Өтетін уақыты: аптасына 2 рет (сейсенбі және бейсенбі күндері)
Үйірме жетекшісі: Молдаш Жадыра
1. Үйірменің басты мақсаты:
үйірме қатысушылары мен оқушылардың актерлік шеберліктерін шыңдап, өнерге және сахна мәдениетіне баулу;
оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру;
оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;
лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру.
2. Үйірменің міндеті:
- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.
3. Үйірменің жаңашылдығы: - бағдарламада театрлық - ойын әрекетінің құралдары жүйеленген, балалар шығармашылығының түрлі жанрлары театрлық көрініске ену арқылы іске асуына негізделген.
Түсінік хат
Үйірме бағдарламасы бастауыш оқушылардың екі жылдық жұмыс жоспарына сай есептеліп жасалған. Үйірме – бұл мұғалімнің оқушылармен әріптестік қатынаста және нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс жасауына арналған. Бұл технология қатысушыларды ізденімпаздыққа, таным мен өзін - өзі тануға бағытталған. Үйірменің өз жұмыс мақсаты мен міндеттері бар. Сезіну, елестету, көру, тапсырманы орындау, содан соң ізденімпаздықты ұйымдастыру – жетекшінің тілеген әрекеттері міне, осылар. Оқушының үйірмеге ұмтылысын күшейтетін нәрселер – өз идеяларын ұсыну, жарнамалау, өз жұмысының нәтижесін көру.Үйірме жұмысы үнемі өз жұмысын талдаумен, өз әсерімен бөлісумен аяқталып отырады. Үйірме жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған бағдарламадан тұрады. «Сөйлеу мәдениеті мен техникасы» бөлімінде тыныс алу, сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс жасауына бағытталған жаттығулар мен ойындар жүргізіледі. Сондай - ақ, нақты мәнер мен ойлау, орфоэпиялық заңдылықтар түсіндіріледі. Бөлімге байланыс қабілетін дамытатын, қысқаша ертегілер мен әңгімелер құрауға үйренетін, қарапайым іс - әрекеттерді таңдай білетін сөздік ойындар енгізілген.
Келесі «Сымбат пен мүсін икемділігі» бөлімінде баланың қозғалыс қабілеттерін, дене әрекетінің әдемі қимыл қозғалысын, оқу күшін жеңілдетуге бағытталған дамыту ойындары мен жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
«Театралдық ойын» бөлімінде оқушының тек қана кәсіби шеберлігін дамыту қарастырылмайды, сондай - ақ, ойын әрекетіндегі эстетикалық сезімін дамыту, құрдастары мен үлкендер түрлі жағдаяттар арасында өзін дұрыс ұстай білу тәртібі үйретіледі..
«Әдеп пен мәдениет» бөлімінде оқушылардың өмірдің мәні мен құндылықтарын түсіну, жалпы адамзаттық бағалы қасиеттерді ұғыну, сөйлесу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетті (талғамы бар оқырман, көрермен бола білуге) білу үйретіледі.
Үйірменің жұмыс кестесі аптасына екі рет жүргізіледі.
Күтілетін нәтижелер:
Оқу жылының аяғына қарай оқушы: біледі:
1.Театр деген не?
2. Театр басқа өнер түрлерінен несімен ерекшеленеді?
3. Театр неден пайда болды?
Театрдың қандай түрлері бар? (Қуыршақ, драмалық, опера, балет, музыкалық комедиялар, халықтық)
4. Театр қойылымдарын (спектакльдерді) кімдер жасайды?
Түсінігі болады
1. Сахнаның негізгі техникалық құралдары жөнінде
2. Сахнаның безендірілуі жөнінде
3. Сахна мен көрермен залында өзін – өзі ұстау ережелері туралы
Үйренеді: 1. Өзінің өмірдегі құбылыстарға қатынасын сахнада көрсетуді
2. Бейнелі ойлауды
3. Назарын аудара білуді
4. Өзін сахна кеңістігінде сезінуді
Таланттарын үстемелейді:
1. Кейіпкермен (сыныптастармен) сөйлесу
2. Қарапайым актер шеберлігі
3. Қоршаған әлемді бейнелі қабылдау
4. Сыртқы зиян келтірушілерге дәл, бейнелі әсер ету
5. Ұжыммен жұмыс
Сондай - ақ, артық ұялшақтықтан, қоғамнан қорқудан, «сыртқы көзқарастан» қысылудан арылады, тіл табысқыштық, ашықтық, қоршаған ортаға қамқорлық, ұжым алдындағы жауапкершілік қасиеттерін алады.