Оқу сауаттылығы 1-мәтін. Граффити



Дата02.11.2022
өлшемі93,99 Kb.
#46867

Оқу сауаттылығы

1-мәтін. ГРАФФИТИ


Мен ашудан жарылайын деп отырмын, граффитиді өшіру үшін мектептің қабырғасын төртінші рет тазалап, қайтадан бояп жатыр. Шығармашылық – бұл керемет, бірақ қоғамға зиян əкелмейтін өз өнерлерін көрсету əдістерін неге таппайды?
Не үшін рұқсат етілмеген қабырғаларға сурет салып жас ұрпақтың абыройын құрту керек? Кəсіпқой-суретшілер өздерінің қолөнерлерін көшелерге іліп қоймайды ғой, солай емес пе? Оның орнына олар қаржы табады да, ресми көрмелерде атақ-абыройды жаулап алады.
Менің түсінігім бойынша, ғимараттар, дуалдар, бақ орындықтары өздері-ақ өнер туындылары. Бұл үшін қолданылатын əдіс озон қабатын бұзатынын айтпағанда,бұл сəулет өнерін көркем суретпен құртудың өзі аянышты. Мен түсіне алмай келемін, неге осы жалған атақты суретшілер, олар өздері ойлағандай «сурет өнерлерін» қайта-қайта көзбе-көз алып тастағанда соншама ашуланады. Хельга
Адамдардың талғамдары əртүрлі. Қоғам ақпаратпен жəне жарнамалармен əбден қаныққан. Сауда компанияларының белгілері, дүкендердің аттары. Көшенің екі жағынан да ілінген үлкен плакаттар. Осының бəрі қанағаттандырадыма? Негізінен, иə. Ал граффити қанағаттандырады ма? Кейбіреулері иə десе, кейбіреулері – жоқ дейді.
Бұл граффити үшін кім төлейді? Ал соңында жарнама үшін кім төлейді? Дұрыс.Тұтынушы.
Ал жарнамалық қалқан қоятындар сіздерден рұқсат сұрады ма? Жоқ. Сонда рұқсатты қабырғаға сурет салатындар сұрау керек пе? Бұл жай ғана қарым-қатынас нұсқасы емес пе, мысалы, сендердің өз есімдерің, партия атауларын емесе көшелердегі үлкен өнер шығармашылықтары?
Осыдан біраз жыл бұрын дүкендерде пайда болған жолақ,тор киімдерді естеріңе түсіріңдерші. Шаңғы костюмдары туралы да. Үлгілері мен түстері бетонқабырғаларда салынған суреттерден көшіріліп алынған. Бұл үлгілер мен түстер бүгінде қоғамда қолданылатыны, таңқалдыратыны аса қызық, ал сонымен қоймай осы стильдегі граффити сұмдық болып есептеледі.
Иə, өнер үшін қиын уақыттар тууда. Маржан
Бұл екі хат та Интернетпен келді жəне екеуі де «граффити» жайлы. Граффити –бұл арнайы рұқсатсыз орындалған, қабырғалардағы немесе басқа жерлердегі суреттер мен жазулар. Хаттарды төменде берілген сұрақтарға жауап беру үшін қолданыңдар.

Сұрақ 1: ГРАФФИТИ


Əр хаттың мақсаты:
A граффити дегеніміз не екенін түсіндіру. B граффити туралы өз ойыңды айту.

  1. граффитидің танымалдылығын көрсету.

  2. Бұл жазуларды жуу үшін, көп құралдар жұмсалатынын адамдарға айту.

Ж: В

Сұрақ 2: ГРАФФИТИ


Неге Маржан жарнамаларға сілтейді?
Ж: Граффитиді өшіру үшін мектептің қабырғасын тқртінші рет тазалап, қайтадан бояп жатыр. Шығармашылық – бұл керемет, бірақ қоғамға зиян əкелмейтін өз өнерлерін көрсету əдістерін табу.





Сұрақ 3: ГРАФФИТИ


Сендер екі хаттың қайсысымен келісесіңдер? Екі хаттың біреуінде немесе екеуінде де айтылғандарды қолдана отырып, өз сөздеріңмен өз көзқарастарыңның негіздемесін беріңдер.
Ж: Көзқарас



Сұрақ 4: ГРАФФИТИ


Əр хатты талдай отырып, біз хатта не айтылғанын талқылай аламыз (яғни, оның мазмұнын).
Біз сонымен қатар бұл хаттың қалай жазылғанын талқылай аламыз (яғни,оның стилін).
Сіз кімнің хатымен келісетініңізді ескермей-ақ, сіздің ойыңызша, бұл екі авторлардың қайсысы хатты жақсы жазғанын түсіндіріңіз? Екі хат та немесе екеуінің біреуі қалай жазылғанына сүйене отырып, өз жауаптарыңды түсіндіріңдер.







Ж: Көзқарас




ҚАНТАПСЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қан тапсырудың маңызы өте зор. Адам қанын толық алмастыра алатын зат жоқ. Сондықтан қан тапсырудың адам өмірін құтқаруда маңызы зор.


Францияда қан құю арқылы жыл сайын 500 мыңнау қастың азабын жеңіл детеді. Қаналу үшін стерильді біррет қолданылатын құрал-саймандар пайдаланылады (шприц,түтіктер және контейнерлер).
Қан тапсыра отырып, сендер ешқандай қауіпке ұшырамайсындар.


Қан тапсыру – тегін көмек көрсетудіңеңкөп тараған түрі және оған небәрі 45 минуттан 1 сағатқа дейін ғана уақыт кетеді.
Донордан 450 мл және талдау мен тексеру үшін тағы бірнеше тамшы қаналады.
Ер адам жылына бес рет, ал әйел адам үш рет қан тапсыруына болады.
18-ден 65 жасқа дейінгі адамдар донор бола алады.
Әрбір қан өткізу арасындағы міндетті үзіліс 8 аптаны құрайды.
«Қан тапсыру тұралы хабарландыру» мәтіні Интернеттегі француз сайтынан алынған. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «Қан тапсыру туралы хабарландыру» мәтінін пайдаланыңдар.


Сұрақ-1: Қан тапсыру туралы хабарландыру.
Соңғы он екі ай ішінде екі рет қан өткізген он сегіз жастағы қыз қайта қан өткізгісі келеді. «Қан тапсыру туралы хабарландыру» мәтіні бойынша оған қандай жағдайда қайтадан қан тапсыруға рұқсат беріледі? _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ж: Әрбір қан өткізу арасындағы міндетті үзіліс 8 аптаны құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет