Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет126/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   542
7.8. Жануарлар дыбысы

Жануарлар дыбысы күрделі рефлекс түрінде пайда болатын 

құбылыс. Оны шығаруда мұрын мен ауыз қуысы, өкпе, көмекей 

жəне ондағы дыбыс байламдары (дыбыс шымылдығы) қатыса-

ды. Дыбыс байламы серпімді ұлпа жəне ет талшықтарының əре-

кетінен тарылып, өткен ауаның əсерінен тербеліп тұрады. Ды-

быс саңылауының мөлшері өзгеріп отырады да, өкпеден шыққан 

ауаның керіліп тұрған дыбыс байламын тербелтуінің салдарынан 

дыбыс пайда болады.

Əртүрлі жануарлар мен құстар шығаратын дыбыстар өзінің 

тембрімен, биіктігімен, күшімен, жиілігімен ерекшеленеді. Жа-

нуар лардың əртүрінің өзіне ғана тəн дыбысы болады. Ол көме-

кейдегі дыбыс аппаратының құрылым ерекшеліктеріне байла-

нысты.


Құстардың көмекейі жақсы қимылдамайды, оларда бөбешік 

болмайды да, кеңірдек ашасында (бифуркация) төменгі көмекей 




154

пайда болады. Дыбыс шығаруда кеңірдек ашасының ішкі жа-

ғында орналасқан сыртқы ернеулік еттердің əрекеті маңызды рөл 

атқарады. Бұл еттерге қарама-қарсы, физиологиялық жағдайы ев-

стахий түтігі еттерінің жиырылуымен реттеліп отыратын, бұға-

на қапшығының дабыл жарғағы орналасады. Аталған сыртқы 

ер неулік еттер жиырылғанда оң жəне сол бронхылардағы дабыл 

жарғағы бір-біріне жақындап, саңылау пайда болады. Деммен 

шыққан ауа ағыны осы жарғақты тербелтіп, дыбыс тудырады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет