Өтілу мерзімі/Сроки проведения практики


Балалардың мектептегі алғашқы оқуға дайындығын бақылау және талдау



бет4/7
Дата11.09.2022
өлшемі2,62 Mb.
#38823
1   2   3   4   5   6   7
2.3.Балалардың мектептегі алғашқы оқуға дайындығын бақылау және талдау.
Бүгінгі таңда практикалық түрде жалпы қабылданған анықтама мектепте оқуға дайындық-кешенді психологиялық зерттеулерді талап ететін көп компонентті білім алу.
Психологиялық дайындық жүйесінде төмендегідей компоненттерді анықтайды (Л.А.Венгер, А.Л.Венгер, В.В.Холмовский, Я.Я.Коломинский, Е.А.Пашко және т.б. мәліметтері бойынша ):
Тұлғалық дайындық
Бала мектептегі жаңа іс әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқы мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс. Тұлғалық дайындық деген ұғым сондай ақ баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, жаңа мектеп ұжымына енуіне, әрбір ұжым жұмысына белсене араласуына мүмкіндік беретін: оқытушыларға, өз- өзіне көзқарасы,ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды. Егер баланы жаңа білім алу, тану қызығушылығының дамуы( сөмке, оқулықтар, дәптерлер емес) қызықтырса, онда бала мектепке оқуға дайын деп есептеуге болады.Бала(болашақ оқушы) мінез- құлқын, танымдық іс- әрекетін өз еркімен меңгере білуі тиіс.Оқу іс- әрекеті еркін ықылас қоюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез- құлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап етеді.
Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығы
Баланың дүниеге деген көзқарасы, танымы кең болса, белгілі бір білімдердің қоры болса, онда оны мектепке дайын деп есептеуге болады. Сол сияқты балада жоспарлы қабылдау, зерттелетін материалда теориялық қатынастың элементтері, ойлаудың жалпылама формалары, негізгі логикалық операциялар және мағыналық есте сақтаулар болуы керек. Оқу әрекетінде баланың бастапқы қабілеттері қалыптасса, әсіресе оқу мақсатын анықтап, оны жеке мақсатқа айналдырса, ол интеллектуалдық дайындықтың негізгі элементі болып табылады. Сонымен интеллектуалдық дайындық мынандай элементтерден тұрады:
А) дифференциялық қабылдау;
Б) аналитикалық ойлау;
В) шындыққа рациональды қарау;
Г) логикалық есте сақтау;
Д) білімге қызығушылық, қосымша күштер көмегімен оларды алу процесіне;
Е) тілді меңгеру, ұрандарды қабылдауға және түсінуге қабілеті;
Ж) қолдың қимылдарының және көру- қимылдау бағытының дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет