Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет413/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   525
Экспорттық субсидиялар – үкіметтің экспорттық тауар 

өндірушілерге көрсететін қаржылық көмектері. Экспорттық суб-

сидиялар бірнеше нысанда болады: 

- экспортер-фирмаларға төмен пайызбен займдар беру;

- шетелдерде экспорттық өнімдерді өткізу үшін үкіметпен 

шығындар бөлу;



14.5-сурет.  Экспорттық тарифті енгізудің салдары


350

- экспортталатын өнім көлемін көбейту үшін салық жеңіл-

діктерін беру.

Экспорттық субсидиялар экономиканың экспорттық салала-

рының дамуына жағдайлар жасайды жəне ұлттық өндірушілерге 

əлемдік рынокта бəсекелік артықшылық тудырады.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдары халықаралық саудада жаңа 

кедергілер – тарифтік емес шектеулер пайда болды. Тарифтік емес 

шектеулерге мыналар жатады: а) сапа стандарты; ə) санитарлық 

шектеулер; б) құрал-жабдықтардың экологиялық талаптарға сəй-

кестігі; в) импортқа лицензия беруге шектеулер қою; г) нақты ел-

дерде кейбір тауарлар түрін сатуға əкімшілік тиым салу.

Ең кең тараған тарифтік емес шектеулердің бірі – импорт пен 

экспортқа квота енгізу. 



Импорттық квота – импорттық тауарлардың көлемін сандық 

шектеу. Импорттық квотаның екі түрі ажыратады: а) абсолюттік 

квота – берілген елге əкелуге рұқсат етілген тауарлар көлемі; 

ə) тарифтік квота – төмен ставка бойынша белгілі уақыт ара-

лығында нақты тауар əкелуге рұқсат беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет