Бекітемін
Директордың оқу тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасары
____________Б.Дайрақұлов
Тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан? » атты интеллектуалды ойыны
Өтетін орны: АКТ зал
Күні:13.12.2022 жыл. Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған қауым! Бүгін Тарих, география, құқық пәндерінің онкүндігіне және «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Тәуелсіздік күніне орай «Не? Қайда? Қашан? » атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер! Олай болса, қошеметпен ортаға 3 топты шақырамыз.
№1. Жалпы пән тобы
№2. Арнайы пән тобы
№3. Мастерлер тобы
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, демекші, әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1.Дайрақұлов Бахтияр
2.Аңламасова Үміткүл
3.Ақшал Қалдыбай
Жүргізуші: Ойыншыларға сәттілік!
Ойын кезеңдерін бастамас бұрын қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтсін.
Олай болса бірінші ұяшық таңдау кезеңін бастаймыз.
Тәуелсіздік тоғысында
10.«Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер? / алтын адам және жолбарыс/
20. Қазақстан Республикасының Ата Заңы неше бөлім, неше баптан тұрады?/9 бөлім, 98 бап /
30. Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті? /1991 жылы, 1 желтоқсан/
Тарих жәдігерлері 10.(1 - слайд). Интерактивті тақтадан « Алтын киімді адамның» мүрдесі көрсетіледі.
Сұрақ: Алтын адамды қай жылы, қайда және кім ашты? Және осы бейненің тәуелсіз Қазақстанымызға қандай қатысы бар?
«Алтын киімді адамның» мүрдесін 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог Қ. Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша ол б. з. б. 5 - 6 ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оны жасы 17 - 18 - де, бойы 165 см шамасында болса керек. Сақ ханзадасының қолында екі алтын жүзік, құрастырмалы белбеуі болған. Алтын пластинкалар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар, қызыл қынапты ұзын семсер табылды. « Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Оның киімінде 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген. Оның ішінде барыс, тауешкі, арқар, ат, әр түрлі құстардың бейнесі кездеседі.
Қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің рәсіміне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың елтаңбасынан орын тапқан.
20.Интерактивті тақтадан «Тайқазанның» суреті көрсетіледі. Тайқазан эрмитаждан Түркістанға қай жылы алып келінді?
1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды.
30. Бейне сұрақ
Мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орны, әлемге әйгілі- Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін тұрғызуға үлкен үлесін қосқан Орта Азияның билеушісі- Ақсақ Темір. Ол 1396 жылы Қожа Ахмет Яссауидің ескі мазарынын орнына жаңа кесене тұрғызуға бұйрық береді. Бірақ тұрғызылып жатқан кезде кесене қайта-қайта құлай берген. Сонда бір күні Әмір Темірдің түсінде ақсақал аян береді.
Ол қандай түс?
“Қожа Ахет Яссауидің ұстазы- Арыстанбаб болған. Әуелі ұстазы Арыстанға, содан шәкіртіне кесене тұрғызындар” деген. Бұл түсті көрген билеуші көріпкелдерін шақырып алып, түсін жорытады. “ Арыстанның қабірін қалай табамын?” деп көріпкелдерден ақыл сұрастыралы. Көріпкелдері “Жұма намаздан соң Қожа Ахмет Яссауидің қабірінің басына екі құс келіп қонақтайды, сол құс ұшып, ұстазы Арыстанбабтың басына барады” деп айтқан екен. Осылайша