Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет119/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159
Ішкі 
регистрлар 
блогы 
микропроцессордың ішкі жады болып қызмет атқарады және деректер мен 
командаларды уақытша сақтау үшін пайдаланылады. Ол сонымен қатар 
ақпаратты өңдеудің бірқатар рәсімдерін орындайды. Регистрлерді, жалпы 
санын регистрдің разрядтылығы анықтайтын триггерлерде жасалынады. 
Регистрді\ң әрбір триггері екілік санның бір разрядын енгізу, сақтау және 


179 
шығару 
үшін 
пайдаланылады. 
Регистрдің 
разрядтылығы 
онда 
сақталынатын сөздің ұзындығына сәйкес келеді. Регистрлер блогы жалпы 
міндеттегі регистрлерден және арнаулы регистрлерден тұрады:
аккумулятор-регистр, мекенжайдың буферлік регистрі, деректердің 
буферлік регистрі, командалар есептеуіші, командалар регистрі, стек 
регистрі, белгілер регистрі. 
Микропроцессорлар сәулеті ретінде келесі ұсынылған компоненттер 
мен сипаттамалардың жиынтығы түсіндіріледі: 
■ 
мекенжайлар мен деректердің разрядтылығы; 
■ 
регистрлердің құрамы мен міндеті; 
■ 
командалардың нұсқасы мен жүйесі; 
■ 
жадыны дербестендіру тәртіптері; 
■ 
әртүрлі типтегі деректерді амшиналық ұсыну тәсілдері; 
■ 
мекенжайлық кеңістік құрылымы
■ 
сыртқы құрылғыларды және енгізу-шығару операцияларын орындау 
құралдарын дербестендіру тәсілі
■ 
үзілулер сыныбы, үзілулерді бастау және өңдеу ерекшеліктері. 
Сәулет типтері бойынша микропроцессорларды жіктеуге арналған 
бірнеше тәсілдер бар.
Командалардың толық жиынтығымен сипатталатын 
CISC (Complete 
Instruction Set Computer)
сәулетті, және МП бір тактісімен орындаоатын, 
бірлей қалыптағы командалардың қысқартылған жиынтығы бар жүфені 
анықтайтын 
RISC (Reduce Instruction Set Computer
) сәулетті МП 
ерекшеленеді. 
МП негізгі сипаттамасы ретінде разрядтылықты анықтай отырып, МП 
сәулетінің келесі типтері ерекшеленеді: 
■ 
тіркелген разрядтылығы және командалар тізімі бар (бір кристалды); 
■ 
көбейтілетін разрядтылықты (секциялық) және микробағдарламалық 
басқаруы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет