Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет133/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   167
Карл Ясперс триада- 
сында 
(1910) анык келтірілген:
• психогенді ауру тікелей психикалык жаракат әсерінен кейін дамиды;
• ауру көріністері психожаракат мазмұнымен тікелей байланысты және ол 
ауру  клиникасында  көрініс  беріп  отырады,  олардың  арасында  психо- 
логиялык түсінікті байланыстар бар;
• аурудың  ағымы  психикалык  жаракаттың  айкындылығымен  ж әне  ак- 
туальдылығымен тығыз байланысты, психикалык жаракат шешімін тапкан 
жағдайда ауру көрінісі жоғалады немесе әлсірейді.
НЕВРОЗДАРДЫҢ  КЛИНИКАЛЫҚ  КӨ РІНІСТЕРІ
Невроздардың клиникалык көрінісі психикалык бұзылыстарға ұксас түрде 
ж әне  невроз  формасына  тәуелді  бұзылыстар  түрінде  көрініс  береді.  Жалпы 
психопатологиялык көріністер өзін дұрыс сезінудің бұзылыстарын бейнелейді 
ж әне  оларға  санды рактык  идеялар,  галлю цинациялар,  интеллектуалды- 
мнестикалык бұзылыстар және т.б.  тәрізді психикалык бұзылыстар тән емес.
Невроздың  клиникалык көрінісіне және  мәніне байланысты  оларды жеке 
аурулар тобына бөлген уакыттан  бастап,  үлкен эволюциядан өтті.  Алғаш  «не­
вроз» терминін  1776 ж. Шотландия психиатры В.  Куллен ұсынды.  Осы атаумен 
ол  кызба жағдайы  болмайтын  сезім  және  козғалыс  бұзылыстарын  және  осы 
функциялардың жергілікті немесе жалпы бұзылыстарымен байланыссыз ауру­
ларды суреттеп жазды. Ары карай невроздардың клиникасы және оларға ыкпал 
ететін  факторлар  аныктала  түсті.  Невроздардың  клиникалык  сипатын  және 
оның  пайда  болуындағы  әр түрлі  факторлардың  рөлін  бағалауда жаракаттык 
және  әскери  невроздар  және  т.б.  себепші  болды.  Невроздардың  пайда  болу 
себептері  әр  түрлі  факторлардың  кешенді  әсерімен  карастырылды:  әскери 
жағдайдың психогенді стресі, жарылыс толкынының әсері және т.б.  Бірак ары 
карай бакылау нәтижелері невроздардың дамуы тек психогенді факторлардың 
әсерімен байланысты болатынын көрсетті.


Невроздардың клиникалық көріністері
213
Біркатар жағдайларда невроздардың этиологиясын невроз бен психопатияның 
арасындағы  ерекше  катынаспен  байланыстырады.  Психопатиялык тұлғалар 
невроздардың  дамуына  аса  сезімталдык  көрсетеді.  Әрине,  дисгармониялык 
касиеттердің  болуы  невроз  туындауына  бейімдейді,  дегенмен  дисгармония 
белгілері ж ок адам  колайсыз,  психожаракаттык жағдайлар  әсерінен  неврозға 
шалдығуы мүмкін.
Н еврозды ң  жалпы  клиникалы к  белгілерінен  наукастардың  мынадай 
шағымдарын атап өтуге болады: негізсіз үреймен бірге өзін нашар сезіну, жоғары 
шаршағыштык,  тұраксыз,  көп жағдайда жабыркаулы  көңіл-күй.  Өзін  сезінуі 
және көңіл-күйі таңертеңгі уакытта көңілтоларлык, ал кешке карай нашарлай- 
тыны  байкалады.  Мұндай  өзгерістерді  наукас  еңбекке  кабілетті  жағдайда да 
сезінеді.  Олар  физикалык және  интеллектуалды  жүктемеден  тез  шаршайды. 
Бірак  демалғаннан  кейін  олар  жұмыстарын  жалғастыра  алады.  Барлы к 
наукастарға ұйкы бұзылысы тән.  Олар жиі денесіндегі жағымсыз сезімге,  ішкі 
мүшелерінің функцияларының бұзылуына шағымдар айтады.  Бұл сезімдер мен 
ауырсынулар сипаты соматикалык аурулардың белгілеріне ұксауы мүмкін.
Вегетативті  бұзылыстар  вегетативті  дистониялар  ж әне  криздер  түрінде 
көрінеді,  бұл  жағдайда  процеске  вегетативті жүйке жүйесінің  симпатикалык 
ж әне  кара  бөлімдері  араласады.  Әдетте,  дистония  фонында  кы ска  уытты 
симпатоадреналдык, вагоинсулярлык немесе аралас криздер пайда болуы мүмкін.
Вегетативті бұзылыстар коркыныш, үрей,  ипохондриялык және фобиялык 
бұзылыстармен  бірге  жүріп  отырады.  Ж иі-ж иі  жүрек  кызметінің  бұзылуы 
байкалады:  кардиологиялык  синдром  ж әне  жүрек  ритмінің  өзгеруі,  тыныс 
бұзылыстары:  дем  тарту  толымсыздығы,  тыныс  алу ритмінің  бұзылуы  және 
ларингоспазм,  асказан-іш ектік  бұзылыстар:  өңеш тщ   тарылуы,  анорексия, 
аэрофагия  (ауаны  жұтып,  кекіру)  кұсу,  гастралгия  (ауырлык,  керілу  сезімі). 
Жыныстык  бұзылыстар  кездеседі:  ерлерде  —  эрекция,  эакуляция  бұзылысы 
ж әне  жы нысты к  әуестіктің  төмендеуі,  әйелдерде  —  ж ы нысты к  әуестіктщ 
төмендеуі,  аноргазмия,  вагинизм.  Жиі  козғалыстык  бұзылыстар  байкалады: 
оғаш  позамен  өтетін  ұстамалар,  астазия-абазия  (жүріп-тұруы  мүмкін  емес), 
гиперкинездер  (бүкіл  дененің  немесе  бір  бөліктерінің дірілдеуі);  бет  бұлшык 
еттерінің тиктары; дауыс байламаларының салы (афония, кейде мутизм); кәсіби 
дискинезиялар  (жоғарғы  координациялык  козғалыстың  бұзылуы,  шикылды 
спазм синдромы). Сенсорлы бұзылыстар және сезімталдык бұзылыстары, көру 
аймағының тарылуы, сокырлык және көрудің баска да бұзылыстары байкалады 
(диплопия,  фотопсия және  т.б.),  есту  бұзылысы  (саңыраулык және  сурдому- 
тизм),  катты  дыбыстарды  көтере  алмау,  жағымсыз  сезімдер  (жансыздану, 
кұмырскалар  жорғалағандай,  ине  шаншығандай  ж әне  т.б.).  Жүйке-бұлшык 
еттік ж әне  жүйкелік-кан  тамырлык  сипаттағы  бас  аурулары,  психалгиялар 
(«каска»,  «сакина» тәріздес кыскан ауру сезімдері)  болуы мүмкін.
Невроздык бұзылыстар айкындығы колайсыз факторлардың патогенділігіне 
сәйкес келеді, онымен катар аурудың тұлғалык ерекшеліктеріне де байланысты 
болады.  Неврозды тудыруға  ыкпал  еткен  колайсыз жағдайды жойғанда және 
кажетті ем колданғанда психикалык, соматовегетативті бұзылыстар жойылып, 
наукас  сауығады.  Бірак  неврозды  тудырған  колайсыз жағдайлар  сол  күйінде


214
XII  Тарау.  Невроздар
сакталса, онда невроз созылмалы түрге ауысады. Невроздың созылмалы түріне 
созылмалы соматикалык немесе баска аурулар, психикалык аурулармен тұкым 
куалаушылык ауырлык бейімдейді. Созылмалы ағымда невроздың клиникалык 
көрінісі өзгереді.  Егер невроздың бастапкы кезеңінде оның жеке формаларын 
жеткілікті  дәрежеде  аныктау  мүмкін  болса,  кейін  келе  невроздык  симпто- 
матиканың полиморфизміне байланысты клиникалык көрінісінің айкындылығы 
төмендейді.  Невроздың негізгі формасының психопатологиялык көріністеріне 
уакыт  өте  астениялык,  депрессивті,  үрейлі-фобиялык және  ипохондриялык 
бұзылыстар косылады.
Невроздар әр түрлі жас  кезеңінде пайда болуы  мүмкін,  бірак невроз пайда 
болуына аса тән жас кезеңі 25—40 жас.  Невроздар психикалык бұзылыстардың 
ішінде жиі кездесетін түрі болып табылады.  Олардың таралуы дамыған елдер- 
де  5—15% кұрайды, яғни, әрбір оныншы адам невроздан зардап шегеді.
Невроздың клиникалык көрінісі көп кырлылыкпен ерекшеленеді. Әр түрлі 
клиникалык көріністер басым болуына байланысты невроздар бірнеше формаға 
бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет