Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет118/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

Деректер шиналары
деректерді беруге арналған. Деректер желілері 
бойынша кез-келген белгілі уақыт сәтінде, микропроцессорға немесе кері 
бағытта бір сөз берілетін болады. Мекенжай шиналарына қарағанда
деректер шинасы екі бағытты болып табылады және ол арқылы 
микропроцессордың ішкі шинасынан жадыға немесе енгізу-шығару 
блогына немесе жадыдан немесе енгізу-шығару блогынан бұл шинаға 
деректер берілетін болады. Тік және кері бағытта деректерді беру бір 
уақытта жүзеге аспайды, уақыт бойынша бөлініп жүзеге асырылады. Бұл 
үшін микропроцессор мен сыртқы жады арасында деректер алмасудың 
мультиплекстік тәртібін және буферлік сызбаны қолдану талап етіледі. 
Басқару шинасы МП регистрлерін басқаруға және олардың 
жұмыстарын бақылауға арналған. Басқарушы сигналдардың көмегімен 
басқару құрылғысы, деректер шинасына ақпаратты қашан беруді (алуды) 
хабарлайды. 
Мекенжайы шинасы микропроцессорға байланыс қажет болатын, 
жады мен құрылғының аймақтарын сәйкестендіру үшін пайдаланылады. 
Мекенжай желілері деректерді тек микропроцессордан береді, кері бағытта 
беруге тыйым салынған. 
7.1.2. Микропроцессор құрылғысы 
 
Осыған дейін атап кеткендей, микропроцессордың құрамына: басқару 
құрылғысы 
(БҚ), 
арифметикалық-логикалық 
құрылғы 
(АЛҚ), 
процессорлық жады регистрлері кіреді. 
Басқару 
құрылғысы
компьютердегі 
барлық 
құрылғылардың 
белгіленген бағдарлама бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. басқару 
құрылғысы командалар регистрінен кезекті команданы алады, деректермен 
не істеу керек екенін анықтайды, ал сосын алға қойылған міндетті орындау 
әрекеттерінің жүйелілігін анықтайды. 
Арифметикалық-логикалық құрылғы 
бағдарлама командалары 
бойынша арифметикалық және логикалық операцияларды орындайтын 
процессордың есептеуіш құралы. 
АЛҚ 
мүмкіндіктерін 
кеңейтетін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет