Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет210/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   542
Азоттық баланс. Организмдегі белок алмасуының қарқынын 

азоттық балансты анықтау арқылы зерттейді. Азоттық баланс 

деп организм азықпен қабылдаған азот пен зəр жəне нəжіс 

құрамында бөлінген азот мөлшерінің арақатынасын айтады. Бе-

лок - құрамында орта есеппен 16 пайыз азот болады. Сондықтан 



272

азоттық баланс арқылы организмге түскен жəне одан бөлінген 

белоктың мөлшерін қадағалауға болады.

Азоттық баланс оң, теріс жəне тепе-теңдікте болады. Егер ор-

ганизмге түскен азот мөлшері одан шығарылған азот мөлшерінен 

артық болса, азоттық баланс оң деп аталынады. Бұл жағдайда ор-

ганизмде белоктардың синтезі олардың ыдырауынан басымырақ 

болғаны.  Оң азоттық баланс төлдер мен жас, буаз малда жəне 

аурудан сауығу кезеңінде байқалады.

Организмге түскен азоттан бөлінген азот мөлшері артық бол-

са, азоттық баланстың теріс болғаны. Бұл жағдай ашығу кезінде, 

мал ауырғанда, кəрі малдарда байқалады. Ал организмге түскен 

азот пен бөлінген азот мөлшері бірдей болса, онда азоттық тепе-

теңдік қалыптасқаны. Бұл жағдай өсу процесі тоқтаған сақа мал-

да байқалады.

Азоттық тепе-теңдік деңгейі өзгеріп отырады. Азық құрамында 

белок көп болса, организмнен бөлінетін азот мөлшері өседі де, 

тепе-теңдік жоғары деңгейде қалыптасады. Рационда белок 

мөлшері аз болса, организмнен бөлінетін азот мөлшері азайып

тепе-теңдік төменгі деңгейде қалыптасады. Демек, азоттық тепе-

теңдікті сақтау үшін организм белгілі мөлшерде белок қабылдауы 

керек. Организмнің энергиялық мұқтаждығы көмірсулармен 

майлардың есебінен қамтамасыз етілген жағдайда азоттық тепе-

теңдікті сақтауға қажет белоктың ең аз мөлшерін белок минимумы 

деп атайды. Ол түлік түріне байланысты өзгеріп отырады. Мы-

салы, азоттық тепе-теңдікті сақтау үшін тірілей массаның əрбір 

килограмына шаққанда қой мен шошқа - 1 г, жылқы - 0,7-0,8 г, ірі 

қара - 0,6 г, адам - 1 г белок қабылдау керек.

Белок минимумының деңгейі рацион құрамындағы азот-

сыз органикалық заттардың мөлшеріне, малдың физиологиялық 

күйіне, өнімділігіне, атқаратын жұмысының түріне қарай өзгереді. 

Дене массасының əр килограмына шаққанда буаз жəне сауын 

сиыр 1 г, жұмыс аты 1,4 г белок, ой еңбегіндегі адам тəулігіне 100 

г, ал қара жұмыстағы адам 150-160 г белок қабылдау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет