Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет79/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   542
5.13. Тамырдың соғуы (пульс)

Сол жақ қарыншадан систола кезінде қуылған қан қолқаны 

тербелте керіп, одан əрі бұл толқын артерияларға таралады да, 

артериолалар мен капиллярларда басылады. Артерия қабырғасы-

ның жүрек жұмысымен байланысты толқын тəрізді тербелістерін 

тамырдың соғуы (пульс) деп атайды. Тамыр соғу толқыны секун-

дына 8-12 м жылдамдықпен тарайды, демек, қанның сызықтық 

жылдамдығынан 10 есеге жуық шапшаң.

Тамырдың соғуын жылқыда сыртқы жақасты артерияда, 

сиыр да - беттік, ұсақ жануарларда - сан артериясында анықтайды. 

Тамырды зерттегенде оның жиілігіне, ырғағына, кернеулілігіне, 

толықтығына, жылдамдығына көңіл аударып, жүрек жұмысы 

жайлы құнды мағлұматтар жинайды.



41-сурет. Сфигмограмма: 

а - анакрота, 1 - катакрота, 2 - тіркес өр

Тамыр соғысын арнаулы құрал - сфигмографпен жазып та 

зерттейді. Артериялардың соғуын бейнелейтін қисық сызықты 

сфигмограмма деп атайды. Сфигмограмма екі бөліктен тұрады 

(41-сурет). Сызықтың көтерілген бөлігін (а) анакрота дейді, ол 

систола кезінде тамырдағы қыcымның жоғарылап, артерия қа-

бырғасының керілуімен байланысты туындайды. Қисық сы зық-

тың төмендеген бөлігін катакрота (1) деп атайды, ол диастола-

мен байланысты. Диастола кезінде қан қарыншаға қарай ығысады 

да, сызықта терең ойыс (инцизура) пайда болады. Жабылып 

үлгерген жарты айшық қақпақшаларға қанның соғылуының сал-

дарынан сызық қайта көтеріледі. Оны дикроталық (қосар ланған) 



кертпеш (2) немесе тіркес өр дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет