Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі қалыптасу тарихы мен зал экспонаттары туралы мәлімет жинау, сараптамалық талдау жазу



бет1/7
Дата08.02.2023
өлшемі5,26 Mb.
#66152
  1   2   3   4   5   6   7

Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі қалыптасу тарихы мен зал экспонаттары туралы мәлімет жинау, сараптамалық талдау жазу
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар аясында Алаш қайраткерінің шығармашылық мұралары халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде насихатталмақ. Атап айтқанда:
Қостанай облысы Жангелді ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылындағы тұлға өмірге келген үйді қалпына келтіріп, жәдігерлермен толықтырып, музей-үй етіп ашу;
Байтұрсын әулетінің қорымын қоршауын жаңарту;
Қостанай облысының аумағында Ахмет Байтұрсынұлының мемориалдық кешенін салу;
Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолды күрделі жөндеуден өткізу;
Қостанай облысындағы "Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби мұражайын", Алматы қаласындағы "Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйін" абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.
Ал Мәжіліс депутаттарының Жангелдин ауданына, сонымен бірге Қостанай қаласындағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы ұсынысына үкімет басшысының орынбасары бұл мәселе қоғамның пікірін ескеру мақсатында талқылау жұмысы, кездесулер ұйымдастырылғаннан кейін нәтижесіне қарай қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес іске асырылатынын хабарлады.

Айта кетейік, 2021 жылғы 22 желтоқсанда Мәжілістің бірқатар депутаттары Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйіне ұлттық мәртебе беруді ұсынып, Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдаған болатын. Олар сонымен бірге 2022 жылды Мемлекеттік тіл жылы етіп жариялау қажеттігін айтқан еді. Бұл ұсынысқа төмендегіше жауап берілген:
"Мемлекет басшысының ағымдағы жылды Балалар жылы деп жариялауына байланысты барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатындағы тақырыптық шаралармен іске асырылатын болады".

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі қалыптасу тарихы мен зал экспонаттары туралы мәлімет жинау, сараптамалық талдау жазу
Торғай халқының ерекше мақтанышының бірі «Алаш» қозғалысының негізін қалаушылар, Торғай өңірінің тумалары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың есімдері. Қазақстанның осы екі көрнекті қайраткеріне арналған музей 1991 жылы ашылды және оның 8 экпозициялық залы бар. Музейдің құнды экпонаттары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы сыр шертететін жеке заттары, құжаттар, ғылыми және әдеби еңбектері болып табылады.


Торғай қаласындағы музей-үй


Алматы қаласындағы музей-үй
«Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің» директоры, ахметтанушы Райхан Сахыбекқызы Имаханбетпен болған сұхбатты жарияланып отырмыз. «Сұхбат ұйымдастырардағы "Әдебиет порталы" ұжымының о бастағы мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының (18-қаңтар, 28-қаңтар) туған күні қарсаңындағы атқарылар шаруалар жөнін білмек төңірегінде болған. Сұхбат берушінің айтуынша Ахметтің туған күні қыста емес, күзде. Нақты дәлелдер де келтіреді.
Маған ахметтанушы деп қарап, әрі Алматыдағы Ахаң музей-үйінің жетекшісі деп сенім артып, сұхбат ұйымдастырғандарыңызға алғыс айтамын! Толғақты сауалдарыңызға жүйелі жауап бермей, тереңнен түгендеп бүге-шігесіне дейін жіліктеп жатсам... «сыздаған жараның» жарылар кезі келгені деп біліңіздер. Себебі, ұлт мүддесіне еңбек еткен Ахметтей ақиық ұлдың музейінде қоғамдық негізде жұмыс істеп жүрген мен... алдағы күні «Ахаң үйінің ахуалы қандай болмақ?» деген сауалды өзекті деп білемін. Жанды жеген жегіқұрт сауалдың жауабын тағы Ахаң ғибратынан тапқандай боламын. «...Не пайда, өнерің мен біліміңнен, Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?» дейтұғын қазақ оқығандарына жолдаған насихаты өреліні оятары анық қой деп жұбанамын... Райхан ИМАХАНБЕТ
Ұрпақ тәрбиесінде тағылым мектебі деп танылған Ахаң үйінің келелі мәселелерін өзекті тақырып етіп, БАҚ беттерінде көтергеніме 15-18 жылдың жүзі болыпты. Енді шешімін табады-ау деп үміт оты шоқтана бастағанда көлденеңдеушілердің шоқпары мықты ма, әйтеуір Ахаң үйінің түтіні түзу шықпай-ақ қойды. «Түтіні түзу емес» деген зарымның астарында зор қауіп, санамды жегіқұрттай мүжіген сансыз сауал жатыр. Біріншіден, ғасыр басында жетілген жұрттардың тілінің жетегінде адасқан алаштың әліпбиі мен әліппесін түрлеуші ғұлама кім?! Әлбетте, ол  Ахмет Байтұрсынұлы! Дәлел  1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралы: қазақша әліппе» оқулығы;
 Екіншіден, жұртымыз орыс патшалығына бодан болып тұрғанда «қырғыз» атанған еліне қазақ деген төл атауын қайтарған қоғам қайраткері кім?! Әлбетте, ол  Ахмет Байтұрсынұлы! Дәлел  1913–1918 жылдары Орынборда жарияланып тұрған «Қазақ газеті»; 
Үшіншіден, соңыра қазан төңкерісімен келген «Жер жүзінің еңбекшілері бірігіңдер!» дейтұғын көсем Лениннің қалың бұқараға беретін теңдігі кезінде ұлтына дербес ел болу үшін шекарасы анықталған автономия әперетін мемлекет қайраткері кім?! Әлбетте, ол  Ахмет Байтұрсынұлы! Дәлел  Орынбордың 1920–1924 жылдары қазақ елінің рухани ордабасы болуы. Тізе берсең, қазақ ұлты алдында тарихи істері таудай теңдессіз тұлға кім?! Әлбетте, ол  Ахмет Байтұрсынұлы! Осындай туған еліне қалтқысыз қызмет еткен ерен ердің артында қалған, көзіндей болған жалғыз жәдігері – музей-үйін мемлекеттік емес деп айтудың өзі ұят!







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет