Оқу жылы қыркүйек айында өткізілген ата- аналар жиналысының хаттамасы №1 10 "А" сынып



бет1/5
Дата14.02.2023
өлшемі34,88 Kb.
#67724
  1   2   3   4   5

2022-2023 оқу жылы қыркүйек айында өткізілген ата- аналар
жиналысының хаттамасы №1
10 "А" сынып

02.09.2022ж


Қатысқандар саны: 15
Қатыспағандар саны: 0
Күн тәртібінде:
1. Жаңа оқу жылының басталуы
2.Оқушылардың формасы,тәртібі
3. Ата -ана комитетін сайлау
Сынып жетекшісі: Рыстеева Назира Оскенбековна
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Рыстеева Н сөз алды.Сынып бойынша 15 оқушы жаңа оқу жылын бастады .10 "А" сыныбы мектептің директоры және оқу ісінің меңгерушісінің бекітуімен гуманитарлық бағыт болып белгіленді.Сынып оқушыларына тамыз айында түгел кітап таратылып ,барлық оқушылар кітаппен қамтамасыз етілді, енді оқулықтың сыртын түгел қаптап оқулықты таза ұстау сіз бен оқушының құзырында -деп сынып жетекші сөзін аяқтады.
Екінші мәселе бойынша сынып жеткші білім деңгейі, тәртіптері, мектеп формасын, тазалықты сақтау туралы түсіндірілді. Сыныптағы үздік оқушылардың білім сапасы талқыланды. Алдағы уақыттағы оқушылардың сабаққа дайындығы және формасы туралы айтылды.Білім министрлігі бекіткендей оқушылар түгел классикалық үлгіде киінуі қажет,мектеп формасын бұлжытпай орындау керек.Мектеп ережесіне бағыну оқушының басты міндеті болып табылады.
Үшінші мәселе бойынша ата-ана комитетін сайлау.5-9 сынып аралығында сыныбымызға комитет болып келген Жұмабаев Ақылбектің анасына рақметімізді айта отырып ,жаңадан комитет сайлау.ата -аналар арасында Тоқтаубек Аяжанның анасы Керейбаева Маржан және көмекшісі болып Сариева Қарақаттың анасы Тулепбергенова Рахат апайлар бекітілді.
Шешімі:

оқушылар кітаптарын сапалы ұстауы қадағалансын.

Оқушылардың сабаққа үнемі дайын, сабақтан қалмай қатысуы – ата-анаға жүктелсін.

Комитет жұмыстары Керейбаева Маржан мен Тулепбергенова Рахат апайларға міндеттелсін.

Сынып жетекші:Рыстеева Назира
Хатшы: Тулепбергенова Рахат

2022-2023 оқу жылы қыркүйек айында өткізілген ата- аналар
жиналысының хаттамасы №2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет