Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


  Балаларда  кездесетiн  транзиторлық  гипогаммаглобулинемия



Pdf көрінісі
бет346/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   459
4.  Балаларда  кездесетiн  транзиторлық  гипогаммаглобулинемия 
(баяу иммундық старт) 
Иммундық  тапшылықтың  бұл  түрi  5-8%  нәрестелерде  анықталады,  ол 
нәрестелерде  иммундық  жүйенiң  баяу  дамуымен  негiзделген.  2-5  айлық 
жастағы  жиi  сырқаттанатын  нәрестелерде  анықталады.  Көбiнесе,  жиi 
өршiмелi  iрiңдi  аурулар,  оның  iшiнде  бүйректiң  және  жоғары  тыныс 
жолдарының пиогендiк жұқпалары кездеседi. 
Өмiрдiң  алғашқы  айларында  анасынан  трансплацентарлық  жолмен 
берiлген  антиденелер,  элиминацияланады,  ал  өзiнiң  антиденелер  түзiлiсi 
әлi  қалыптаспаған.  Антиденелердiң  тапшылығы  нәтижесiнде  жұқпалы 
ауруларға  жиi  шалдығады.  Бұл  физиологиялық  құбылыс,  арнайы 
иммунотерапиясыз нәресте өмiрiнiң екiншi жылының соңында жойылады. 
Өзгермеген  лимфа  түйiндердiң  пальпациясы,  бадамша  бездердiң  қалыпты 
жағдайы гипогаммаглобулинемия диагнозына қарсы келедi.  


 
235 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет