Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1


5. ТУРБО ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ



бет50/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   210
83

5. ТУРБО ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ

5.1 Шартсыз көшу операторы. Белгілер.
Бос оператор. Құрама оператор
GOTO шартсыз көшу операторы операторлардың рет-ре-тімен орындалуын бұзып, келесі атқарылуды осында көрсетілген белгісі бар операторға ауыстыру ісін орындайды. Бір оператор бірнеше белгімен белгіленуі мүмкін. Оператордың жазылуы:

GOTO <белгі>;
<белгі> – бұл программаның белгіні сипаттау (LABEL) бөлі-гінде міндетті түрде көрсетілген таңбасыз бүтін сан немесе иден-тификатор.
Операторды белгілеу үшін оның алдына белгі жазылып, қос нүкте қойылады.


  1. белгі> : [<белгі>: …] <оператор> ;

Программа жазған кезде GOTO операторын қолданбауға ты-рысу керек. Себебі, бұл оператор программаны түзетуді жəне тестіден өткізуді қиындатады. Кез келген алгоритмді іске асыру үшін, тілдің бұдан өзге операторлары да жеткілікті.


Бос оператор программада таңбаланбайды жəне ол ешқан-дай іс-əрекет атқармайды. Бос оператор программада қосымша нүктелі үтір түрінде жазылады.
Егер транслятор бірнеше операторлар тобын бір оператор ретінде қарастыруы керек болса, онда бұндай операторларды BEGIN жəне END операторлық жақшаларының ішіне алу керек. Осындай операторлар тобы құрама оператор деп аталады. Құрама оператор программаның кез келген жерінде қолданылуы мүмкін.
Программалау теориясы тұрғысынан алғанда, құрылымсыз болып табылатын басқаруды басқа жерге беретін оператор мен процедураларды пайдалану “артық”, себебі кез келген алгоритмді бұларсыз-ақ құрылымды түрге келтіріп орындауға болады. Алай-да, жылдам құрастырылған алгоритмдер көбінесе құрылымсыз болып шығады да, оларды жүзеге асыру кезінде де құрылымсыз


84

болып келетін басқаруды беру нұсқаларын қолдануға тура келеді. Енді құрылымсыз алгоритмдерді жүзеге асырудың артықшылығы мен кемшілігіне тоқтала кетейік.
Құрылымсыз басқаруды беру түрін ұйымдастыру үшін goto шартсыз көшу операторы жəне арнайы процедуралар қолданы-лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет