Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


-сурет. Есептеу желілерін қорғау кілттерінің иерархиясы 320



Pdf көрінісі
бет218/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   257
32-суретЕсептеу желілерін қорғау кілттерінің иерархиясы


320
•  Шифрлаудың екі: ауыстыру жəне алмастыру пішіні қол-
данылады. Өте күрделі шифрлар бірінші жəне екінші пішіндер-
дің араласуымен құрылады, бұл кодтың сенімділігін айрықша 
жоғарылатады.
• Ауыстыру əдісі кодтық кесте принципіне негізделген: əрбір 
бастапқы мəтіннің символы нақты сызба бойынша басқасына ау-
ыстырылады.
• Алмастыру əдісі бастапқы мəтінде символдардың ауысты-
рылуына негізделген.
•  Ауыстыруды жетілдіру үшін криптографиялық кілтті пай-
даланған жөн болады. Екі əдісте бірін-бірі өзара толықтырады.
• Үлкен есептеу мүмкіндіктері бар болса, тəжірибеде кез кел-
ген шифрды ашуға болады. Ең сенімді жалғыз ғана шифр бар, 
оны бір рет қолданылатын блокнот деп атайды.
• Шифрлау алгоритмін жасаудағы бір мəселе бір уақытта де-
шифрлау алгоритмінің қарапайымдылығын сақтай отырып, қажет 
күрделілікті қамтамасыз ету болып табылады.
•  «Электрондық кодтау кітабы» əдісін кодталатын деректер 
шын мəнінде кездейсоқ немесе кездейсоқ құраушылар айрықша 
көлемді болғанда пайдаланған жөн болады.
•  «Кері байланыспен блоктап шифрлау» əдісі хабардың 64 
биттік блоктарға бөлініп, олардың тізбегі кері байланысты пай-
даланып шифрлауға негізделген. Шифрлаудың əрбір қадамының 
нəтижесі есте сақталады жəне бастапқы мəтіннің келесі шифрла-
натын блогын түрлендіруге пайдаланылады.
• «Кері байланыспен тізбектерді шифрлау» əдісі келіп түсуіне 
қарай символдар немесе биттер тізбегін шифрлауға негізделген. 
Шифрлау сызықтың екі шетінде орындалады.
•  «Кері байланыспен кілттерді шифрлау» əдісінде шифрлау 
функциясының əрбір амалы 64 битпен генерацияланады, бұл 
кілттер тізбегі болып пайдаланылуы мүмкін.
• «Кері байланыспен кілттерді шифрлау» негізгі идеясы де-
шифрлау үдерісінде ашық кілтті пайдалану болып табылады. 
Шиф рлау жəне дешифрлау үдерістерін өзара қайтарымды жасау 
үшін кілттер өзара байланыста болуы қажет. Бірақ ашық кілтті 
білу жасырын кілтті ашпау керек.


321
• Кілттер жиыны иерархия құрауы мүмкін, мұнда əрбір кілт 
шифрланған түрде таратылады немесе сақталады жəне өзінен 
жоғары деңгейдегі кілтке тəуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет