Оқу пәнінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата16.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#115964
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


 



1. Оқу пәнінің сипаттамасы
Философия курсы бакалавриаттың барлық мамандықтарына 
жалпы міндетті пән болып табылады. Оны оқу барысында студент философияның негізгі даму 
кезеңдері, қазақ халқының философиялық ойының ерекшеліктері туралы білім алады, философияның 
негізгі мәселелерімен, ұғымдарымен және категорияларымен танысады. 
Заманауи маманды даярлау жүйесінегі философияның рөлі оның зерттеу нысанымен, яғни адам 
және оның табиғат пен қоғамға қатынасымен айқындалады. Ол адамның дүниетанымдық, ізгіліктік және 
өмір мәндік бағдарларын қалыптастырады 
1.1 Пәнді оқу мақсаты: 
студенттердің философияны дүниені танып-білудің ерекше
формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның
негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру. 
 1.2 Пәнді оқу міндеттері
:

- Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық 


міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-
көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеру;
- студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік 
өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
- ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует 
қалыптастыру. 
1.3 Пререквизиттер 
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, Әлеуметтану, Саясаттану
 
1.4 Постреквизиттер 
Мамандық пәндері
 
1.5 Пән бойынша оқыту нәтижелері: 
-
философияның тарихи дамуы контексіндегі онтология мен метафизиканың негізгі 
мазмұнын сипаттай алады; 
-
шындықты философиялық түсінудің ерекшеліктерін түсінеді; 
-
дүниетанымды табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық түсінумен зерттеудің 
нәтижесі ретінде негіздей алады; 
-
әлемнің ғылыми және философиялық тұрғыдан танудың әдістерін жіктей алады; 
-
мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымдарының мазмұны мен ерекшеліктерін 
түсінеді; 
-
қазіргі әлемдегі адамның әлеуметтік және жеке болмысының құндылықтары ретінегі 
негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздей алады; 
-
этикалық шешімдерді негіздеу және қабылдау үшін медиа мәтіндердің, әлеуметтік-
мәдени және жеке жағдайлардың философиялық аспектісі талдай алады; 
-
қазіргі жаһандық қоғамның өзекті проблемаларына қатысты адамгершілік ұстанымдарды 
тұжырымдайды және жан-жақты дәлелдейді; 
-
кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті зерттеу 
жүргізеді және нәтижелерін талқылау үшін ұсынады; 
-
әділеттілік, ар-ұждан және бостандық, толеранттылық сияқты негізгі дүниетанымдық 
ұғымдарды игерудің маңыздылығын түсінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет