Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытудығы «танымдық бес минут» құралы Орындағандар



бет1/3
Дата08.09.2023
өлшемі16,89 Mb.
#106680
түріСабақ
  1   2   3

Түркістан облысы
Бәйдібек ауданы
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытудығы
«танымдық бес минут» құралы
Орындағандар:
Алтаева Бақыткүл
Тұрсынбекова Жанар
Мыңжасарова Айгүл
Зиябек Нурила
Мырзабекова Ақерке
2023 жыл
Мазмұны
І.Кіріспе
Ақпараттық мәдениетке шолу
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Ақпаратық технологиялардың түрлері
2.2. Сабақтарды ақпараттық әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы ұйымдастыру
2.3. Әдіс-тәсілдерді «танымдық бес минутта» құралында қолдану.
ІІІ.Қорытынды

Кіріспе
Ақпараттық мәдениет – ақпаратпен жүйелі түрде жұмыс істей білу және оны іздеп табу, өндеу, тасымалдау үшін жаңа компьютерлік ақпараттық технологиялар мен әдістерді пайдалана білу. Ақпарат ағынында еркін бағыт – бағдар тауып өмір сүру үшін қазіргі оқушы ақпараттық мәдениетке ие болуы тиіс. Ол жалпы мәдениеттің қазіргі ажырамас негізгі бөлігі болып саналады.
Ақпараттық мәдениет адамның әлеуметтік табиғатымен байланысты. Ол адамның түрлі жасампаздық қабілеттерінің өнімі болып табылады және әр түрде байқалады.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол кеңістікте еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс- әрекетке түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейі. Э.Л. Семенюктің пікірі бойынша ақпараттық мәдениет – адамның қоғамның немесе оның бір бөлігінің ақпараттармен жұмыс істеудің барлық түрлері ақпараттарды алу, өндеу, жинақтау және осының негізінде сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу деңгейі.
Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген оқушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивті тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимде жұмыс жасау әдістерін меңгерген оқушы болуы тиіс.
Мақсаты: Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет