіші 
«Тархан 
геологиялық 
қимасы» 
Глубокое 
ауд. 
Алтай таулы 
белдеулілік типі 


«Ашутас» 
(геологиялық -
палеоботаникалық) 
Күршім 
ауд. 
Алтай таулы 
белдеулілік типі 


«Қиын – Керіш » 
(геологиялық 
палеоботаникалық) 
Күршім 
ауд. 
Алтай таулы 
белдеулілік типі 


«Пылающие 
Адыры» 
(палеонтологиялық) 
Тарбағата
й ауд. 
Сауыр-Тарбағатай 
таулы белдеулілік 
типі 


«Голубой Залив» 
(геологиялық-
петрологиялық) 
Көкпекті 
ауд. 
Алтай таулы 
белдеулілік типі 
 

 
Асубұлақ  геологиялық-минералды қорықшасы –  оның  аумағында  жер 
бетіне  шығып  жатқан  сирек  кездесетін  металдар  орындарымен  қызықты 
екені мәлім. Мұнда 100-ден аса минералдар, оның ішінде бағалы асыл тастар: 
турмалин  апатит,  аквамарин,  тау  хрусталі,  лепидолит  және  басқа  да 
минералдар металдар құрамында кездеседі. 
Тархан геологиялық қимасы – (2 га) девон кезенінің табиғи жағдайын 
сипаттайды.  Бұл кезеңнің  теңіздік  түзілімдері  қазбалы  фауна  қалдықтарына 
бай – маржан, молюска, брахиапод, мшанка т.б. Сондықтан Тархан қимасы 
Кенді  Алтайдың  стратиграфиялық  құрылымын  зерттеуде  үлкен  ғылыми 
маңызға ие. 
Ашутас - геологиялық (палеоботаникалық) табиғат ескерткіші – үштік 
кезеңінің  жалпақ  жапырақтары  флорасының  түзілімдерін  қорғау  үшін 
құрылған. Түзілімдер ежелгі өсімдіктердін 79 түрінен тұрады және олардың 
45 түрі басқа жерде кездеспейді. 
 
Қиын - Керіш табиғат ескерткіші – саздық эрозиялық шұнқырлар мен 
жыралардан  тұратын,  тақырлар  мен  бөлінген  жер  бедері  пішіндерімен 
ерекшеленеді.  Әртүрлі  түстегі  саздар  субтропикалық  фауна  қалдықтары 
үштік  кезеңнің  жануарлары:  бронтотерия,  энтелодонттардың  қанқа  сүйек 
қалдықтарынан тұрады [12]. 
Аталған табиғи нысандар мемлекеттік статусқа ие  бола алмай келеді. 
Аумағы  283,3  мың  шаршы  км  –  ШҚО  аумағына  шаққанда  мұндай  табиғи 
нысандардың саны өте аз деуге болады. Аумақта қорғалатын табиғи аумақтар 
жүйесін  ұйымдастыру,  қорғауды  қамтамасыз  ету,  нашарлап  тозған 
экожүйелерді қалпына келтіру мәселелерін ғылыми тұрғыдан негіздеу қажет. 
Қорықшаларды геологиялық құрылымы, жер бедері, сирек өсімдіктер, қазба 
байлықтары  мен  жануарлар  әлемі  бай  жерлерде  ұйымдастырылатынын 
ескерсек,  тиімділігі  еселене  түспек.  Соған  орай  келешекте  осы  аумақта 
қорықтар  мен  табиғат  саябақтарын  ұйымдастыруға  толық  мүмкіндік  бар. 
155 
 

Сондықтан табиғат қорғау жөніндегі шаралар барған сайын айқын әлеуметтік 
– 
саяси мәңге ие болып отыр. Табиғатты қорғау жөніндегі шаралар көбінесе 
тек экономикалық және экологиялық ғана емес, сондай-ақ саяси міндеттерді 
шешу  үшін  пайдаланылады.  Табиғатты  қорғау  проблемалары  сан  қырлы. 
Оларды  шешуде  бірін-бірі  толықтырып  отыратын  экологиялық  және 
географиялық  (кешенді-далалық),  геоақпараттық  жүйе  (ГАЖ)  т.б  зерттеу 
әдістері  маңызды  рөл  атқарады.  Келтірілген  осы  мысалдар  ШҚО  өңірінде 
табиғат  қорғау  шараларын  және  туризмді  дамыта  түсуге  дәлел  бола  алады 
және  осы  ғылыми  жұмыстар  келешегінің  маңыздылығының  зор  екендігін 
көрсетеді.  КТА  жүйесінің  табиғатын  сипаттай  келе  олардың  ландшафтпен 
ажырамас  бірлікте  екені  анықталып,  оларды  сақтап  қалу  тек  ландшафты 
табиғи қалпында қорғағанда ғана жүзеге асырылатыны анықталды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1
 
Бернштам А.Н. Историческая география Тянь-Шаня и Памир // Изв. 
Алтай ВГО, вып.1, 1955. – с.42-53. 
2
 
Кашгарий М. Девони лугат ат-турк. – Ташкент, 1960. – 365 с. 
3
 
Массон Е.М. О былых охотничьих парках Средней Азии. – Тр. АН 
ТаджССР, 1953, Т. 17.- 145 с. 
4
 
Сатимбеков  Р.  Древние  заповедники  Ср.Азии  и  Казахстана  //  Изв. 
ВКО, Т 113, вып, - 1981. – с. 242-247. 
5
 
Арғынбаев  Х.А.  Қазақтың  мал  шаруашылығы  жайында 
этнографиялық очерк. – Алматы, 1969. – 172 б. 
6
 
Государственный  каталог  географических  названий  республики 
Казахстан.  Том  5.  Часть  1,2.  Восточно-Казахстанская  область,  Алматы.  – 
2004. 
7
 
Лаптев Н.П. Научные основы охраны природы. – М: Наука, 1970. 
8
 
Бейсенова  Ә.С.,  Самакова  А.Б.,  Есполов  Т.И.,  Шілдебаев  Ж.Б. 
«Экология және табиғатты тиімді пайдалану». Оқулық. – Алматы: «Ғылым» 
ғылыми баспа орталығы, 2004.- 328 б. 
9
 
Егорина А.В., Зинченко Ю.К., Зинченко Е.С. Физическая география 
Восточного Казахстана. Часть 1. Восточный субрегион. Учебное пособие. – 
Усть-Каменогорск. ВГИ, 2000. – 124 с. 
10
 
 
Байқонакова  Қатонқарағайдың  ғажап  табиғаты  //Атамекен,  2003. 
№22.  - б.3-6. 
11
 
Ландшафтное и биологическое разнообразие Республики Казахстан 
информационно-аналитический обзор. Программы Развития ООН / Под ред. 
канд. – биолог. наук  И.Миршахимова. – Алматы: ОО «OST – XXI век», 2005. 
– 
242 с. 
12
 
Айдаров  О.Т.  Шығыс  Арал  өңірінде  ерекше  қорғалатын  табиғи 
аумақтар  жүйесін  қалыптастырудың  геоэкологиялық  негіздері  (Қызылорда 
облысы негізінде): географ. ғыл. канд. дисс. автореф. – Алматы, 2006 – 16 б.     
 
 
156 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет