Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет98/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159
Конденсаторларды 
тексеру. 
Конденсаторлар 
конструктивті 
орындалулары бойынша полярлық және полярлық емес болып бөлінеді. 
Полярлық конденсаторларға электролиттік конденсаторлар, полярлық 
емес конденсаторларға – барлық басқа конденсаторлар жатады. Полярлық 
конденсаторларды электр сызбасына қатаң белгіленген түрде қою қажет: 
плюстік контактіні — сызбаның «плюсіне», минустық контактіні — 
сызбаның «минусына». Егер, полярлық бұзылған жағдайда, конденсатор 
айтарлықтай ақау алады және тіпті жарылып кетуі де мүмкін. Әдетте, 
электролиттік конденсаторда, конденсатордың полярлығын көрсететін 
таңбалау болады. Конденсаторды тексеру үшін, конденсатордың тек 


143 
 5.3. 
ауыспалы тоқты өткізетіндігін есте сақтау қажет, ол тұрақты тоқты тек 
қуат алу барысында ең басында ғана өткізеді (сыйымдылыққа байланысты 
бірнеше секундқа немесе секунд бөлігіне), ал сосын өткізбейді. 
Мультиметрдің көмегімен, егер оның сыйымдылығы шамамен 0,25 мкФ 
асса, конденсаторды азды-көпті өлшеуге болады. Конденсаторды тексерер 
алдында, ондағы бар зарядты шығарып тастау үшін, оның шығыстарын 
алды-ала тұйықтаймыз (мысалы, бұрауыштың көмегімен). Мультиметрді 
кедергіні өлшеу тәртібіне қоямыз және сүңгілерді конденсатордың 
шығыстарына тигіземіз. 
Полярлы емес конденсаторларды тексеру жеңіл. Мультиметрдегі 
өлшеу шектерін мегаомға қоямыз және сүңгілерді конденсатордың 
шығыстарына тигіземіз. Егер, кедергі 2 МОм-нан кем болса, онда 
конденсатор жарамсыз болуы мүмкін. 
Номиналдары 0,25 мкФ-тан кем полярлы және полярлы емес 
конденсаторлар, мультиметрдің көмегімен тек қысқа тұйықталуға ғана 
(ҚТ) тексерілуі мүмкін. 
Стабилитрондарды тексеру. Стабилитронды тексеру үшін 1.5, б 
суретінде көрсетілген қарапайым сызбаны жинақтаймыз. Сызба 1,5 кОм 
шектеуші резистордан, мультиметрден, қуат беру көзінен тұрады. Қуат 
беру көзі ретінде, реттелетін шығу кернеуі бар зертханалық қуат беру 
блогын алуға болады. 
Кернеу шамасын өзгерте отырып, тұрақты кернеуді өлшеу тәртібіне 
қойылған мультиметрдің көрсеткіштерін бақылаймыз және стабилитрон 
номиналын анықтаймыз. Мысалы, 1.5, б суретінде қуат беру көзі 
кернеуінің 12 В, ал мультиметрдің шамамен 9 В екендігі көрініп тұр. Бұл 
стабилитронның жарамды екендігін және оның номиналының 9 В тең 
екендігін білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет