Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Ақын поэмаларындағы азатшыл рух



Pdf көрінісі
бет115/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   140
12.3 Ақын поэмаларындағы азатшыл рух
Мағжан поэзиясы лирикалық өлеңдерімен ғана шектеліп 
қалмайды. Ол – эпикалық жанрда да қарымды еңбек еткен ақын. 
Оның “Қорқыт” (1922), “Ертегі” (1922), “Оқжетпестің қиясында” 
(1923), “Қойлыбайдың қобызы” (1923), “Батыр Баян” (1923), “Жүсіп 
хан” (1924) тəрізді бірнеше поэмалары бар. Бұлардың тақырыптары 
əртүрлі, көркемдік деңгейлері əркелкі болғанымен қазақ поэзиясын-
да өзіндік орны бар дүниелер. Мұның ішіндегі көркемдігі келіскен 
терең мағыналы шығармаларының бірі – “Қорқыт”. 
“Қорқыт” поэмасы – қазақ ауыз əдебиетіндегі белгілі аңыздық 
кейіпкер – Қорқыт турасындағы туынды. Бұл поэмада əлемдік əдебиеттегі 
қаһармандық ұлы тұлғалардың бірі, ұлы мақсат арқалап, адамзатты 
өлімнен арашалауға ұмтылған, өлімнен қашып, ажалмен күрескен Қорқыт 
бейнесін сомдай отыра, ақын Қорқыт образын өз рухымен ұштастыра 
береді. Поэманың соңындағы мына жолдар осының айғағы.
Енді менің жолдасым – жалғыз қобыз,
Сарна қобыз, мұң-зарлы шығар лебіз,
Сен жыласаң, жылармын мен де бірге,
Жан жыласа жыламай қалама көз?!
Өмірде арманым жоқ – Қорқытқа ерсем,


352
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.
Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сорлап,
Құшақтап қобызымды көрге кірсем!…
Мағжанның бұл сөздерін өмір мəнін, ондағы тартысты күрес 
сырын толғаудан туған шешім деп қабылдау керек. Бұл – ақынның 
сол тұстағы өз өмірінде тап болған қиындықтардың əсірінен 
жазылған поэма. Өлімнен қашып, ажалмен күрескен Қорқыт 
– Мағжан үшін мəңгілікке символ болар қаһармандық бейне, 
өлмес рух. Оны жырлау – өмір үшін күресті жырлау. Тағдырдың 
тақсіретін көп тартқанмен ақын о дүниені аңсайды деген ой тума-
уы керек, ол - өмірін күреспен өткізіп, “Қорқыттай қобызыммен 
көрге кірсем” деген ұлы арман иесі. Ол өлмес рухтың күйін 
шерткен Қорқыт қобызын ажалға қарсы күрес қаруы көреді. Ал 
Мағжанның жан қобызы – оның поэзиясы, мəңгі жас, өміршең 
өлеңдері. Мағжанның сыршыл лирикаларынан бастау алған бұл 
сарын – яғни өмірді бейнешілдік арқылы суреттеу, өмір мұң-зары 
туралы ой толғау оның “Қорқыт” поэмасында жинақталып, ең 
шырқау биігіне көтерілген.
Мағжанның поэманы “Қорқыт” деп атауында үлкен мəн-мағына, 
терең сыр жатыр. Ақынның өз поэмасына арқау етіп, аңыздағы 
ажалмен алысқан Қорқыт бейнесін алу себебі, біріншіден, туған 
əдебиеттегі озық бейнелердің болмысын жанымен түсініп, соны 
өзінше жырлауды мақсат тұтқан ойдан туса, екіншіден, жалпы түрік 
елінің өткенінен өзінің тынымсыз ойына тиянақ тауып, бабалар ру-
хына бас июді мақсат тұтқан ұрпақтың парыз көрінісі. 
Мəңгілік өмір үшін күрескен Қорқыт Мағжан поэмасында 
аңыздық бейне күйінде қалып қоймайды. Қазақ санасына ой мəйегі 
тұнып қалған дана ойшылының, өнерлі рух ұстазына айналған күй 
атасының романтикалық құлшыныстан туып, көркемдік шындықтан 
жаралған көркем образы жасалады. Ақынның ол туралы:
Өткен күн ертегі ғой тамаша таң,
Ойласаң өткен күнді жұбанар жан.
Байқасаң адамзатта болған ба ақын,
Қорқыттай атасынан бата алған, –
деуі осыны танытса керек. Қорқыт – жанды бейне. Рухы күшті ұлық 
ұстаз ажалмен күреске саналы түрде барады. Мағжан “Қорқытты” 
белгісіздігі басым аңыздың ішінен шығып, өмірлік болмыстан туған 


353 
ақиқатты тұлғаға айналады. Ол ажалмен сенімсіз, тылсым күштер 
арқылы емес, ұлы өнер күшінің құдіреті, күңіренген күйдің сазы 
арқылы кездеседі. Мұны ақын Қорқыттың ішкі əлемімен астасты-
ра бейнелеп, биік романтикалық рухтың табиғатын ашып, нанымды 
суреттейді.
Мағжанды Қорқыт тақырыбы рух үндестігімен қызықтырған. 
Өйткені Қорқыттың ажалмен күресі – ақынның бостандық сүйгіш, 
азатшыл рухымен үндес. Мəңгілік өмір идеясы – мəңгілік еркіндік 
идеясының əу бастағы шамшырағы іспетті. Қайда барса алдынан 
“көр” шыққан Қорқыт тəрізді тəуелсіз өмірді аңсаған Мағжан əлемі 
де үнемі қайшылыққа ұрынудан көз жазбайды. “Қолмен ұстап, 
көзбен көріп” сендім дегені сағымға айналып шыға келсе амал бар 
ма?! Аз уақыт ішінде тəуелсіздікке қол жетті деп, екі рет алданған 
шерлі жүрек қалайша күңіренбесін. Ақын жаны қалай алас ұрмасын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет