Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық Қабілеттерін арттыру


Тақырыбы: Боранда. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Мақсаты



бет2/22
Дата06.01.2022
өлшемі7,17 Mb.
#12687
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Тақырыбы: Боранда. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Мақсаты: Өлеңді дауыстып, дұрыс, саналы, мәнерлеп оқыту арқылы оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыра отырып, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

Көрнекілігі: сызба, сөзжұмбақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І.Бағдарлау-мотивациялық кезеңі.

Мұғалім «Дыбыстар патшалығы» жайлы әңгімелейді.

-Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр. Ал олардың үйі міне, қандай әдемі. Үйдің төбесі бар.

Еден дегеніміз төменгі таңдай, есік-еріндер. Есік бекем болуы үшін қойылған сүйек шарбақтар да бар.(тістерін көрсетеді)

Бәрі жақсы болар ма еді, қайтер еді, бірақ үй ішіне бір айдаһар кіріп орнығып алды (тілдің ұшын қимылдатады)

...Сөйтіп, ол өзінің зұлымдық істерін жасай бастады. Кейбір дыбыстарды ол емін-еркін өткізіп жіберді, міне былай, менен кейін қайталап айтып отырыңдар: а, ә, о, ы, и..... Бұл дыбыстар еріннен , яғни есіктен еркін өтіп жатты және олардың киіп алған мынадай қызыл көйлектері бар еді (оқушыларға қызыл карточканы көрсетеді) Ал басқа дыбыстардың жолына айдаһар түрлі кедергілер тұрғызады немесе есікті жауып қояды. (м-м-м) Ол т дыбысын төбеге итеріп, жасырып қояды. Айдаһар дыбыстарды біресе ысылдап шырылдауға ш, пысқырынуға ф, ысқыруға с, қырылдауға х мәжбүр етеді. Біресе дыбысты құйрығымен ұрады р (айтып көріңдерші, тіл діріл қағып тұр ма?). Бұл дыбыстар ауыздан емін-еркін шыға алмайды, Сондықтан да олар мынадай көк көйлек киіп алған (көк карточканы көрсету)

Дыбыстар

Дауысты Дауыссыз


Дыбыс кедергіге ұшырамай Дыбыс кедергіге ұшырап шығады

еркін шығады

«Көйлек кигізіп шығар» ойыны. Мұғалім дыбысты атағанда оқушылар соған сәйкес қызыл немесе көк жолақты көтереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет